Ойланған санды тап

3-сынып • Математика

Тақырып: Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейту

Сабақ түрі

Жаңа сабақ

Көрнекіліктер

  • Кесте
  • Қималы карточкалар

Әдіс-тәсілдер

  • Жұптық жұмыс
  • Топтық жұмыс
  • Өзіндік жұмыс

Мақсаты мен міндеттері

Екі таңбалы сандарды бір таңбалы санға жазбаша көбейтуді меңгерту, шапшаң есептеуге үйрету және есептердің шешуін табу дағдыларын дамыту.

Білімділік

Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде білім, білік және дағдыларды игеру.

Дамытушылық

Оқушының математикалық ойлау стилін, интеллектуалдық, ерік-жігер және эмоциялық сапаларын дамыту.

Тәрбиелік

Меңгерген математикалық білімді өмірде қолдануға жан-жақты даярлау.

Сабақ ережелері

  1. 1

    Тыныштық сақтау.

  2. 2

    Бір-бірін тыңдау.

  3. 3

    Өз ойын ашық айту.

  4. 4

    Уақытты үнемдеу.

Психологиялық дайындық

Қолымда бар он саусақ,

Бес саусағым қолдағы.

Бес жұлдыздың тармағы:

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым — ойлап қой.

Балалардың арманы.

Сабақтың жоспары

I. Бағдарлау-мотивациялық кезең

  • 1.Қызығушылығын ояту.
  • 2.Ой қозғау сұрақтары.
  • 3.Математикалық диктант.

II. Операциялық-орындаушылық кезең

  • 4.Мағынаны тану.
  • 5.Оқулықпен жұмыс.
  • 6.Шығармашылық тапсырма.

III. Рефлексиялық-бағалау кезеңі

  • 7.Математикалық тест.

Ұйымдастыру

Оқушыларды түгендеу, сабаққа әзірлеу, жұмыс қарқынын біріздендіру.

Қызығушылықты ояту: «Бәйге» жарысы

Тапсырмалар шығарылады, тексеріледі және ұпай саны бойынша бағаланады.

I-нұсқа

  • 19 × 2
  • 27 × 3
  • 14 × 6
  • 12 × 8
  • 16 × 4
  • 24 × 4

II-нұсқа

  • 18 × 0
  • 26 × 2
  • 13 × 7
  • 21 × 4
  • 15 × 5
  • 23 × 3

Ой қозғау сұрақтары

Әр оқушыға «матрица» арқылы сұрақтар беріледі. Дұрыс жауаптар ұпай санымен бағаланады.

Математикалық диктант

Тапсырмалар орындалып, тексеріледі және ұпай санымен бағаланады.

  1. Қандай санды 7-ге көбейткенде 56 шығады?

  2. 8 шығу үшін 72-ні нешеге бөлеміз?

  3. Ойланған санды 6 есе арттырғанда 60 шықты. Ойланған санды тап.

  4. Ойланған санға 6 қосқанда 60 шықты. Ойланған санды тап.

  5. Көбейткіштер: 4 және 9. Көбейтіндіні тап.

  6. 63-ті 7-ге бөлгенде қандай сан шығады?

  7. 8-дің квадраты неге тең?

  8. 2-нің кубы неге тең?

  9. 54 санын 6 есе кеміт. Қандай сан шығады?

  10. Қандай санды 5-ке көбейткенде 45 шығады?

  11. 48-ді 6-ға бөлгенде қандай сан шығады?

  12. Көбейтіндінің мәні 81. Көбейткішті тап. Ол қандай сан?

  13. 4-тің квадраты қандай сан?

  14. 3-тің кубы қандай сан?

Мағынаны тану: жазбаша көбейту және бөлу

Екі таңбалы санды бір таңбалы санға жазбаша көбейту алгоритмін бекітеміз және ұқсас бөлу тапсырмаларын орындаймыз.

Мысал (жазбаша көбейту)

14
× 7
98

Мысал (жазбаша бөлу)

98 ÷ 7 = 14
Тексеру: 14 × 7 = 98

Тапсырма

Мұғалім №1 мысалды оқушылармен бірге шығарады, содан кейін берілген ережені талқылауды ұсынады.

Оқулықпен жұмыс

«Есепті дауыстап шығару» тәсілі: оқушылар №1(б) мысалдарының барлығын кезектесіп, дауыстап түсіндіріп шығарады.

№2. Өрнектер

Тапсырмалар шығарылады, тексеріледі және ұпай санымен бағаланады.

I-қатар

  • 19 × 7 + 15 × 4
  • 85 × 2 − 25 × 4

II-қатар

  • 75 × 8 + 51 × 3
  • 28 × 6 − 48 × 2

III-қатар

  • 45 × 2 + 13 × 7
  • 62 × 3 − 16 × 6

№3. Есеп

62 пәтер — 4 үй

90 пәтер — 7 үй

Барлығы — ?

Шешуі: 62 × 4 + 90 × 7 = ?

Тапсырма орындалып, тексеріледі және ұпай санымен бағаланады.

Сергіту сәті: логикалық есептер

  1. Бөлменің әр бұрышында бір мысықтан отырса, бөлмеде неше мысық бар?

    Жауабы: 4 мысық.

  2. Үстел үстінде 3 стақан шие тұр. Марат 1 стақан шиені жеп қойды. Неше стақан қалды?

    Жауабы: 3 стақан.

  3. Екі бала шахматты 2 сағат ойнады. Олардың әрқайсысы неше сағат ойнады?

    Жауабы: 2 сағат.

  4. Мотоцикл жүргізушісі ауылға келе жатып, өзіне қарсы 3 жеңіл көлік және 1 жүк көлігін кездестірді. Ауылға неше көлік бара жатыр?

    Жауабы: тек 1 мотоцикл.

  5. Суды қай кезде қолды кесіп алуға болады?

    Жауабы: мұз болғанда.

№5. Тіктөртбұрыш

Ұзындығы: 14 см

Ені: 7 см

S: ?

P: ?

Периметрі: (14 + 7) × 2 = 42 см

Ауданы: 14 × 7 = ? см²

Тапсырма орындалып, тексеріледі және ұпай санымен бағаланады.

№6. Бос торкөздерді толтыр

Уақыт өлшемдерін бір өлшемге айналдыр.

I-нұсқа

  • 1 тәул. 18 сағ = ? сағ
  • 1 мин 39 с = ? с
  • 1 сағ 7 мин = ? мин

II-нұсқа

  • 1 сағ 28 мин = ? мин
  • 1 тәул. 4 сағ = ? сағ
  • 1 сағ 30 мин = ? мин

Тапсырма орындалып, тексеріледі және ұпай санымен бағаланады.

Шығармашылық тапсырма: «Сиқыршы болып көр!»

Үш таңбалы сан ойла. Сол санның бірінші цифрын 2 есе арттыр, шыққан көбейтіндіге 3 қос. Қосындыны 5-ке көбейт те, оған ойлаған санның екінші цифрын қос. Шыққан санға ойлаған санның үшінші цифрын тіркеп жаз. Қандай сан шықты? Сол саннан 150-ді азайтсаң, бастапқы ойлаған сан шығады.

Мысал

Ойланған сан: 114
1 × 2 = 2
2 + 3 = 5
5 × 5 = 25
25 + 1 = 26
Соңына 4-ті тірке: 264
264 − 150 = 114

Қорытындылау: математикалық тест

Дұрыс жауапты таңда.

1) (5 + 2) × 7 өрнегінің мәні нешеге тең?

а) 40    ә) 39    б) 49

2) (40 + 20) × 8 өрнегінің мәні нешеге тең?

а) 840    ә) 480    б) 300

3) 48 : 8 өрнегінің мәні нешеге тең?

а) 3    ә) 7    б) 6

4) 120 − 20 өрнегінің мәні нешеге тең?

а) 100    ә) 80    б) 90

5) 180 × 0 өрнегінің мәні нешеге тең?

а) 180    ә) 0    б) 1

6) Есептеп тап: 20 + (7 • 2)

а) 24    ә) 28    б) 34

7) Қабырғалары 3 дм және 5 дм болатын тіктөртбұрыштың периметрін тап:

а) 16 дм    ә) 14 дм    б) 15 дм

8) Теңдеудің шешуін тап: x + 32 = 70

а) 36    ә) 32    б) 38

9) Жазғы демалыс лагерінің бірінде 50 бала демалды. Екінші лагерьге біріншісіне қарағанда 20 бала кем келді. Екі лагерьде барлығы неше бала демалды?

а) 70 бала    ә) 80 бала    б) 60 бала

10) Өрнектің мәнін тап: a • 5 + 5, мұнда a = 3

а) 20    ә) 15    б) 10

Жауап кілті

1 — б, 2 — ә, 3 — б, 4 — а, 5 — ә, 6 — б, 7 — а, 8 — б, 9 — ә, 10 — а

Сабақты түйіндеу

Бүгін біз 17 × 7 және 98 : 7 түріндегі көбейту мен бөлу тәсілдерін қарастырып, осыған байланысты тапсырмалар орындадық.

Бағалау

Әр оқушы жинаған ұпайына сүйене отырып, өз жұмысын бағалайды:

  • Ең көп ұпай — «5»

  • Орташа ұпай — «4»

  • Төмен ұпай — «3»