Көкөністер мен жемістер

Сабақтың тақырыбы

Күз. Көкөністер мен жемістер.

Сабақтың түрі

Жарыс сабағы.

Әдіс-тәсілдер

Баяндау, сұрақ-жауап, іздену.

Көрнекіліктер

Суреттер, плакаттар, кеспе қағаздар.

Сабақтың мақсаты

  • Сөз құрамы, түбір және жұрнақ түрлерін меңгерту; түсіндіру барысында тапсырмалар орындату.
  • Оқушылардың ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамытып, сөздік қорын молайту.
  • Жақсылыққа, әдептілікке, табиғатты қорғауға баулу және тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  1. Сәлемдесу.
  2. Кезекшімен әңгіме.
  3. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Мұғалім: «Балалар, көңіл-күйлерің қалай? Жақсы ма? Егер көңіл-күйіміз жақсы болса, бүгінгі сабағымызды жақсылықпен бастайық».

Бүгін — қайталау сабағы. Күз тақырыбы мен сөз құрамы бойынша білетіндерімізді еске түсіріп, бекітеміз.

Топқа бөлу

Оқушылар жапырақшадағы жеміс пен көкөніс атауын таңдайды. Жемістер — бір топқа, көкөністер — бір топқа орналасады.

I-топ

Жемістер

II-топ

Көкөністер

I. Бой сергіту: грамматикалық сұрақтар

Екі топ өткен тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Әр дұрыс жауапқа 1 жетон.

1) Сөз құрамы дегеніміз не?

Сөз құрамы — ұғымға берілген атау.

2) Қазақ тілінің сөз құрамы неден тұрады?

Түбір мен қосымшадан тұрады.

3) Қосымша дегеніміз не? Неше түрге бөлінеді?

Түбір сөзден кейін қосылып тұрған сөз бөлшектерін қосымша дейміз. Қосымша екіге бөлінеді: жұрнақ және жалғау.

Мысал: бақ + ша + лар

4) Негізгі түбір дегеніміз не?

Түбір өздігінен, ешқандай қосымшасыз белгілі мағынаға ие болса, оны негізгі түбір дейміз.

Мысал: көмек

5) Туынды түбір дегеніміз не?

Егер түбірге қосымша жалғанып, жаңа сөз жасалса, оны туынды түбір дейміз.

Мысал: көмек + ші

II. Суретпен жұмыс: күз туралы әңгіме құрау

Күз мезгіліне қатысты суреттер көрсетіледі. Оқушылар сұрақтарға жауап бере отырып, қысқа мәтін құрастырады.

Негізгі сұрақтар

  • Бұл қай жыл мезгілі?
  • Күз айлары қай айлар?
  • Мектеп қай айда басталады?
  • Ауа райы қандай болады?
  • Күзде қандай өзгерістер болады?
  • Күзде нелер піседі?

Үлгі жауаптар

Күз айлары: қыркүйек, қазан, қараша.

Мектеп: қыркүйек айында басталады.

Ауа райы: салқын, жаңбырлы, бұлтты болады.

Өзгерістер: жапырақтар сарғаяды; адамдар жылы киіне бастайды; құстар жылы жаққа ұшып кетеді; күн қысқарып, түн ұзарады.

Пісетін өнімдер: алма, алмұрт, өрік, картоп, пияз, қарбыз, қызанақ, қияр және т.б.

III. «Жаңғақ шағу»: сөз құрамына талдау

Жаңғақтың ішіне жасырылған сөздер алынады. Әр оқушы сөзді түбір мен қосымшаға бөліп, сөз құрамына талдайды.

жемістер құстар мезгілді күзгі бұлтты көмекші қарақатты көкөністі қыста жапырақтары жаңбырлы астық

IV. Сергіту сәті

Қарлығашқа ұқсайық,

Қане, қанат жазайық.

Қарлығаш боп ұшайық,

Ұшып-ұшып қонайық.

V. «Қай әріпті жоғалттым?» ойыны

Тақтада әріптері түсіп қалған сөздер беріледі. Оқушылар жоғалған әріпті орнына қойып, сөзді оқып, мағынасын айтады.

к...к...н...с

қ...с,...з...қ

қ...р...қ...т

қ...с

ж...ңб...р

т...б...ғ...т

к...з

п...ст...

к...н

м...зг...л

ж...м...с

VI. «Кім көп біледі?» сөздік жұмысы

Мұғалім сөздің орысша нұсқасын айтады. Оқушылар қазақша аудармасын табады.

Жемістер тобы

время года
жыл мезгілі
посевное поле
егіс
желтеть
сарғаю
короткий
қысқа
длинный
ұзақ
расти
өсу
природа
табиғат
завтра
ертең
овощи
көкөніс
ягоды
жидек

Көкөністер тобы

помогать
көмектесу
сезон
мезгіл
желтеть
сарғаю
сильный
қатты
нравится
ұнайды
кушать
жеу
ветер
жел
завтра будет тепло
ертең жылы болады
облачный
бұлтты
фрукты
жемістер

VII. Кітаппен жұмыс

41-бет, 1-тапсырма. Тақтаға екі оқушы шығып орындайды.

VIII. Сабақты қорыту

Грамматикалық тақырып пен «Күз» бөлімі бойынша негізгі сұрақтар арқылы қорытынды жасалады.

Қайталау сұрақтары

  • Сөз құрамы дегеніміз не?
  • Негізгі түбір мен туынды түбірге екі мысалдан келтір.
  • Күз айларын ата.
  • Күзде қандай өзгерістер болады?
  • Мектеп қай айда басталады?

Қорытынды ой

Бүгін бәріміз «Күз» мезгіліне жақсы дайындалып келгенімізді көрсеттік: білімімізді қайталадық, тапсырмаларды орындадық, өзара сайыста белсенділік таныттық.

Енді қай топ көп ұпай жинағанын анықтау үшін жетондар саналады.

IX. Бағалау

Оқушылардың жұмысы бойынша қорытынды баға қойылады: «5», «4», «3».

Мұғалім: «Балалар, сабақ ұнады ма? Ертеңгі сабаққа да осылай дайындалып келейік».

X. Үйге тапсырма

  1. Ережені қайталау.
  2. «Күзгі көрініс» тақырыбында әңгіме жазу.