Елтаңбаның авторлары

Сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтиже

Мақсаты

Мемлекеттік рәміздер туралы мәлімет бере отырып, оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамытуға жағдай жасау.

Оқу нәтижесі

  • Мемлекеттік рәміздер тарихынан мағлұмат алады.
  • Тақырып бойынша топпен, жұппен және жеке жұмыс жасай алады.
  • Ойын жүйелі түрде жеткізе біледі.

Әдіс-тәсілдер

  • Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау
  • АКТ-ны пайдалану
  • Талантты және дарынды балаларды оқыту
  • Жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту
  • Оқытуды басқару және көшбасшылық

Дереккөздер

  • Оқулық
  • Тірек сызбалар
  • Кластер
  • Сөздіктер
  • Жұмыс парақшалары
  • Стикерлер

I. Қызығушылықты ояту

«Ой қозғау» стратегиясы арқылы оқушылардың бастапқы білімін анықтау және тақырыпқа бағыттау.

Сұрақтар

  • Қазақстан қандай мемлекет?
  • Қазақстан Республикасының Президенті кім?
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін білесің бе?

II. Мағынаны тану

1) Сөздікпен жұмыс

Сөздерді оқып, мағынасын салыстырыңдар және қолданылуын талқылаңдар.

Рәміз

белгі · нышан · таңба

Аясында

айналасында · аумағында · көлемінде

Мата

шүберек

Бейбітшілік

тыныштық · татулық

Төменгі жағында

астында

Бостандық

еркіндік · тәуелсіздік · теңдік

Бейнеленген

көрсетілген · салынған

Біркелкі

бірдей · бірыңғай · бірқалыпты

Болашақ

келешек · алдағы уақыт

Дәстүрлі

әдетке айналған · салтқа енген

Ені

кеңдігі · жалпақтығы

Ұзындығы

ұзына бойы

Рухын көтеру

жігерлендіру

Мән

значение

Отырыс

мәжіліс · жиналыс

Жадында

есінде · ойында

Серпіліс

өзгеріс

Рәсім

салтанатты кеш

Композитор

сазгер

Қастерлеу

сақтау · қорғау

Ту

байрақ · жалау

2) Мәтінмен жұмыс (жұптық)

Оқушылар жұппен екі мәтінді оқиды. Оқу барысында «Түртіп алу (INSERT)» стратегиясы бойынша белгі қояды және мәтінді орыс тіліне аударады.

INSERT белгілері

  • V — білемін
  • - — білмеймін
  • + — жаңа мәлімет
  • ? — тереңірек білгім келеді

Оқушылардың жұмысы тыңдалады. «Жұптасың, талқыла, ортаға сал» стратегиясы бойынша әр жұп тапсырмаларды орындайды: өзара сұрақ қойып, жауапты мәтіннен тауып оқиды.

3) Жұппен жұмыс: Қазақстан рәміздері

I. Мәтінді толықтырыңыз (Елтаңба)

  1. Елтаңбаның жүрегі — ...
  2. Шаңырақ — мемлекеттің түп негізі — ...
  3. Сонымен қатар шаңырақ — ... білдіреді.
  4. Шаңырақ — қазақ өмірінің алтын қазығы болған киіз үйдің ...
  5. Тұлпар — даланың, ер-азаматтың көмекшісі, ... бейнесі.
  6. Қанатты тұлпар ... біріктіреді.
  7. Жұлдыз адамға ... көрсетеді.

Елтаңба авторлары

Ж. Мәлібеков пен Ш. Уәлиханов

Керекті сөздер

жол, Уақыт пен Кеңістік, бостандықтың, күмбезі, күн шеңберін, отбасының бейнесі, шаңырақ.

II. Дұрыс сөйлемді табыңыз (Ту)

  1. Мемлекеттік ту көгілдір түсті.
  2. Күн, арай, қыран және ою-өрнек қызыл түсті.
  3. Тудың авторы — Шәкен Ниязбеков.
  4. Көгілдір түс ашық аспанды білдірмейді.
  5. Қыран құс — билік пен батырлықтың бейнесі.
  6. Алтын күн — тыныштық пен байлықтың, уақыттың белгісі емес.

III. Сөздерді дұрыс орын тәртібімен қойыңыз

  1. Түсті, көгілдір, ту, мемлекеттік
  2. құс, қыран, билік, бейнесі, батырлықтың
  3. аспанды, ашық, көгілдір, түс, білдіреді
  4. авторы, тудың, суретші, Шәкен Ниязбеков
  5. бейбітшіліктің, пен, тыныштық, жақсылықтың, көк, аспан, нышаны

IV. Сұрақтарға жауап беріңіз

  1. Қазақстан Республикасы қайда орналасқан?
  2. Қазақстан қандай мемлекет?
  3. Қазақстанның Ата заңы қай жылы қабылданды?
  4. Еліміздің жері қандай?

V. Сөздердің сыңарын табыңыз

Сол жақ

  1. Қазақстан
  2. президенттік
  3. біртұтас
  4. алтын

Оң жақ

  • a) мемлекет
  • ә) басқару
  • б) Республикасы
  • в) қазына

III. Ой-толғаныс

Түйін

Мемлекеттік рәміздер — еліміздің қасиетті белгісі. Оларды білу, құрметтеу және қорғау — әр азаматтың парызы.

Тест сұрақтары

Ұлттық ою-өрнек қайда бейнеленген?

  • a) Әнұран
  • ә) Елтаңба
  • б) Ту

Шұғылалы күн қайда орналасқан?

  • a) тудың ортасында
  • ә) Елтаңбада
  • б) тудың сабында

Шәкен Ниязбеков қай рәміздің авторы?

  • a) Ту
  • ә) Елтаңба
  • б) Әнұран

«Қазақстан Республикасының рәміздерін білу — менің міндетім».