Аюдың суретін тақтаға іліп қою
Сабақ тақырыбы: Ю дыбысы мен әрпі
Бұл сабақ сауат ашу пәнінде «Ю» дыбысы мен әрпін меңгертуге арналған. Сабақ барысында оқушылар дыбыстың жасалу ерекшелігін түсінеді, сөзден сөйлем құрауға жаттығады және сауатты, таза жазуға дағдыланады.
Негізгі идея
Ю — қосарланған дауысты, И мен У дыбыстарының қосарлануы арқылы жасалады.
Дағды
Сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрау арқылы ойлау және есте сақтау қабілеті дамытылады.
Тәрбие
Үлкенді сыйлау, табиғатты қорғау, сондай-ақ сауатты әрі таза жазуға тәрбиелеу көзделеді.
Сабақтың мақсаты
-
1) Оқушыларды ю дыбысымен таныстыру; оның жазылуы мен оқылуын түсіндіру. «Ю» дыбысының басқа дыбыстардан ерекшелігін ашып, И + У қосарлануы арқылы жасалатынын меңгерту.
-
2) Сөзден сөйлем құрауға, сөйлемнен мәтін құрауға үйрету; ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту.
-
3) Үлкенді сыйлауға, табиғатты қорғауға тәрбиелеу; сауатты, таза жазуға дағдыландыру.
Әдістер
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Суреттер
- Ту
- Ою-өрнек үлгілері
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дайындық
Қане, достым, жан-жаққа,
Дайынсың ба сабаққа?
Орнында ма, қараңдар:
Кітап, дәптер, қаламдар.
2) Ой қозғау: өткенді қайталау
Сұрақ: Біз өткен сабақта қандай дыбыспен таныстық?
Жауап: Я дыбысымен.
Сұрақ: Я дыбысы қандай дыбыс?
Жауап: Қосарланған дауысты дыбыс.
Ойын: «Сәбіз жинау» — қияр, қоян, ұя сөздеріне сөйлем құрау.
Үй тапсырмасы тексеріледі: құрамында я әрпі бар сөздерді тақтаға жазу, талдау.
Ойын: «Қандай әріп жасырынған?»
Ұ, т, си, о, у, ша, н, са, қо, н.
3) Жаңа сабақ: жұмбақ арқылы тақырып ашу
Қыс бойына жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
(Аю)
Аю туралы қысқаша мәлімет
Аю — жыртқыш сүтқоректі, денесі ірі. Тіршілік ету ортасына бейімделеді. Негізгі түрлері: ақ аю, қоңыр аю. Аюлар қыста ұйқыға кетіп, көктемде оянады.
Ю дыбысының ерекшелігі
- Ю — дауысты дыбыс, орыс тілінен енген.
- Екі дыбыстан тұрады: И мен У.
- Қазақ тілінде ю дыбысынан басталатын сөз жоқ.
- Көбіне сөздің соңында кездеседі: аю, ою, тою, қою, үлкею, есею, шаю, жию.
- Орыс тілінде сөздің басында, ортасында, соңында келе береді (мысалы: Юрий Гагарин).
Суретпен және ұғыммен жұмыс
Сұрақ: Суретте не бейнеленген? Жауап: Аю.
Сұрақ: Оюды қайдан көреміз? Жауап: Сандық, бешпент, тақия, көрпеше және т.б.
Сұрақ: Қай рәмізде ою бар? Жауап: Туымызда.
Түсінік: Сырмақ — киізге ою жапсыру арқылы жасалатын бұйым.
Оқу тапсырмасы: сөздермен жұмыс
Берілген сөздерді оқып, мағынасын түсіндіру:
Мәтінмен жұмыс: «Жақсы көрем» өлеңі
Мұғалім өлеңді мәнерлеп оқиды, сурет бойынша қысқаша түсінік береді. Оқушылар өлеңді шынжырлап оқиды, кейін 3–4 оқушыға жеке-жеке оқыту ұйымдастырылады.
Сергіту сәті
Ұзын құлақ сұр қоян
Естіп қалып сыбырды,
Ойлы-қырлы жерлермен
Ытқып-ытқып жүгірді.
Көркем жазу
Әдемі жазу — өнер. Әріпті таза, біркелкі, дұрыс көлбеумен жазуға көңіл бөлінеді.
Ю ю
Аспанға қарап ай көрдік,
Төменге қарап жер көрдік.
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдік.
4) Қорытынды тапсырмалар
а) Кеспе әріптерден ішінде ю әрпі бар 3 сөз құрастыру.
ә) Ю әрпі бар сөздерді қатыстырып тақтаға 2 сөйлем жазу.
б) «Ю» дыбысына арналған сөзжұмбақты шешу.
| № | Сұрақ | Жауап |
|---|---|---|
| 1 | Орман жануары | Аю |
| 2 |
Әуеде дәу қыранды үркіттім де, Аузын байлап бүркіттім де, Төмен қарай сүйредім. |
Парашют |
| 3 | Қатық қандай болады? | Қою |
| 4 | Әжем сырмақты қалай сырады? | Оюлап |
Жарайсыңдар!
Бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен тапсырманы орындау сапасына қарай мадақтау арқылы бағаланады.
Үй тапсырмасы
- Ю дыбысы бар сөздерді оқу.
- «Жақсы көрем» өлеңін жаттау.
Жетекші сұрақтар
а) Ю дыбысы қандай дыбыс?
ә) «Ою» сөзінде неше әріп, неше дыбыс бар?
б) Ю әрпі қандай дыбыстардың орнына жазылады?
в) «Жақсы көрем» өлеңін кім жатқа айтады?