Сұрақ таңдап жауап беру

Ойынның мақсаты

  • Оқушылардың алған білімін тексере отырып, ақыл-ой өрісін жан-жақты дамыту.
  • Сұрақ қою және жұмбақ шешу арқылы ұлттық тәрбие мен Қазақстан патриотизмін қалыптастыру.
  • Ойын арқылы білімге деген ынтаны нығайту.
  • Ана тілін қастерлеуге тәрбиелеу.

Ойынның шарты

Ойынға әрқайсысында 2 оқушыдан тұратын 5 топ қатысады.

Ойыншылар жауапты сигналдық карточкалар арқылы береді. Карточкаларда 1, 2, 3 сандары жазылған.

Дұрыс жауап берген топ жұлдызша алып, бір қадам алға жылжиды.

Әр тапсырмадан кейін тапсырманы орындамаған топ ойыннан шығады. Соңында қалған бір топ жеңімпаз атанады.

Ойынның барысы

1) Таныстыру

Жұрт көңіліне жетсін әрбір сөздерің,

Көпшіліктің жеткізіңдер көздерін.

Дәстүрімен бүгінгі сайыстың,

Әрбір топ таныстырсын өздерін.

Әр топ қысқаша таныстыру жасайды.

2) Өз өнерін көрсету

Үй тапсырмасы ретінде әр топ өз өнерін көрсетеді (өлең, көрініс, ән, т.б.).

3) Сұрақ-жауап (Қазақстан туралы)

А) Қазақстан туының түсі

  1. 1. Жасыл
  2. 2. Қызыл
  3. 3. Көк

Ә) Қазақстанның астанасы

  1. 1. Алматы
  2. 2. Ақтөбе
  3. 3. Астана

Б) Көшпелі қазақ үйінің атауы

  1. 1. Изба
  2. 2. Чум
  3. 3. Киіз үй

В) Заң шығарушы орган

  1. 1. Президент
  2. 2. Халық
  3. 3. Парламент

Г) ҚР тұңғыш президенті Н. Назарбаев қай жылы сайланды?

  1. 1. 1991 жылы 1 желтоқсан
  2. 2. 1991 жылы 11 қаңтар
  3. 3. 1989 жылы 26 қазан

Кезеңнің ұраны

Жылдар – жылдар тарихтың мол беттері,

Сен әкелсең жақсылықтар көп тегі.

Көңілді шат сезімге баулиды —

Халқымыздың бүгінгісі мен ертеңі.

4) «Әліпбиді біліңдер» (сөз құрау)

Біздің қазақ тілінде 42 әріп бар.

Ортаға 8 кубик тасталады. Кубиктердегі әріптерден сөз құралады.

Қай топтың құрастырған сөзіндегі әріп саны көп болса, сол топ алға шығады.

Сөздік қор Жылдамдық Команда жұмысы

Көрермендерге сергіту сәті

Ойыншылар сөз құраған уақытта көрермендермен қысқа сергіту ұйымдастырылады.

5) Тақырып таңдап, сұраққа жауап беру

Тақтада бірнеше тақырып беріледі. Әр топ бір тақырыпты таңдап, сол бойынша сұраққа жауап береді.

Математика

Кітапханада 5 бөлме, әр бөлмеде 10 шкаф, әр шкафта 5 сөре бар. Кітапхананың сөресі нешеу?

  1. 1. 18
  2. 2. 150
  3. 3. 250

Ана тілі

«Кел, балалар, оқылық…» өлеңінің авторы кім?

  1. 1. Ы. Алтынсарин
  2. 2. А. Құнанбаев
  3. 3. М. Әлібаев

Дүниетану

Конституция деген не?

  1. 1. Заң
  2. 2. Мереке
  3. 3. Кітап

Орыс тілі

В каком числительном две буквы «Н»?

  1. 1. 11
  2. 2. 12
  3. 3. 13

Қазақ тілі

Сөйлемнің неше түрі бар?

  1. 1. 2
  2. 2. 1
  3. 3. 2

6) «Жұлдызшалар» (сөз құрау финалы)

Соңғы қалған 2 топтың алдына «Жұлдызшалар» сөзі беріледі.

Осы сөздің әріптерінен мүмкіндігінше көп сөз құрау керек. Кім көп сөз құрастырса, сол топ жеңеді.

Өсиет сөз

Асыл сөз көп халықта, іле жүрер құлаққа.

Іздеген жүрер мұратқа, ізденуден жалықпа.

Көрермендерге жұмбақтар

Зырлайды күшік әжемнің, қолынан сүйек кеміріп. Күн асқан сайын ақ күшік барады мүлде семіріп.

Жауабы: ұршық

Үсті тас, асты тас, ортасында піскен ас.

Жауабы: таба нан

Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, қонақтарды көңілдене сыйлайды.

Жауабы: дастархан

Төрт бұрышты, бір ауызды.

Жауабы: сандық

7) «Жұлдызды сәт»

Жеңген топқа «жұлдызды сөз» айтуға уақыт беріледі.

Міне, осылай тапқыр бол,

Ақылды бол, күшті бол.

Сұрақ бердім — саспадым,

Осы еді ғой мақсатым.

Ойын бітті осымен,

Сау болыңдар, достарым!