Құрметті қонақтар
Астана қаласы
№10 «Бөбек» балабақшасының қазақ тілі мұғалімі: Аяпбергенова Ботакөз Сағындыковна
16 желтоқсан — Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіз елім — туған жерім» атты ертеңгілік.
Салтанатты құттықтау
Тәрбиеші
Құрметті қонақтар, ата-аналар, әріптестер! Сіздерді Республикамыздың Тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, мол бақыт, ашық аспан тілейміз.
Отаны бар, елі бар жан — әманда
Бақытты ғой мына байтақ ғаламда.
Отан деген оттан ыстық жалғыз сөз,
Жалын берген маған да, саған да.
Көрініс
Балалар залға тумен, музыка әуенімен кіреді.
Қымбатты балалар, құрметті қонақтар! Міне, осы салтанатты күн де келді! Бүгін біз егемен Қазақстанның Тәуелсіздік күнін атап өтеміз. Егемен ел деп аталуының себебі — бұл бай, мықты, еркін әрі тәуелсіз мемлекет. Елімізге гүлдену, бейбітшілік пен бақыт тілейміз!
Ән
ҚР Әнұраны (№1123)
Сұрақтар
- Елбасы кім?
- Рәміздерді ата.
Балалардың тақпақтары
1-бала: Аружан
Он алтыншы желтоқсан —
Тәуелсіздік алған күн.
Ерекше болып мәңгілік
Ел жадында қалған күн.
2-бала: Бөкейхан
Он алтыншы желтоқсан —
Ел мерейі тасыған.
Қазақ деген қалың жұрт
Тарих белес асқан күн.
3-бала: Айсана
Біздің дала — бай дала,
Алтын астық айнала.
Астық — дала сәулеті,
Астық — Отан сәулеті.
4-бала
Қазақстан көгінде
Көк ту тұр желбіреп.
Қазағым тұр бүгінде
Көк аспаны мөлдіреп.
5-бала: Ақбота
Балдырған баламыз,
Достық көп табамыз.
Қашан да, қайда да
Достар бір-біріне
Сенімді боламыз.
Ән
«Жаса, Қазақстан!» (№260) — слайд
Желтоқсан жаңғырығы: ерлікке тағзым
Қазақ халқының жері, болашағы мен үміті үшін Желтоқсан оқиғасында жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздарының есімдерін атап өтпеу мүмкін емес. Олар — Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Спатайұлы, Ләззат Асанқызы, Сәбира Мұхамеджанқызы.
Олардың аңсаған арманы мен үміт-тілегі бүгін толық жүзеге асты: Қазақ елі тәуелсіздігін алды. Туымыз асқақтап желбіреп тұр. Бір ғана өкініш — азаттық үшін жанын аямаған сол боздақтардың кейбірі бүгінгі бақытты сәтімізді көре алмады.
Еркіндік туралы жыр
1-бала: Нұрай
Қайраттай қайсар ұлдардың
Жанымен келген еркіндік.
Жазира мен Ләззаттың
Арымен келген еркіндік.
Қасірет пен қайғының
Бәрімен келген еркіндік.