Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі

Сабақтың тақырыбы

Кенесары Қасымұлы бастаған 1837–1847 жылдардағы ұлт-азаттық көтеріліс (презентациямен).

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік мақсат

Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс туралы жан-жақты мағлұмат беру. Көтерілістің мақсаты, барысы, нәтижесі және тарихи маңызы жөнінде білім қалыптастыру.

2) Дамытушылық мақсат

Патша үкіметіне қарсы бұған дейінгі білімді толықтыра отырып, жаңа білімді меңгеруде өзіндік ой қорытындыларын жасауға дағдыландыру.

3) Тәрбиелік мақсат

Бұл көтерілістің қазақтың үш жүзін және бүкіл қазақ даласын қамтыған ең ірі қозғалыстардың бірі болғанын, сондай-ақ қазақ халқының тәуелсіздікке бағытталған күресінің маңызды белесі екенін ұғындыру. Тәуелсіздіктің қиындықпен келген қастерлі құндылық екенін түсіндіріп, оны баянды ету әр ұрпақтың міндеті екенін санаға сіңіру.

Сабақтың барысы

1) Өткенді қайталау

«Қазақстанда отаршылдық езгінің күшеюі» тақырыбы бойынша тақтаға 10 сұрақ шығарылады. Оқушылар жауап бергеннен кейін төмендегі бағалау нормаларына сүйеніп, өзін-өзі бағалайды.

Сұрақтар

  1. Жаңаелек шебі қашан құрылды?
  2. Жоламан Тіленшіұлы бастаған көтеріліс қашан болды?
  3. Жаңаелек шебін жасау кезінде қазақтар қанша жерінен айырылды?
  4. Патша үкіметі Ғұбайдулланы қайда, қандай қызметке тағайындады?
  5. Қандай ережеге сай қазақтар тағы да 4 млн десятина жерінен айырылды?
  6. 1825 жылғы жазалаушы экспедиция қай өзендердің бойындағы қазақтарды аяусыз қырып-жойды?
  7. Жаңаелек шебі құрылғанға дейін Елек өзені бойында қандай рулар көшіп-қонып жүрді?
  8. Елек өзені бойында негізі қаланған бекініс-қорғандарды атаңыз.
  9. Саржан Қасымұлының жасағы қашан патша үкіметі әскеріне ашық шабуылға шықты?
  10. Жаңаелек шекара шебінің құрылысы қашан аяқталды?

Дұрыс жауаптар

  1. 1810 ж.
  2. 1822–1825 жж.
  3. 600 мың десятина.
  4. Көкшетау округі, аға сұлтан.
  5. 1835 жылғы 8 наурыздағы «Орынбор губерниясының қырғыз (қазақ) даласы мен шекарасында жаңа шекара шебін құру туралы» ереже.
  6. Бұлдырты, Шиелі, Тамды өзендері бойындағы қазақтар.
  7. Тама, табын рулары.
  8. Изобильная, Боранды, Жаңаелек, Линев, Көмірлі, Вятлянская, Бердянская.
  9. 1826 жылғы 31 қаңтар.
  10. 1822 ж.

Бағалау нормалары

  • 10–9 дұрыс жауап — «5»
  • 8–6 дұрыс жауап — «4»
  • 5–4 дұрыс жауап — «3»
  • 2–1 дұрыс жауап — «2»

Еске түсірейік

Патша үкіметіне қарсы қандай көтерілістермен таныстық? Бүгінгі қарастырылатын тақырып — солардың ішіндегі ең ірілерінің бірі.

2) Жаңа тақырып

1837–1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс.

Жоспар

Бұл сабақта төмендегі мәселелер қарастырылады:

  1. Көтерілістің себептері, мақсаты және қозғаушы күштері.
  2. Кенесары Қасымұлы — аса көрнекті мемлекет қайраткері.
  3. Көтерілістің басталуы.
  4. Қазақ хандығының қалпына келтірілуі.
  5. Ханның алым-салық және сауда-саттық саясаты.
  6. Қарулы күштердің құрылуы.
  7. Патша үкіметінің жазалау әрекеттері.
  8. Долгов және Герн бастаған елшіліктердің Кенесары ордасына келуі.
  9. Кенесары Қасымұлының Қоқан хандығымен күресі.
  10. Кенесары әскерлерінің Ұлы жүз аумағына қарай шегінуі.
  11. Көтерілісшілердің Қырғызстан аумағындағы қимылдары.
  12. Көтерілістің жеңілу себептері мен салдары. Тарихи маңызы.