Өзіміздің бәрін қоршаған нәрселердің бәрі заттар
Қарағанды облысы, Нұра ауданы, Қ. Шайменов атындағы орта мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Жағалбайлы Райхан Оспанқызы
Сабақтың тақырыбы
«Білім еліне саяхат»
Сабақтың түрі
Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі
Сұрақ-жауап
Сабақтың мақсаты
Білімді бекіту
Оқушылардың сөз таптары туралы алған білімдерін және түсініктерін бекіту.
Дамыту
Ақыл-ойын, байқағыштық қабілеттерін, сөздік қорын және сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелеу
Адамгершілікке, ұқыптылыққа баулу.
Көрнекіліктер
Кесте, карта, дидактикалық тапсырмалар және т.б.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім.
Балалар, бұл — кемеңгер ақын-жазушыларымыз сөйлеген қасиетті ана тіліміз. Бүгінгі сабағымыз — қазақ тілі.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Сұрақ
Қазақ әліпбиінде неше әріп және таңба бар?
Жауап
40 әріп, 2 таңба бар.
Сұрақ
Дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жауап
Жуан: а, о, ұ, ы, у
Жіңішке: ә, і, е, ө, ү, и, у
Сұрақ
Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?
Жауап
Қатаң: к, қ, п, с, т, ф, х, ч, ц, ш, щ
Ұяң: б, в, г, ғ, д, ж, з
Үнді: й, л, м, н, ң, р, у, һ
3) Психологиялық даярлық
Оқушылар бір-біріне жылы тілек айтады.
4) «Білім еліне» саяхат: сабақтың кіріспесі
Біліміміздің артып, сөз байлығымыздың молайғанын көрсету үшін бүгін «Білім еліне» саяхат жасаймыз. Саяхатқа шығар алдында дәптерімізді ашып, бүгінгі күнді жазып, «Сынып жұмысы» деп белгілейміз.
Көп нүктенің орнына тиісті әріпті қойып жазыңыз.
К...н, д...птер, мект...п, бал...қшы, қ...лам, бөр...к, қоз..., ау....
Саяхатта түрлі кедергілер кездеседі. Алдымен тоқтайтын аялдамаларымызды анықтау үшін қоржыннан карта-схеманы алуымыз керек.
Әженің тапсырмалары (картаға жол)
- Мәтін деген не?
- Мәтіннің түрлерін ата.
- Мәтінге ат қою дегеніміз не?
- Мәтіндегі негізгі ой деген не?
Автобус есігін ашатын тапсырма
Жай сөйлем — бір ғана тиянақты ойды білдіретін сөйлем.
Құрмалас сөйлем — екі немесе одан да көп жай сөйлемнен құралған сөйлем.
Мысал
Аңшы қақпан құрып, құсбегі бүркіт салды.
Жай сөйлемдерге жіктеу: «Аңшы қақпан құрды. Құсбегі бүркіт салды.»
Енді жолға шығамыз. Әр аялдамада тапсырмалар орындап, білімімізді дәлелдейміз.
Аялдамалар бойынша жұмыс
1-аялдама: Мектеп аялдамасы
Сөзжұмбақ- Білімнің дәнін тереді, балаға білім береді. (Ұстаз)
- Сағат сайын қағылады, тек мектептен табылады. (Қоңырау)
- Білімнің мол сыйы — асы, балғындардың ұясы. (Мектеп)
Сөзжұмбақтан шыққан негізгі ұғым: зат.
Зат дегеніміз
Айналамызды қоршаған нәрселердің барлығы — заттар.
Зат есім
Заттың, құбылыстың, ұғымның атауын білдіретін сөз табы.
Негізгі зат есім
Бөлшектеуге келмейтін түбір сөз: ат, у, бор және т.б.
Туынды зат есім
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады: іскер, байлық, кезекші.
Тапсырма №1
Негізгі зат есімдерге -шы/-ші жұрнақтарын жалғап, туынды зат есім жасаңыз:
күй, өрмек, жылқы, сурет, ән
Тапсырма №2
Туынды зат есімдерден негізгі түбірді ажыратып жазыңыз:
достық, батырлық, сөздік, балалық
Тапсырма №3
Жалпы есімдерді бір бағанға, жалқы есімдерді екінші бағанға бөліп жазыңыз:
ірімшік, Гүлнар апай, қала, Астана, домбыра, Қарағанды, бүлдірген, Сарыарқа, баспалдақ
Жалпы есім
Біртектес заттардың ортақ атауы: қала, өзен, кісі.
Жалқы есім
Біртектес заттардың ішіндегі жекелеген атауы: Алматы, Ертіс, Алатау.
Септік жалғаулары
Сөйлемдегі сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін жалғанатын жалғаулар.
Тапсырма
«Суретші», «балық» сөздерін септеп жазыңыз.
2-аялдама: Білгірлер аялдамасы
Сөзжұмбақ- Апта күні. (Сенбі)
- Тамақ ішуге қолданылатын бұйымдар. (Ыдыс)
- Қасиетті тағам. (Нан)
- Сүттен жасалған тағам. (Ірімшік)
- Білім беретін орын. (Мектеп)
Сөз тізбегінен шыққан тақырып: сын есім.
Дара сын есім
Бір ғана сөзден тұрып, заттың сындық белгісін білдіреді: ақ, бойшаң, баласыз.
Күрделі сын есім
Екі не одан да көп сөздің тіркесуі немесе қосарлануы арқылы жасалады: өте жақсы, тап-таза, көп балалы.
Негізгі сын есім
Ешбір қосымшасыз түбір күйіндегі сын есім: сары, терең.
Туынды сын есім
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалады: өнерлі, күшті.
Тапсырма №4
Берілген сөздерден туынды сөздерді теріп жазыңыз:
ақ, әлсіз, білгіш, көк, ащы, сөзшең, тар, тапқыр
Тапсырма №5
Көп нүктенің орнына тиісті сын есімдерді қойып, көшіріп жазыңыз:
Заттың түрін, түсін білдіретін сөздер: ...
Көлемдік, салмақтық белгісі: ...
Дәмін, иісін: ...
Тірек сөздер: ақ, қара, биік, аласа, ұзын, көк, тәтті, ащы, жұпар, қышқыл.
3-аялдама: Тапқырлар аялдамасы
Мақал-мәтелМақал-мәтелдердің жалғасын тез тауып, сұрақтарға жауап берсек, сөзжұмбақ шешіледі.
- Адамның арқауы не? (Ас)
- Олақтан кім жаман? (Салақ)
- Еңбек адамның екіншісі не? (Анасы)
- Несіз күні жоқ? (Білімсіз)
- Кітап — білімнің несі? (Бесігі)
- Сөздің көркі не? (Мақал)
4-аялдама: Ойшылдар аялдамасы
Сөзжұмбақ- Мал өнімі. (Ет)
- Жыл мезгілі. (Көктем)
- Сүттен жасалатын тағам. (Ірімшік)
- Уақыт бірлігі. (Сағат)
- Әкенің әкесі. (Ата)
- Ауруды емдеуші. (Дәрігер)
- Бақыт құсы. (Көгершін)
Етістік туралы қайталау
Етістік
Заттың іс-әрекетін, қимылын, жай-күйін білдіретін сөз табы.
Болымды және болымсыз етістік
Болымды етістік — іс-әрекеттің жүзеге асуын білдіреді: келді, санады.
Болымсыз етістік — іс-әрекеттің болмауын білдіреді; -ма/-ме, -па/-пе, -ба/-бе жұрнақтары арқылы немесе жоқ, емес сөздерімен жасалады.
Талқылау сұрағы
Етістіктің шақтарын атаңыз.
Оқулықпен жұмыс
Мәтін және жаттығулар бойынша тапсырмаларды орындау.
Қорытынды және үй жұмысы
Сабақ соңында бүгінгі саяхат барысында өткен ұғымдар қайталанып, оқушылардың жауаптары негізінде қорытынды жасалады.
Үй жұмысы
Оқулықтағы тапсырмалар бойынша жұмыс.