Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына арналған поэзиялық кеш өткізу

Кештің ашылуы

Сахна жабық. Домбырада баяу күй ойнайды. Домбыра үнімен ілесе сахна ішінен төмендегі жолдар оқылады:

Өлең жолдары

Менен сәлем дегейсің сұрағанға,
Сұрағайсың, үй іші дін аман ба?
Өмір кешіп жатыр де ол өзінше,
Тірлік керек, әрине, тірі адамға.

Жүргізушілер сөзі

1-жүргізуші

Кеш жарық, құрметті қонақтар мен оқушылар! Жыл керуені алға жылжыған сайын Мұқағали Мақатаевтың артында қалған өшпес мұрасы — қараңғы түн қойнауынан құпия сәуле шашқан жарық жұлдыздай — жарқырап, өркендеп, айшықтала түсуде. Абайға үндес Мұқағалидай перзенті бар халық — шын мәнінде бақытты халық.

Мұқағали — өр ақын, қыран ақын,
Артында қалдырған көп ұлағатын.
Хан Тәңірдің ерке өскен мұзбалағы,
Өшпек емес өмірден, бірақ атың.

Бүгін біз ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған жыр кешіне жиналып отырмыз. Ендеше, ақынның жырларын жатқа оқитын оқушыларға кезек берейік.

10 «А» сыныбы

«Менің мақсатым»

Оқушы: ____________________

7 «Б» сыныбы

«Халыққа хат»

Оқушы: ____________________

8 «Б» сыныбы

«Жырласам ба екен»

Оқушы: ____________________

2-жүргізуші

Алай-дүлей сезім буырқанысы шарпысын: күрделі, соқталы әуеннің ұшпа бұлттары аспанда қалықтағандай. «Сәлемдеме» әнінің аңызақ желі тұрып, ағаш басын шайқайды. Сағыныш, хал-ахуал сұрау, ағайындық ақжарма наз, достық ниет — бәрі қан тамырда бүлкілдейді.

Дегейсің, болашағы қамығып жүр,
Болмаса барлығы да табылып жүр.
Құлын-тайдай тең өскен құрбыларын,
Дегейсің, сағынып жүр, сағынып жүр.

1-жүргізуші

Хан Тәңірі — ақынның биіктігі сияқты,
Таудың тарпаң мінезі — жігіттігі сияқты.
Мөлдір бұлақ арының сарқылмайтын сияқты,
Таудан көшкен көшкін қар —
Өте қысқа жаралған өмір жасы сияқты.

Келесі кезекті жыр жолдарына береміз:

Оқушы

«Пушкинмен қоштасу»

____________________

8 «Ә» сыныбы

«Қызық өмір»

Оқушы: ____________________

8 «Б» сыныбы

«Өлеңдеген тумайды жайшылықта»

Оқушы: ____________________

9 «А» сыныбы

«Музаға»

Оқушы: ____________________

2-жүргізуші

Бір оғын да далаға жібермейтін сұрмергендердей, ақын сөзінің жүрекке жетпейтіні жоқ. Шебер тіл, шегенделген ой, құсқанатты қиял — бәрі санаңды баурап алады. Оттай ыстық өлеңдер өз-өзінен әнге, толғауға, термеге сұранып тұрғандай.

Қарсы алмаса — құрысын қарсы алмаған,
Ән салып бер, әніңмен жан сал маған!
Жаңғырып жасыл тау жөнелсін бір,
Жатсын ұйып, жапанда дел-сал далам.

1-жүргізуші

Ақын жүрек елжірейді: бәрін бауырына басып, құшқысы келеді. Сағыныш пен қимастық — сыңғырлаған сыр секілді.

Армандайды дегейсің, қиялдайды,
Қайда барса, бір басы сия алмайды.
Сендер оны ұмытып кетсеңдер де,
Дегейсің, сендерді ол қия алмайды.

9 «Б» сыныбы

«Жаным, сен жасымағын»

Оқушы: ____________________

8 «Б» сыныбы

«Ақ қыздар, арым таза алдарыңда» / «Қыздарға»

Оқушы: ____________________

9 «А» сыныбы

«Ғашықпын»

Оқушы: ____________________

1-жүргізуші

Қай жырына көз жүгіртсең де, бейжай оқи алмайсың: көңіл қобалжиды. Ақын көкірегінің күрсінісі көзге жас үйіреді; домбыра шанағында мұңның дірілі тұнып, амалсыз сыртқа шығады.

Туған жер сағындырды, келді есіме,
Өзім енді кепіл оны көрмесіме.
Тағыдай тауда өскен тарлан едім,
Таңылдым емхананың бөлмесіне.

Өмірдерек және туған өлке

2-жүргізуші

Мұқағали Мақатаев 1931 жылғы 9 ақпанда Алматы облысы, Нарынқол ауданы, Қарасаз ауылында дүниеге келген. Әкесінен ерте айырылып, әжесі Тиіннің тәрбиесінде өседі. Қазақ радиосында диктор болып жұмыс істейді, түрлі газет-журналдарда қызмет атқарады.

О, дәурен, неткен ғажап сүйікті еді,
Жайылған жасыл маңда киіктері.
Отырған оңашада биіктегі,
Жататын таңғы самал сүйіп мені.

Туған жер тақырыбы

Ақын туған өлкенің көркін, таулы аймақтың табиғи келбетін бір сәт те назарынан шығармайды. Қозы қайырып, көбелек қуып өскен өз ауыл-аймағын алға тартып, құлпырған бел-белесін, жусанды кеңдігін, самалды сәтін жырға айналдырады.

Ән

«Саржайлау»

Орындайды: ____________________

Жас ақындарға кезек

1-жүргізуші

Ақынды ақын оятпаса болмайды,
Ақынды ақын таяқтаса — ол қайғы.
Ақынды ақын сүйемесе болмайды,
Ақынды ақын күйелесе — ол қайғы.
Ақын деген — лапылдаған өрт екен,
Ақындардың жанып өту — серті екен.

Келесі кезекті мектебіміздің жас ақындарына береміз.

Күнделіктен үн

2-жүргізуші

«Менің қымбатты достарым! Егер шынымен менің өмірбаянымды, шығармашылығымды зерттемек болсаңдар, мен не жазсам — соның бәрін түгел оқып шығуды ұмытпағайсыңдар! Мені өз өлеңдерімнен бөліп қарамауларыңызды өтінем. Естеріңізде болсын: менің өлеңім жеке тұрғанда түк емес. Біріктіріп қарағанда ол поэма іспетті. Басы және аяғы бар. Ол кейде күлімдеген, кейде түңілген жанымның дәл дауысындай... Жанымның мұңы мен қуанышы — бәрі сонда. Солар басқа жүректерге өз сәулесін түсіруге тиіс деп ойлаймын».

14 ақпан, 1976 жыл

Күнделіктен үзінді

Осы тұста Мұқағали күнделігінен үзінді оқылады.

1-жүргізуші

«Мен елу жылдығымды тойлауға қатыса алмаймын. Бірақ өмірден кеткенше қысылмай жететін жырлар жазып кеттім. Ол сендерді асырайды, туған жерім Қарасаздың да атын әлемге жаяды», — деп қалай дәл айтқан десеңізші.

Білемін, керемет бір күн күледі,
Жайнайды жасыл бағым, гүлденеді.
Көремін, керемет бір күн кешемін,
Болашағым, сенімен бірге өсемін.

Қорытынды

Хан Тәңіріндей асқақ Мұқағали ақынның есімі біздің мәңгі жадымызда сақталады. Ол Қарасазымен бірге мәңгі жасайды — жырымен, үнімен, ел жүрегіндегі шын сағынышымен.