Сабақты бағалау
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Тақырып
«Даңғой» (мысал). Есентай Ерботин.
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Сабақтың типі
Жаңа мазмұнды меңгерту.
Әдіс-тәсілдер
Тірек сызба, дамыта оқыту технологиясы.
Мақсаты
- Есентай Ерботиннің өмірі мен шығармалары туралы түсінік қалыптастыру.
- «Даңғой» мысалымен таныстыру.
- Сөздік қорын, ой-өрісін, танымдық қабілеттерін дамыту.
- Патриоттық, адамгершілік тәрбие беру.
- Жаман әдеттер мен жат қылықтардан аулақ болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер
«Күн шапағы» макеті, тест сигнал белгілері, жұмыс түрлері, «Білім баспалдағы», видеопроектор, слайдтар.
І. Ұйымдастыру және психологиялық дайындық
Мұғалім оқушылармен амандасып, түгендеу жүргізеді. Сабаққа көңіл күй қалыптастыру үшін қысқа диалог орындалады:
Мұғалім:
Екі көз не үшін керек?
Оқушылар:
Бар жақсылықты көру үшін.
Мұғалім:
Екі құлақ не үшін керек?
Оқушылар:
Ақыл-кеңес тыңдау үшін.
Мұғалім:
Екі қол не үшін керек?
Оқушылар:
Елге көмек беру үшін.
Мұғалім:
Екі аяқ не үшін керек?
Оқушылар:
Шетте жүрсең, туған жерге жету үшін.
Мұғалім оқушыларды ынталандырып: «Сендер — Отанымыздың жарқын болашағысыңдар!» дейді. Сабаққа қонақтар қатысып отырғанын ескертіп, белсенді қатысуға шақырады.
ІІ. Өткен сабақты пысықтау
- Үй тапсырмасын тексеру: Сейтен мен Жәутікке мінездеме беру.
- «Жүгіртпе» әдісімен дәптерлерді қарап шығу.
- 2 оқушы оқиды, қалғандары салыстырып, қорытынды жасайды.
- «Өкініш», «Ащы бал» әңгімелерінің мазмұнын айту және авторы туралы қысқаша мәлімет.
Тест жұмысы
Оқушылар экранда берілген сұрақтарға тест сигнал белгілерін көтеру арқылы жауап береді.
-
1) «Өкініш», «Ащы бал» әңгімелерінің авторы кім?
- А) Дулат Исабеков
- Ә) Сағи Жиенбаев
- Б) Әбділдә Тәжібаев
-
2) Малқарға кім көмектесті?
- А) Әкесі
- Ә) Әжесі
- Б) Анасы
-
3) Малқар не үшін өкінді?
- А) Өтірік айтқаны үшін
- Ә) Ұрлығы үшін
- Б) Ұқыпсыздығы үшін
-
4) Сейтеннің ісін қалай бағалайсың?
- А) Әдепсіздік
- Ә) Ерлік
- Б) Нағыз достық
-
5) Ұрлық түбі — ...
- А) Мақтаныш
- Ә) Қорлық
- Б) Ерлік
Қорытынды: бұл әңгімелер бізге ұрлық, ұқыпсыздық сияқты жаман әдеттерден аулақ болу керектігін ұқтырады.
ІІІ. Жаңа сабақ
Кіріспе: жұмбақ
Жұмбақтың шешуі — қияр. Слайдта қиярдың суреті көрсетіледі.
Сұрақ
Қияр қандай көкөніс?
Сұрақ
Қандай пайдасы бар?
Сұрақ
Қиярды қайда қолданады?
Қияр туралы мәлімет (слайд)
- Қияр — шөптекті, бақшада өсетін дақыл.
- Асқабақ тұқымдасына жатады.
- Қиярдың отызға жуық түрі бар.
- Жемісі тағамға пайдаланылады.
- Жылу сүйгіш: топырақ қызған кезде, таңғы суық қайтып, күн әбден жылынғанда себіледі (шамамен 12° жылылықтан бастап).
Тақырыпқа шығу
Бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы — «Даңғой» мысалы. Автор — Есентай Ерботин.
Тақтамен жұмыс: «Даңғой» сөзін қалай түсінеміз?
Даңғойлық — мақтаншақтық, өзін асыра бағалау, айналасын менсінбеу.
Автор туралы
Есентай Ерботин (1940–1992) — Павлодар облысы, Баянауыл ауданында туған. 1950 жылы республикалық «Балдырған» журналында балаларға арналған алғашқы сықақ өлеңі жарияланған. Кейін «Өрнек», «Өнеге», «Серік пен Берік», «Менің досым», «Балалар бал болғанда», «Далаға саяхат» атты кітаптары жарық көрді.
Мысалмен жұмыс
- Мұғалім мысалды оқып береді, мазмұнын түсіндіреді.
- Сұрақ-жауап арқылы талдау жүргізіледі.
- Әр қатардан 3 оқушыдан кезекпен өлеңді оқиды.
«Білім баспалдағы» (оқиға желісі)
Басталуы
Қиярдың көзге еленбеуі.
Дамуы
Оқиғаның өрбуі.
Шиеленісуі
Қайшылықтың күшеюі.
Мақтануы
Даңғойлық көрінісі.
Шарықтау шегі
Ең шегіне жеткен тұсы.
Жарамсыз қалуы / Семіп қалуы
Тәкаппарлықтың салдары.
Сөздік жұмысы
Даңғой — мақтаншақ, өзін жоғары қоятын, өзгені менсінбейтін адам.
ІV. Сабақты бекіту
Шығармашылық тапсырма
Мысалдан нақыл сөздерді тауып, мәнерлеп оқыңдар:
Жарамаса кәдеге,
Құр жатқаннан не пайда?
Өндірмесе дәнеме,
Мақтанғаннан не пайда?
Түйін: мақтаншақтық — жаман әдет. Құр мақтанғаннан гөрі, еңбегіңмен дәлелдеу маңызды.
Ойын: «Сөзден сөз құра»
Берілген сөз: мақтаншақтық
V. Қорытынды
Психологиялық тренинг: «Күн шапағы»
Мұғалім сары допты көрсетіп: «Мынау не?» деп сұрайды. Оқушылар: «Сары доп, жер, шар, күн» деп жауап береді. Сабақ көңілді, қызықты, мазмұнды өткендіктен, мұғалім оны күнмен теңестіреді.
«Күнге не жетпей тұр?» — «Сәулесі, шапағы». Оқушылар өз қолымен сәуле жасап, сабақтың әсерін білдіреді.
Рефлексия сұрақтары
- Бүгін қандай жұмыстар атқардық?
- Не үйрендік?
VІ. Бағалау
Оқушылардың жұмысы бағаланады: жетістіктері атап өтіліп, кемшіліктері бойынша нақты ұсыныс беріледі.
VІІ. Үй тапсырмасы
- Мысалды түсініп, мәнерлеп оқу.
- Мақтаншақтық туралы мақал-мәтел тауып келу.