Балама сөз

Сабақтың тақырыбы

Баубек Бұлқышев — «Ана»

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды мәтіннің мазмұнымен таныстырып, негізгі ойды ұғындыру; «Ана» сөзінің мазмұны мен идеясын ашу.

  • Сын тұрғысынан ойлауды дамыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге бағыттау.
  • Өз ойын тұжырымдап айтуға, жеке және топпен жұмыс жасауға үйрету.
  • Ізденіске баулу, дәлелді әрі сауатты сөйлеу мәдениетін қалыптастыру.
  • Анаға сүйіспеншілікпен қарап, құрметтеп, аялауға тәрбиелеу; ата-ананы және үлкендерді сыйлауға баулу.

Сабақтың түрі

Дамытушылық сабақ.

Көрнекілігі

  • Интербелсенді тақта
  • Б. Бұлқышевтің суреті
  • Жазушы туралы қысқаша анықтама
  • Қанатты сөздер

Әдіс-тәсілдер

Сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы негізінде жүргізіледі.

Стратегиялар

  • Топтастыру
  • Түртіп алу
  • Бес жолды өлең
  • Эссе жазу
  • РАФТ

Оқу форматы

Мәтінді оқып, түртіп алу жүйесі арқылы талдау:

  • Білемін — бұрыннан таныс ақпарат
  • Білмеймін — түсініксіз немесе нақтылауды қажет ететін тұстар
  • Мен үшін жаңа — жаңа білім, жаңа ой

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, сабақтың мақсат-міндетін қысқаша түсіндіру.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Үйге Оралхан Бөкейдің «Апамның астауы» мәтіні беріліп, әжеге хат жазып келу тапсырылған.

  • 3–5 оқушы өз хаттарын оқиды.
  • Пысықтау сұрақтары: автордың апасына берген мінездемесі; автордың балалық шақта ойнаған ойындары.

Осы тапсырма арқылы біз аналар тақырыбына өтеміз. Бүгін Б. Бұлқышевтің «Ана» мәтінін оқимыз.

I. Қызығушылықты ояту

«Ана» туралы не білеміз? Ойымызға не келеді? Әр оқушы өз ойын айтады. Жауаптар топтастыру арқылы жинақталады.

II. Мағынаны тану

Мәтінмен жұмыс: мәтінді оқып, түртіп алу жүйесі бойынша белгілейміз.

Сөздікпен жұмыс

Ана — аяулы, құдіретті, ақылды, дос, сұлу.

Топтық жұмыс

Оқулықтағы сұрақтарға жауап беру арқылы мәтіннің негізгі ойын ашамыз.

Мақал-мәтелдер

Әр топтан 3–4 оқушы ана туралы мақал-мәтел айтып, ойды толықтырады.

III. Ой толғаныс

«Бес жолды өлең» құрастыру үлгісі:

  1. 1 Зат есім (Кім?)
  2. 2 Сын есім (Қандай?)
  3. 3 Етістік (Не істейді?)
  4. 4 4 сөзден құралған сөйлем
  5. 5 Балама сөз (синоним/қорытынды)

IV. Шығармашылық тапсырма

«Ана» тақырыбына эссе жазу.

Тірек сөздер

  • жақын жан
  • жұмсақ алақаны
  • жұмсақ даусы
  • айналайын деп толғануы

Оқушылар өз эсселері мен өлеңдерін оқып, сыныппен бөліседі.

V. Өзіндік жұмыс (РАФТ)

Әр оқушы топ ішінде РАФТ құрастырады:

Құрылымы

  • Рөл — оқушы
  • Аудитория — депутат
  • Форма — ұсыныс хат
  • Тақырып — «Аялайық ананы»

Нәтиже

Оқушылар ананы құрметтеу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған қысқа, дәлелді ұсыныс хат жазады.

VI. «Анаға тілек» тренингі

Әр оқушы анасына арналған тілегін жазып, топ ішінде дауыстап оқиды.

Сабақты қорытындылау

  • Бүгінгі сабақта нені үйрендік?
  • Сабақ ұнады ма? Қандай әсер алдық?

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді жаттау.
  • Өлең құрастыру.

Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі, жауаптарының дәлелділігі, шығармашылық жұмыстары ескеріледі.