Көктемдей жайнап гүл ашсын
Аналардың көңілі көктемдей жайнап, гүл ашсын!
Құрметті әжелер мен аналар, қадірлі балабақша қызметкерлері! Бүгін сіздерді көптен күткен 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз.
Мектепалды даярлық тобының «Аналардың көңілі көктемдей жайнап, гүл ашсын!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер. Ендеше, бүлдіршіндерімізді ортаға шақырайық.
Көрініс: «Қыздар қайда?»
Сахналық нұсқау
Ұлдар залға кіріп, саппен жүріп келеді. Жарты шеңберге тұрып, жан-жағына қарап, таңданысын білдіреді.
Мұслим: Мына қараңдаршы, залдың іші қандай әдемі болып кетіпті!
Балалар: Иә, шынымен!
Сайлау: Ата-аналар да жиналып қалыпты.
Диас: Балалар, біздің топтың қыздары қайда?
Балалар: Білмейміз.
Диас: Бүгін қыздардың мерекесі ғой!
Мұслим: Ата-аналар, біздің топтың әдемі қыздарын көрдіңіздер ме?
Ата-аналар: Жоқ, көрмедік.
Бақдәулет: Гүлсім Тілеулесқызы, мүмкін сіз көрген шығарсыз біздің топтың сұлу қыздарын?
Г. Тілеулесқызы: Жоқ, көрмедім.
Диас: Света Жайшылыққызы, сіз де көрмедіңіз бе?
С. Жайшылыққызы: Жоқ, көрмедім.
Сахналық нұсқау
Осы кезде қыз балалар бір-бірінің қолынан ұстап залға кіреді. Ұлдар қуанып қарсы алады.
Ұлдар: Міне, біздің топтың қыздары келе жатыр!
Қыздар (ұлдардың қасына келіп, қолдарын белдеріне қойып): Ұлдар, сендерге не болды? Неге бізді топта қалдырып кеттіңдер?
Ұлдар: Қыздар, кешіріңдер! Мерекелерің құтты болсын!
Бақдәулет: Ұлдар, не тұрыс? Қыздарды биге шақырайық!
Сахналық нұсқау: Ұлдар мен қыздар вальс билейді. Би аяқталған соң орындықтарының қасына барып тұрады.
Тәрбиешінің құттықтауы
Қадірлі әжелер мен аналар! Көңілдеріңіз көктемдей жайнап, гүл ашсын. Бақытқа толы өміріңіз — шаттыққа ұласа берсін.
Балалар, сендердің әжелерің бар ма? Әжелеріңді жақсы көресіңдер ме?
Дұрыс-ақ! Әжелеріміз — мейірімді, сүйікті жандар. Олар бізді өте жақсы көреді, ертегі айтып береді. Ал сендерде неше әже бар?
Балалар: Екі әжеміз бар: туған әже және нағашы әже.
Ендеше, әжелерімізге арнап өлең-тақпақтарымызды айтайық.
Әжеге арналған өлеңдер
Ерасыл
Бүгін наурыздың сегізі —
Сұлулықтың негізі.
Әдемі сөз адамның —
Анаға айтар лебізі.
Армысың, әжелерім, аналарым,
Мейірбан, аппақ көңіл даналарым!
Гүл көктемнің алғашқы мейрамымен
Құттықтайды сіздерді балаларың.
Әсем
Менің әжем — жыр әжем,
Шуағы мол — нұр әжем.
Ақ таяққа сүйеніп,
Аман-есен жүр, әжем.
Мені әжем — жыр әжем,
Ұл мен қыздың бағы — әжем.
Ертегі айтып бер десең,
Айтып берер тағы әжем.
Темірлан
Әже деген көп шығар,
Әжемдей менің жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай әсем күлкісі.
Ертегі қандай көп еді,
Күнде айтып береді.
Қуанатын балаша —
Әжем менің тамаша.