Мақалдың жалғасын тап
Сабақ жоспары (Тіл дамыту, 4-сынып)
Сабақтың тақырыбы
Жүйелі жұмбақ, мәнді мақал
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Мақал-мәтелдерді оқу және жұмбақтарды шешу арқылы төрт түлік мал туралы мәлімет беру.
Дамытушылық
Ауызша сөйлеу тілін, сөздік қорын, есте сақтау және ойлау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік
Еңбекті бағалауға, үй жануарларын құрметтеуге, оларды қорғап, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Қажетті ресурстар
Көрнекіліктер
- Үй жануарлары мен төлдерінің суреттері
- Слайдтық тапсырмалар
Сабақ әдістері
- Сұрақ-жауап
- Тест
Негізгі тақырыптық бағыт
Отан, еңбек және төрт түлік мал туралы тапсырмалар орындау.
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, назарларын сабаққа аудару.
II. Өткенді қайталау
Бір жылда қанша мезгіл бар?
Қазір жылдың қай мезгілі?
III. Жаңа сабақ
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланады: бүгін біз «Жүйелі жұмбақ, мәнді мақал» тақырыбы бойынша жұмыс жасаймыз. Отан, еңбек және төрт түлік малға қатысты тапсырмалар орындаймыз.
Тапсырма 1
Мақалдың жалғасын тап
Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын анықтап, мағынасын түсіндіру.
Тапсырма 2
Ұйқасын тап
Сөздердің ұйқасын тауып, сөйлемді дұрыс құрастыру.
Тапсырма 3
Сурет бойынша жұмбақ шешу
Суреттерге қарап, жұмбақтардың шешуін табу.
IV. Сергіту сәті
Өлең 1
Ормандағы аюдың,
Құлпынайы көп екен.
Теріп-теріп алайық,
Қалтамызға салайық.
Өлең 2
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай балапан,
Үп-үлкен боп өседі.
Тапсырма 4
Математикалық мақал-мәтелдер
Сандар мен есепке қатысты мақал-мәтелдерді табу және қолдану.
V. Дәптермен жұмыс
Тапсырма 5
Тыйым сөздерді дәптерге жазу
- Малды аяқпен теппейді.
- Балағаттап, боқтамайды.
- Жатқан малдың үстінен аттамайды.
- Малға «кет» деп дауыс көтермейді.
VI. Қорытындылау
Білімді бекітуге арналған тест тапсырмалары орындалады.
VII. Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы, тапсырмаларды орындауы және жауаптарының толықтығы бойынша бағаланады.
Қорытынды тақырып: «Жүйелі жұмбақ, мәнді мақал»