Ауыспалы мағыналы сөйлемді тап
Сабақтың тақырыбы: Босаң норма
Пән: Қазақ тілі (10-сынып). Бұл сабақта әдеби тіл нормаларының бірі саналатын босаң норма ұғымы қарастырылады және оның қолданыс себептері түсіндіріледі.
Мақсаты
- Босаң норма туралы нақты түсінік қалыптастыру.
- Босаң норманың қолданылу себептерін түсіндіру.
- Тілдің жаңарып, өзгеріп отыруының көрінісі ретінде бағамдату.
Сабақ туралы қысқаша
- Сабақтың түрі
- Аралас
- Әдістері
- Сұрақ-жауап, семантикалық карта, кестемен жұмыс, тест жұмысы
- Көрнекілік
- ЭОР, оқулық, слайд
Сабақтың өту барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылардың сабаққа қатысуын белгілеу.
- Кезекшінің мәліметін тыңдау.
- Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.
II. Өткен тақырыптарға шолу (ҰБТ-ға дайындық)
Төмендегі тест сұрақтары арқылы өткен материал қайталанады.
1) «Ашық» сөзінің ауыспалы мағынада қолданылған түрін таңдаңыз:
- A.ашық есік
- B.ашық жер
- C.ашық бөлме
- D.ашық мінез
- E.ашық терезе
2) Ауыспалы мағыналы сөйлемді табыңыз:
- A.Тал түсте төбесіне ат ойнатты.
- B.Дүниеде атаққұмар адам көп болған.
- C.Әскерлер жаттығу жасап, ат ойнатып жатыр.
- D.Ауыл ат бәйгесіне дайындалуда.
- E.Ауыл ат соқамен жер жыртқан.
3) Ауыспалы мағыналы сөйлемді табыңыз:
- A.Анасының бетіне бала қарап жылайды.
- B.Ана кісіні танисың ба?
- C.Ана қуанышында шек жоқ.
- D.Атаң мұнда, анаңмен есен-аман.
- E.Су анасы — бұлақ.
4) Сөздің тура мағынасын табыңыз:
- A.Алтын ұя мектебім.
- B.Өсектің ұясы қайда?
- C.Көзі ұясынан шықты.
- D.Ұлын ұяға, қызын қияға қондырды.
- E.Аққудың ұясы көл ортасында.
5) Бітеу буынды сөздерден тұратын сөйлемді көрсетіңіз:
- A.Біз дәрісханада отырмыз.
- B.Қол сынса, жең ішінде.
- C.Сөз сүйектен өтеді.
- D.Менің орныма жұмыс істей тұр.
- E.Мен тыңдап жаттым.
6) Тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз:
- A.Алма
- B.Ат-тон
- C.Ас-су
- D.Ас үй
- E.ата-баба
7) Кейінді ықпалды табыңыз:
- A.кек алған
- B.әл кету
- C.сәукеле
- D.фабрика
- E.ештеңе
8) Ілгерінді ықпалды табыңыз:
- A.кісілер
- B.тұс-тұстан
- C.теңізші
- D.Талдықорған
- E.бөлінген
9) Ғылыми стильдегі нұсқаны табыңыз:
- A.Оның сөзі де қосымша болды.
- B.Түбір сөзге қосымша жалғанады.
- C.Сәбит бұған қосымша жұмыс берді.
- D.Қосымша төлем қосты.
10) Қай сөйлемде сызықша дұрыс қойылған?
- A.Нем кетті – барып қайтам.
- B.Берсе – алам ғой.
- C.Құр барып қайтпа - алып қайт.
- D.Әркім – әуелінде өз ауылының баласы.
- E.Қойшы енді – бөлежан.
Жауап кілті
1) D, 2) B, 3) E, 4) E, 5) E, 6) C, 7) A, 8) D, 9) B, 10) D
Бағалау өлшемдері
- 1–4 дұрыс жауап2
- 5–8 дұрыс жауап3
- 9 дұрыс жауап4
- 10 дұрыс жауап5
III. Жаңа сабақ: Босаң норма
Босаң норма — әдеби тіл нормаларының бір түрі. Кей жағдайларда тілдік нұсқаларды таңдап қолдануда аса қатаң талап қойылмайды.
Мысалдар айқай — айғай, еркінде — ырқында, түгендеу — түгелдеу Бұл қатардағы нұсқалардың қайсысын қолдану сөйлеушінің өз таңдауы бойынша жүзеге асады. «Міндетті түрде мына нұсқаны қолдан» деген қатаң талап болмайды.
Босаң норма тілдің тірі құбылыс екенін, яғни оның үнемі түлеп, өзгеріп отыратынын көрсетеді.
IV. Тапсырмалар керуені
1-тапсырма: Семантикалық кесте
Тақырып бойынша семантикалық кестені толтыру (жүктеу/таратпа материал арқылы).