Қатыбас өмірден мен пайда алмадым, Жаныммен жазған жырым - жайған малым
Мұқағали Мақатаев
Қарамай сақалыңа, шалдығыңа,
Жарасып тұрушы еді қалжыңым да.
Қарабайдай қатайып алыпсың ғой,
Ата, Сен, шыныменен алжыдың ба?!
Сұрың да, сүхбатың да сондай бөтен!
Бұйымым бар,
Үйіңе қонбай кетем.
... Жыламаған сәбиге емшек бермес,
Жыламасам алдында болмайды екен.
Мен сені сыйламасам, түсінбесем,
Жүрмес ең әр жырымның ішінде сен.
О, менің пайғамбарым!
Сен болмасаң,
Тірі пенде алдында кішірмес ем.
Ат басы алтын берсе табылмаған,
Еншім бар менің сенде алынбаған!
Қобызың емес пе едім қолыңдағы,
Ұмыттың неге мені жаным - бабам?
Қатыбас өмірден мен пайда алмадым,
Жаныммен жазған жырым - жайған малым.
Қылышың емес пе едім қынаптағы,
Жоғалттың неге мені пайғамбарым?!
Ат басы алтын берсе табылмаған,
Сыбағам қайда менің алынбаған?
... Бір түйір кәрі көздің жасы емес пе ем,
Ұшында сақалыңның дамылдаған?!
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 1
Мұқағали Мақатевтың өлеңдері 2
Оқушыларға ұжымдық тәрбие беру
Концептілік жүйе - концептілік құрылымдардың реттелген формасы
Қожа Ахметтің өмірбаян өрнектері
Қожа Ахмет Ясауи мұраларын оқу-тәрбие үрдісінде қолдану жолдары
М. Мақатаевтың азаматтық тұлғасын өзінің өлеңдері мен поэмалары арқылы сомдау
Қ. Жұбанов - Яссауйтанушы ғалым
ФАРИЗА ОҢҒАРСЫНОВА ЖӘНЕ ЛИРИКАЛЫҚ МОНОЛОГ
Қожа Ахмет Ясауидың педагогикалық еңбектеріндегі адамгершілік тәрбие мәселелері
И. Оразбаев поэзиясының шеберлік тұғыры
Ана бейнесі қазақ әдебиетінде көптен бар үлгі
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Оқытудың жаңа технологиясын пайдалану
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін кәсіпорынның пайдалылығын арттыру жолдары