Оқушылардың білімін өмірде қолдана білуге үйрету
Сабақ тақырыбы
Танымдық сайыс сабақ: «Қызықты математика»
Сабақ мақсаты
- Оқушылардың білімін тереңдету, пәнге қызығушылығын арттыру, шығармашылық ізденісін дамыту.
- Логикалық ойлауын, есте сақтауын, ой-өрісін және танымдық қабілетін жетілдіру.
- Білімді өмірде қолдануға үйрету, пәннің қажеттілігін сезіндіру, еңбекқорлық пен жолдастық қарым-қатынасты нығайту.
Сабақ көрнекілігі
Интерактивті тақта, слайдтар, топтық тапсырмалар, қажетті құрал-жабдықтар, ұпай көрсеткіштері.
Нақыл сөздер
«Математиканың өз тілі бар — ол формула.»
«Ақыл-ойды тәртіпке келтіретін — математика, сондықтан да оны оқу керек.»
Сабақ барысы
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Жарыс десе жаныңыз, жасырғанды табыңыз.
Күш сынасып көрейік, жеткенінше әліңіз — бар өнерін салады.
Білімді, көп оқыған болсаңдар, бүгінгі күннің жеңімпазы боласыңдар.
Топтар
I топ
Бүркіт
Ұран: «Қандай сынақ болса да берілме, әрқашан үміткерміз жеңіске!»
II топ
Қыран
Ұран: «Жарыс десе жанамыз, бүгінгі күн жарыста алғырлықпен аламыз!»
Қиындықтан ешқашан қашпаймыз — сайысқа дайынбыз, тапқырлықты ұштаймыз.
Қияға самғаған құстаймыз: мақсатымыз бір, жеңіске бастаймыз. Сәтті болсын сапарымыз әрдайым!
1-кезең: Өзара бірмәнді сәйкестік
I топқа тапсырма
Логикалық есеп (мамандықтарды анықтау)
Шағын қалада Исаев, Пернешов, Сейтжанов, Ғаниев және Асанов атты бес дос тұрады. Олардың мамандықтары әртүрлі: бірі — сылақшы, екіншісі — диірменші, үшіншісі — ағаш ұстасы, төртіншісі — пошташы, бесіншісі — шаштараз.
- Пернешов пен Ғаниев сылақ қалағын өмірі ұстап көрмеген.
- Исаев пен Ғаниев досы жұмыс істейтін диірменге бармақ.
- Пернешов пен Исаев пошташы тұратын үйде тұрады.
- Исаев пен Сейтжанов әр жексенбі сайын ағаш ұстасы және сылақшымен «қалашық» ойынын ойнайды.
- Пернешов өзіне және диірменшіге футболға екі билет сатып алды.
Мақсат:
Әрқайсысының мамандығын анықтаңдар.
| Аты-жөні | Мамандық |
|---|---|
| Исаев | |
| Пернешов | |
| Сейтжанов | |
| Ғаниев | |
| Асанов |
II топқа тапсырма
Логикалық есеп (қалаларды анықтау)
Бір күні олимпиадада дөңгелек үстел басына Астана, Алматы, Қарағанды, Атырау, Тараз қалаларынан келген Ұлан, Төлеген, Әли, Кенже, Болат есімді бес оқушы жиналды.
- Астанадан келген бала Тараздық бала мен Болаттың ортасында отыр.
- Алматылық бала Ұлан мен Төлегеннің ортасында отыр.
- Оған қарама-қарсы бетте Атыраудан келген бала мен Әли отыр.
- Кенже Алматыда бұрын-соңды болып көрмеген.
- Ұлан Астанада да, Таразда да болмаған.
- Тараздық бала Төлегенмен үнемі хат алысып тұрады.
Мақсат:
Балалардың әрқайсысы қай қалада тұратынын анықтаңдар.
| Оқушы | Қала |
|---|---|
| Ұлан | |
| Төлеген | |
| Кенже | |
| Әли | |
| Болат |
2-кезең: «Қас-қағым сәт»
I топқа
- Төрт қойдың неше аяғы бар?
- Егер тырна бір аяғымен тұрса 3 кг болса, екі аяғымен тұрса салмағы қанша?
- Ағаш бұтағында 100 торғай отыр. Аңшы 10 торғайды атып алды. Неше торғай қалады?
- 1 т мақта ауыр ма, әлде 10 центнер темір ауыр ма?
- Сенің әке-шешең көршіңе кім болады?
- Қиылыспайтын екі түзу қалай аталады?
- Қарындасы 4 жаста, ағасы 6 жаста. Қарындасы 6-ға толғанда ағасы неше жаста болады?
- Математикада неше цифр бар?
- 100-дің оннан төрт бөлігі нешеуге тең?
- Қандай санның жазылуында қанша әріп болса, сонша цифр бар?
II топқа
- Бес тырнаның неше аяғы бар?
- Тауық бір аяғымен тұрса 2 кг болса, екі аяғымен тұрса салмағы қанша?
- Бір жанұяда бес ұл бар, олардың әрқайсысының қарындастары бар. Жанұяда барлығы неше бала?
- 1 кг тұз ауыр ма, әлде 1000 г мақта ауыр ма?
- Сабақтан неше рет қалуға болады?
- Тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу қалай аталады?
- Адам жүрегі бір минутта 5 л қан айдаса, 1 сағатта қанша литр қан айдайды?
- Велосипедші жолда неше жастан бастап жүре алады?
- 80-нің оннан төрт бөлігі неше?
- 66 санын ешқандай амал қолданбай, тура жартысына арттыруға бола ма?
3-кезең: Математика — күнделікті өмірімізде
Өмірде ойлап қарасақ, бәрі де есеп: ауырсаң ішетін дәрің де есеп. Есепсіз өткен өмір мазмұнсыз-ақ — дүниенің бар тұлғасы есеп десек болады.
Жағдаят
«Анамның тапсырмасы»
«Балам, мына 5 000 теңгеге төмендегі заттарды алып кел. Қалған ақшаны есептеп, тексеріп ал».
Сатып алу тізімі
- Кәмпит1 кг 200 г
- Кәмпит1 кг 300 г
- Жаңғақ600 г
- Жаңғақ700 г
- Тоқаш15 дана
- Бәтер14 дана
- Картоп3 кг 350 г
- Қызылша1 кг 500 г
- Сәбіз1 кг 350 г
- Сарымсақ2 кг 300 г
- Күріш3 кг 500 г
- Қант3 кг 450 г
Бағалар (стол үстіндегі)
| Тауар | Бағасы |
|---|---|
| Кәмпит (1 кг) | 1400 тг |
| Кәмпит (1 кг) | 1600 тг |
| Жаңғақ (1 кг) | 1700 тг |
| Тоқаш (1 дана) | 12 тг |
| Бәтер (1 дана) | 11 тг |
| Картоп (1 кг) | 100 тг |
| Қызылша (1 кг) | 150 тг |
| Сәбіз (1 кг) | 120 тг |
| Сарымсақ (1 кг) | 80 тг |
| Күріш (1 кг) | 180 тг |
| Қант (1 кг) | 140 тг |
Тапсырма: жалпы шығынды есептеп, қалған ақшаны анықтаңдар.
4-кезең: «Әкеме көмек» (практикалық есептер)
I топқа
Жөндеу кезінде бөлменің периметрі 48 м, ені 6 м. Бөлмеге линолеум төсеу үшін ені 2 м линолеумнан неше метр қажет?
II топқа
Бөлменің өлшемдері: ұзындығы 12 м, ені 7 м, биіктігі 3 м. Бөлмеде өлшемі 2 м × 2 м екі терезе және өлшемі 2 м × 2 м бір есік бар. Тұсқағаз орамдарының ұзындықтары: 8 м, 7 м, 6 м. Неше орам қажет және қайсысы тиімді?
5-кезең: «Кім көп біледі?»
Білім деген биік шың — бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың — қиындықтан өткізер.
Ереже: ішінде математикалық саны бар мақал-мәтелдерді кезекпен айтыңдар. Тоқтап қалған топ жеңіледі.
Бағалау және қорытынды
Мұғалім топтардың жұмысын саралап, ұпайлар бойынша бағалайды. Сабақ соңында тақтадағы нақыл сөздерге сүйене отырып қорытынды жасайды.
Сабақ аяқталды.