Ауыз әдебиетінің мәнін түсіндіру

Сабақтың тақырыбы

Ж. Жабаевтың «Шәкірт балаларға» өлеңі.

Сабақтың мақсаты

1) Білімдік мақсат

  • Оқушыларға Ж. Жабаевтың «Шәкірт балаларға» өлеңін түсіндіру және меңгерту.
  • Ауыз әдебиетінің мәнін ашып, сөз өнерінің құдіретін таныту.

2) Дамытушылық мақсат

  • Оқушыны қиялдап, шығармашылықпен жұмыс жасауға баулу.
  • Логикалық ойлау қабілетін дамыту.
  • Танымдық қызығушылықты кеңейту.

3) Тәрбиелік мақсат

  • Ақынның өмірлік мақсаты мен арманына жетудегі талпынысы мен табандылығын үлгі ету.
  • Дана да дара тұлға қалыптастыруға бағыт беру.

Әдіс-тәсілдер

  • Баяндау
  • Сұрақ-жауап
  • Ойын әдісі
  • «Ортада қаламсап»
  • «Бес жолды өлең»
  • «Автор орындығы» стратегиясы

Көрнекіліктер

  • Жамбыл ақынның және Сүйінбайдың портреттері
  • Интерактивті тақта
  • Видеоролик

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық жүргізіледі: «Шаттық шеңбері».

Қайырлы күн, досым!
Қайырлы күн болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Амансыз ба, қонақтар?
Амансыз ба, әлем?
Баршаңызға амандық сәлем!

II. Өткенді пысықтау

«Еңбек түбі — береке» тарауын оқып, «Бәйге» ойыны арқылы қорытындылау.