Азайтудың ауызша тәсілін қайталау

Математика сабағы: 52 − 24 түріндегі азайту

Бұл жоспар екі таңбалы сандарды азайтудың (әсіресе 52 − 24 үлгісі бойынша) ауызша және жазбаша тәсілдерін меңгертуді көздейді. Сабақ құрылымы оқушының есептеу дағдысын күшейтіп, логикалық ойлауын дамытып, тәрбиелік құндылықтарды қатар қамтиды.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру

  • Психологиялық дайындық.
  • Оқушылардың назарын сабаққа аудару, оқу құралдарын түгендеу.

II. Үй тапсырмасын тексеру

№5 тапсырма

Әр қатардан екі оқушыға оқытып, орындалуын тексеру.

Талдау сұрақтары

  • Бірінші бағанда қай амал орындалады?
    • 20 мен 40-тың қосындысын 100-ден азайту.
    • 16 мен 4-тің қосындысын 90-нан азайту.
  • Екінші бағанда айырмалардың мәндерін оқыту және тексеру.
  • Үшінші бағанда қай амал бірінші орындалатынын анықтау (оқыту, тексеру).

III. Өткенді пысықтау (миға шабуыл)

  1. 1. Көпбұрыштың периметрін қалай табамыз?
  2. 2. Қосудың қандай қасиеттері бар?
  3. 3. Қосуға кері амал қандай?
  4. 4. Ұзындық бірліктерін ата:
    1 дм = ? см
    1 м = ? см
    1 см = ? мм
  5. 5. Масса және уақыт бірліктерін ата.
  1. 6. Барлық бұрыштары тік болатын төртбұрыш қалай аталады?
  2. 7. Қандай бір таңбалы сандардың қосындысы 12-ге тең?
  3. 8. 9 санын алу үшін 14-тен қандай санды азайту керек?
  4. 9. Сүйір бұрыш тік бұрышпен салыстырғанда қандай болады?
  5. 10. Доғал бұрыш тік бұрышпен салыстырғанда қандай болады?

Қорытынды сұрақ

Өткен сабақта екі таңбалы сандарды қосу мен азайтудың ауызша және жазбаша тәсілдерін шығаруды үйрендік. Бүгін осы білімге сүйеніп, екі таңбалы сандарды азайтудың жаңа тәсілімен танысамыз.

IV. Жаңа сабақ: 52 − 24 түріндегі азайту

1) Ауызша тәсіл (санды бөліктеп азайту)

52 − 24 мысалында 24 санын бөліктеп азайтамыз:

  • Алдымен 20-ны азайтамыз: 52 − 20 = 32
  • Содан кейін 4-ті азайтамыз: 32 − 4 = 28

Жауабы: 28

2) Баған түріндегі тәсіл (ондықтан “қарыз алу”)

Бірліктерді азайтамыз. Егер азайғыштың бірлігі азайтқыштың бірлігінен кіші болса, онда ондықтан 1 ондық “қарыз” аламыз.

  1. 1. 5 ондықтан 1 ондық аламыз (5 ондық 4 ондық болып қалады).
  2. 2. 1 ондық пен 2 бірлік = 12 бірлік.
  3. 3. 12 − 4 = 8 (бірліктердің астына 8 жазамыз).
  4. 4. Ондықтар: 4 − 2 = 2 (ондықтардың астына 2 жазамыз).

Айырма: 28

№1 тапсырма

Әр қатардан 1 оқушыны шығарып, 3 мысалды ауызша түсіндіріп орындату. Соңғы екі мысалды дәптерге орындату және нәтижесін тексеру.

№2. Өмірмен байланыс (есеп)

Біз тұратын қалада жаңа үйлер мен нысандар көптеп салынуда. Соның бірі — жаңадан салынған 6-шағынаудан. Осыған байланысты №2 есеп беріледі: мәтінді оқу, сұрағын толықтыру, талдау және шығару.

Өткен жылы

12 үй

Осы жылы

? (3 үй ...)

Шешуі

12 + 3 + 12 = 27 (үй)

Жауабы: барлығы 27 үй салынды.

Сергіту сәті: санамақ-есеп

Бір оқушыға оқыту. М. Әлімбай.

Менің туған күнімде
Келді бірім — бірімдеп:
Балнұр тәтем келді,
Арнұр көкем келді,
Үлкен атам келді,
Нағашы әпкем келді,
Бөлем Бөжен келді,
Жездем Шәкен келді,
Әпкем Сәпен келді.
Достарымнан бесеу келді.
Ұстазым кешеу келді.
Барлығы нешеу келді?

№3 тапсырма (пәтерлер туралы есеп)

Берілгені

  • I үй — 35 пәтер
  • II үй — ? (I үйден 20 пәтерге кем)
  • III үй — II үймен бірдей

Шешуі

  1. 1) 35 − 20 = 15 (п)
  2. 2) 35 + 15 = 50 (п)
  3. 3) 35 + 15 + 50 = 100 (п)

Жауабы: барлығы 100 пәтер бар.

№5. Көбейтуге дайындық

Өрнектер

  • 32 + 4 + 4 + 4
  • 18 + 9 + 9
  • 27 − 9 − 9 − 9
  • 14 − 7 − 7

Талқылау

  • 32 санына да, 18 санына да бірдей сандар қосылған.
  • 32 санына 4 саны 3 рет, 18 санына 9 саны 2 рет қосылған.
  • 27 санынан да, 14 санынан да бірдей сандар азайтылған.
  • Нәтижесінде нөл шыққан.
  • Демек, 27 санында 9 саны 3 рет келеді; 14 санында 7 саны 2 рет келеді.

Тапқырлыққа тапсырма: өрнектерді топтастыру

  • Есептемей тұрып, өрнектерді қосынды және айырма болып екі топқа бөлу.
  • Қосылғыштарының біреуі бір таңбалы және екі таңбалы сан болатын өрнектер деп те топтастыру.
  • Соңында есептеп, мәніне қарай екі топқа бөлу.

Логикалық тапсырмалар

1) Апта күндері және тиін туралы есеп

Аптада неше күн бар? Апта күндерін ата.

  • Дүйсенбі — 2
  • Сейсенбі — 3
  • Сәрсенбі — 4
  • Бейсенбі — 5
  • Жұма — 6
  • Сенбі — 7
  • Жексенбі — 8

Өрнек (оңай есептеу тәсілі)

Қосудың терімділік қасиетін қолданып: (2 + 8) + (3 + 7) + (4 + 6) + 5 = 35 (жаңғақ).

2) Балық туралы мәлімет және логикалық сәйкестендіру

Қысқаша мәлімет

  • Каспий теңізіндегі балықтар: бекіре, қорытпа, шабақ және т.б.
  • Балық құрамында фосфор мен кальций бар, ол сүйек пен көзге пайдалы.
  • Балық тез бұзылатын тағам, қылтанынан сақ болу керек.

Сұрақ

Балық аулауға келген үш баланың қайсысының аты 2 рет қайталанды?

Жауабы: Дархан.

Берілген тұжырым

Дархан 2 үлкен және 4 кішкентай балық ұстаған. 2 үлкен балығы бар шелек — Қанаттікі, ал 4 кішкентай балығы бар шелек — Асылдікі.

Қанат Дархан Асыл
2 үлкен 2 үлкен 3 үлкен
3 кішкентай 4 кішкентай 4 кішкентай

Қосымша логикалық тапсырмалар

  1. 1) Шөптің арасында қояндар тығылып отыр, тек 10 құлағы ғана көрінеді. Қанша қоян тығылып отыр?
    Жауабы: 5 қоян.
  2. 2) Ауылда 4 күн, 4 түн боран соқты. Неше тәулік боран соқты?
    Жауабы: 4 тәулік.
  3. 3) Бір адам қалаға бара жатыр еді, жолда оған 3 танысы қарсы келді. Қанша адам қалаға барды?
    Жауабы: 1 адам.
  4. 4) Маратта 1 теңгеліктен тұратын 100 теңге бар. Дүкенге 97 теңге төлеуі керек. Қалай тез есептеп беруге болады?
    Жауабы: 3 теңгені алып қалады.

Қорыту, бағалау

Қорыту сұрақтары

  • Не үйрендік?
  • Не білдік?

Бағалау

Оқушылардың жауаптары мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау жүргізіледі.

Көрнекіліктер

  • Кеспе цифрлар
  • Суреттер
  • Слайдтар