Данышпан атаның сұрақтары

Қазақ тілі Бастауыш сынып Грамматика

Сабақ мақсаты

Білімділік

  • Сын есім туралы білімді еске түсіру және бекіту.
  • Сын есімдерді мағынасына қарай топтауды үйрету.
  • Негізгі және туынды сын есім туралы түсінік қалыптастыру.
  • Туынды сын есімнің түбірі мен жұрнағын ажырату.
  • Жұрнақ жалғау арқылы туынды сын есім жасай білу.

Тәрбиелік

  • Ғылым мен білімге құштарлыққа тәрбиелеу.
  • Қазақ тілін сүюге және құрметтеуге баулу.
  • Берілген тапсырмаларды жауапкершілікпен орындауға үйрету.

Дамытушылық

  • Сауаттылықты жетілдіру.
  • Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
  • Ойды дәл және жүйелі жеткізу дағдысын дамыту.

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды түгендеп, сабаққа назарын аудару.

Бүгін сабаққа Данышпан ата қонаққа келеді. Ол тапсырмалар дайындап әкелген. Тапсырмаларды дұрыс орындаған оқушылар гүлдер жинайды. Ең көп гүл жинаған оқушы Данышпан атадан сыйлық алады.

II. Оқушы білімін жан-жақты тексеру

Жылы байланыс

Оқушылар бір-біріне марапат сөз айтады (жақсы қасиеттерін атап, қолдау білдіреді).

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы ауызша және жазбаша түрде тексеріледі.

Данышпан атаның сұрақтары

  1. Сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
  2. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
  3. Сын есім қандай түрлерге бөлінеді?
  4. Негізгі сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
  5. Туынды сын есім дегеніміз не? Мысал келтір.
ТД

Терме диктант

Берілген сөздерден сын есімдерді теріп жаз:

ана жиырма барды әдемі балмұздақ қызыл бала үлкен тәтті он бір көгілдір

Ескерту: Сын есімдер қалың әріппен белгіленген.

III. Жаңа сабақ

Данышпан ата дайындаған тапсырмаларды орындай отырып, сын есімнің негізгі және туынды түрлерін ажыратуды үйренеміз.

Оқулықпен жұмыс (2-сынып) — 1-тапсырма

Өлеңді көшіріп жаз. Сын есімдердің астын ирек сызықпен сыз.

Құшағына кең теңізден,
Аясындай гүл бақтың.
Аппақ сүтін емізген,
Қымбаттысы қымбаттың,
Анам қандай жақсы адам!

3-сынып — 1-тапсырма

Сөздерді оқып, негізгі және туынды сын есімдерді жеке топтап жаз.

Негізгі

  • ұзын
  • жеңіл
  • жаңа
  • тәтті
  • аласа

Туынды

  • таңғы
  • сабырлы
  • келбетті
  • қажырлы
  • сенімді

2-сынып — 2-тапсырма

Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойып, мәтінді көшіріп жаз.

Тауға апаратын бұралаң жолмен келе жатырмыз. Аласа төбелерден асып, жазық жерлерге жеттік. Қызыл гүлдер жайқалып өсіп тұр. Жап-жасыл дала келбеті әжелеріміздің жасаған текеметіне ұқсайды. Қарасаң, көз тойғысыз!

3-сынып — 2-тапсырма

Мақалдарды көшіріп жаз. Туынды сын есімдерді тауып, сөз құрамына талда (түбір + жұрнақ).

Адам – тастай берік, гүлдей нәзік.

Тәуелсіз ел тірегі – білімді ұрпақ.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады (көзге, қолға, денеге арналған).

2-сынып — 3-тапсырма

Сын есімдерді оқып, мағынасына қарай үлгі бойынша топтап жаз.

Түсі

ала, күрең, қызғылт, сұр

Дәмі

ащы, дәмді, тәтті, тұзды

Көлемі

кіші, жуан, жіңішке

Сапасы

қатты, мықты, жұмсақ

3-сынып — 3-тапсырма

Сөз тіркестерін толықтыр. Берілген үлгідегі көп нүктенің орнына тиісті жұрнақ жалғап, сын есім жаса.

  • бала... үй
  • қамыс... жер
  • ақыл... оқушы
  • пайда... жұмыс
  • жаңбыр... көктем

IV. Сабақты бекіту

4-тапсырма

Берілген сын есімдерге қарсы мәндес сөздерді тауып жаз:

Кең — ...

Көне — ...

Жақсы — ...

Батыр — ...

Данышпан атаның шығармашылық тапсырмасы — 5-тапсырма

Өлеңді жатқа жаз. Сын есімдердің астын сыз.

Қыраңға қия тау керек,
Бұлбұлға жасыл бау керек.
Балыққа мөлдір көл керек,
Батырға туған ел керек.

V. Сабақты қорыту

Қайталау сұрақтары

  1. Сын есім дегеніміз не?
  2. Сын есім қандай сұрақтарға жауап береді?
  3. Сын есім заттың қандай белгілерін білдіреді?
  4. Сын есім нешеге бөлінеді?
  5. Негізгі және туынды сын есім қалай жасалады?

Оқушыларды бағалау

Тапсырмаларды орындау сапасына және жиналған гүлдер санына қарай бағаланады.

Үй тапсырмасы

  • 170-бет, 4-жаттығу
  • 63-бет, 4-жаттығу

Автор туралы мәлімет

Аймақ
Талас ауданы, Есейхан ауылы
Мектеп
Қаратау орта мектебі
Мұғалім
Мырзалиева Гүлмира Амангелдіқызы