Ашық дауыстылар

Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Нағи Ілиясов ауылы

№132 Түймебай Айтбаев атындағы мектеп

Қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәні мұғалімі: Рзахия Мухан Карбозқызы

Сабақ жоспары Фонетика Практика

Сабақтың тақырыбы

Ашық және қысаң дауыстылар

Сабақтың түрі

Баяндау, талдау сабағы

Әдіс-тәсілдері

Түсіндіру, сұрақ-жауап, жаттығу, салыстыру

Көрнекілігі

Кесте, үлестірмелер

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға ашық және қысаң дауыстылар туралы түсінік беру, олардың жасалу жолдарын меңгерту.

Тәрбиелік

Оқушыларды табиғатты, қоршаған ортаны сүюге тәрбиелеу.

Дамытушылық

Дауысты дыбыстардың түрлерін ажырату дағдыларын арттыру, ойлауын, тілін және зейінін дамыту.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу.
  2. Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.
  3. Зейінді сабаққа шоғырландыру.

II. Үй тапсырмасын тексеру

  • Дауысты дыбыстар, жуан және жіңішке дауыстылар туралы түсінік.
  • 104-беттегі тапсырмаларды тексеру.

III. Білімді тексеру

Өздік жұмыс + тест

Тапсырма

Төмендегі сөзге фонетикалық сатылай кешенді талдау жасаңыз: мектеп.

Үлгі: «ана»

  • Үш дыбыс, үш әріп.
  • Екі дауысты (а, а), бір дауыссыз дыбыс (н).
  • А — жуан, ашық, езулік дауысты дыбыс.
  • Н — үнді дауыссыз дыбыс.
  • «а-на» — екі буынды сөз; «а» — ашық буын, «на» — ашық буын.

Тест сұрақтары

  1. 1) Қазақ тілінде қанша әріп бар?

    A) 42    Ә) 37    Б) 36

  2. 2) Дыбыстың белгісін табыңыз.

    A) айтылады    Ә) жазылады    Б) көрінеді

  3. 3) Жуан дыбысты сөздерді табыңыз.

    A) а, ә, о, ө    Ә) ғ, г, д, ж    Б) о, ы, ұ, а

  4. 4) Қай дыбыс дауысты да, дауыссыз да бола алады?

    A) у    Ә) ы    Б) й

IV. Жаңа сабаққа дайындық

  1. Сабақ тақырыбын тақтаға жазу.
  2. Сабақ мақсатын түсіндіру.

V. Жаңа тақырыпты түсіндіру

Жақтың ашылу қалпына қарай дауысты дыбыстар ашық және қысаң болып екіге бөлінеді.

Ашық дауыстылар

Жақтың кең ашылуы арқылы жасалады.

а ә о ө е э

Қысаң дауыстылар

Жақтың тар ашылуы арқылы жасалады.

ы і и у ү ұ

VI. Түсінікті тексеру

Шығармашылық диктант

Төмендегі сөздерді қатыстырып, сөйлем құрап жазыңыз:

1-топ: Мұндай, тұқым, үлкен, күрес.

2-топ: Бұлбұл, мазмұн, мағлұмат.

3-топ: Бүрсігүні, Бибігүл, аққұтан.

4-топ: Жұлдыз, ұшқыш, күндіз.

Сөздерді кестеге орналастыру

Берілген сөздер: Ауыл, елорда, астана, өкіл, тіл, кең, әсем, өсімдік, пайдалы, тәуелсіз, ұлт, күш, дыбыс, қатаң, ата-ана, кітап, қазір.

Ашық дауыстылар Қысаң дауыстылар Аралас дауыстылар

Оқушы толтырады.

Оқушы толтырады.

Оқушы толтырады.

VII. Жаңа сабақты бекіту

Оқулықпен жұмыс

  • 244-жаттығу: мәтінді көшіріп, ашық дауыстылардың астын сызыңыз.
  • 245-жаттығу: жұмбақтардың шешуі қай дыбыс екенін анықтаңыз және оның дауыстылардың қай түріне жататынын белгілеңіз.

Қосымша тапсырма

Мәтіннен ашық дауысты дыбыстарды бір бөлек, қысаң дауысты дыбыстарды бір бөлек теріп жазыңыз.

VIII. Қорытынды бекіту

Дұрыс/бұрыстығын анықтаңыз

  1. Дауысты дыбысты айтқанда ауа еркін шығады.
  2. Дауыссыз дыбыстар үн мен салдырға қарай бөлінеді.
  3. Дауысты дыбыс тілдің қатысына қарай қатаң-ұяң болып бөлінеді.
  4. Әріптердің реттелген қатары алфавит деп аталады.
  5. Қазақ тіліндегі дыбыстардың ең көбі — ұяң дыбыстар.

Сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Қазақ тіліне тән дауысты дыбыстар қайсы?
  2. Қандай дауысты дыбыстар жуан-жіңішке болып жұптасады?
  3. Әріп деген не?
  4. Әріп пен дыбыстың айырмасы қандай?
  5. «Алфавит» сөзінің қазақша атауы қандай?
  6. Жақтың қатысына қарай дауысты дыбыстар қалай бөлінеді?

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Оқушылардың тапсырмаларға қатысуы, жауаптарының дәлдігі және талдау жұмысының толықтығы бойынша бағаланады.

Үйге тапсырма

«Ашық және қысаң дауыстылар» тақырыбы бойынша 246-жаттығуды орындау.

Қажет болса: толық нұсқасын жүктеу.