Дүрбелең сөзінің мағынасы

Сабақ жоспары Жаңа сабақ Аралас сабақ

Сабақ тақырыбы: «Ақ боран» (Ж. Жұмаханов)

ШҚО, Аягөз қаласы, №5 жалпы білім беретін орта мектеп КММ. Бастауыш сынып мұғалімі: Қызжанова Рауия Аймұхаметқызы.

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Әдіс-тәсілдер

Ой қозғау, сұрақ-жауап, түсіндіру, тіл дамыту, әңгіме құрау.

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларды Жекен Жұмахановтың өмірбаянымен және «Ақ боран» мәтінімен таныстыру.
  • Мәтінді талдау арқылы автордың негізгі ойын ашу.
  • Оқушыларды бағыттай отырып, өздігінен жұмыс істеуге дағдыландыру.
  • Ой-өрісін дамыту, білім-білік дағдыларын қалыптастыру, әдеби тілмен ойын жеткізе білуге машықтандыру.
  • Туған жер табиғатын сүюге, табиғи құбылыстарды бақылауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

АКТ (ИТ) Боран уілі (аудио) Автор суреті Қысқы боран суреті

Ой қозғау

«Қанаты жоқ ұшады, аяғы жоқ жүреді, аузы жоқ ұлиды». Бұл не?

Жауабы: Боран. Қазір қай мезгіл? Қыста қандай табиғат құбылыстары болады? Оқушыларға боранның ұлыған дыбысын тыңдатып, көз алдарына елестеген көріністі сипаттатуға болады.

Кіріспе: автор туралы қысқаша мәлімет

  • Жекен Жұмаханов 1913 жылы 5 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылында дүниеге келген.
  • Семейдегі педагогикалық училищені тәмамдаған.
  • 1941–1945 жылдары Ұлы Отан соғысына қатысқан, майданда Мәншүк Мәметовамен бірге болған.
  • Мәншүк туралы очерктер жазған. Өңіріміздің табиғатын, қысқы құбылыстарды шынайы суреттеуімен құнды.

Мәтінмен жұмыс: оқылым, талдау, дәлел

Оқылым

Мәтінді мәнерлеп екі оқушыға оқыту. Оқушыларға: «Боран дауысын естігенде қандай сезімде болдыңдар? Ендеше, мәтіндегі кейіпкердің басынан өткен жағдайды жақсырақ түсінуге тырысайық» деген бағыт беру.

Дәптермен жұмыс: «Түртіп алу» стратегиясы

Оқушылар мәтінді оқи отырып, түсінбеген сөздерді белгілейді және мағынасын анықтайды.

Сөздік жұмысы

Ышқынды
Қатты соғады.
Екілене
Желдің екілене (үдей) соғуы.
Бүлкек
Аттың желіп жүруі.

Сергіту және іштен оқу

Оқушылар мәтінді іштей оқиды. Кейін тапсырмалар қатарлар бойынша бөлінеді.

1-қатар

Қыстың суретін беретін тұстарды тауып, оқып, мазмұндап береді.

2-қатар

Боранды адам қимылына теңеп суреттеген жолдарды тауып, түсіндіреді.

3-қатар

Қасымның ішкі ойын ашатын жолдарды тауып, әңгімелейді.

Қосымша: мәтінді бөліктерге бөлу және әр бөлікке ат қою тапсырмасы беріледі.

Білімді жинақтау: сұрақ-жауап

  • Қасым қайда оқиды?
  • Қасымның боранда адаспауына не себеп болды?
  • Ол нені есіне алды?
  • Оның табандылығы мен ақылдылығын қандай іс-әрекетінен байқауға болады?
  • Қасымның орнында болсаң, сен не істер едің?
  • Автор бұл әңгімені не үшін жазды деп ойлайсыңдар?

«Әдебиет лотосы»: кейіпкерді дәлелмен ашу

Кейіпкер

Қасым

Қасымның бойындағы қасиеттерді мәтіндегі дәлелдер арқылы негіздеу ұсынылады.

Үлкеннің сөзін тыңдайды

«Үсік аяқтан басталады деуші еді үлкендер».

Байқағыш

«Ат тұмсығын қар астында қалған бір мая пішенге тірепті...»

Шыдамды, табанды

«Алдан соққан боранды елемей, Қасым жиренге қамшы басты...»

Шығармашылық тапсырмалар

1-қатар: 5 жолды өлең

  1. Зат есім: кім? не?
  2. Сын есім: қандай?
  3. Етістік: не істейді?
  4. 4 сөзден тұратын сөйлем
  5. Балама сөз

2-қатар: мақал-мәтел

Қыс туралы мақал-мәтел тауып, мағынасын түсіндіреді.

3-қатар: халық болжамдары

Қысқа байланысты халық болжамдарын жинақтап, мысалдар келтіреді.

Түйін

Мәтін Қасымның ақылдылығы, шыдамдылығы және үлкендерден көрген-білгенін есте сақтап, қажет кезінде орынды пайдалана білетінін көрсетеді.

Бағалау

«Қар ұлпасы» тәсілі арқылы бағалау (оқушы жетістігіне сай қар ұлпаларын беру/жинау).

Үй тапсырмасы

  • Мәтінді оқып, мазмұндау.
  • «Менің қызықты бір күнім» тақырыбында шағын шығарма жазу.