Түрік қағанатының шаруашылығы

Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Сабақ мақсаты

Қазақ даласында құрылған Батыс Түрік қағанатының дамуын, саяси және мәдени ерекшеліктерін, сондай-ақ тарихи маңызын түсіндіру.

Сабақ түрі мен әдістері

Сабақ түрі:
дәстүрлі
Сабақ әдісі:
сұрақ-жауап, сызба-нұсқа
Көрнекілігі:
сызбалар, тапсырма жазылған тарақшалар

Тәрбиелік

Жерін кеңейтіп, мемлекет бірлігін сақтау үшін күрескен тайпа билеушілерінің ерлігін дәріптеу; бірлікке, ынтымақтастыққа және өзге ұлт өкілдерімен достық қатынасқа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Өткен тақырыпты толықтыру, «Шың кітабынан» қосымша мәлімет беру және мәтінмен өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын дамыту.

Білімділік

Екі мемлекеттің ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстыру; тайпалардың бүгінгі күні бір мемлекеттің халқы ретінде бірігуін өмірлік мысалдар арқылы түсіндіру.

Сабақтың жүру барысы

I. Ұйымдастыру

Сабаққа кіріспе

Оқушыларды түгендеу, назарларын сабаққа аудару. Ойды жинақтаудың маңызын өлең жолдары арқылы жеткізу:

Біздің ойлау жүйеміз

Секілді бір дәу себет.

Таңдап жүріп саламыз,

Ең маңызды мың дерек.

Сапалысын, дұрысын

Таңдап жина жемістің.

Қажет жерде жаратсаң —

Сенің де ол жеңісің.

Мұғалімнің кіріспе сөзі: «Енді себеттеріңе жинаған білімдеріңнің сапасын тексеретін кез келді. Ол үшін үй тапсырмасын қайталап еске түсірейік.»

II. Үй тапсырмасын қайталау

Бекіту

1) Даталармен жұмыс (кесте)

Төмендегі жылдарға сәйкес оқиғаларды анықтаңыз.

Жылдар Оқиғалар
542 ж.
545 ж.
552 ж.
552–554 ж.
555 ж.
563–567 ж.
VI ғ. 70-жж.
570–580 ж.
581 ж.
603 ж.

2) Тарақшалар тапсырмасы («Ойды аяқта»)

Оқушы тарақшаны суырып алып, бірден жауап береді.

1-тарақша

  • Теле немесе тирек — …
  • Қонаққа қойдың басын тарту — …

2-тарақша

  • Киіз үй — …
  • Отқа табыну — …

3-тарақша

  • Түрік қағанатының билеушілері — …
  • Түрік қағанатының шаруашылығы — …

III. Жаңа сабақпен үй тапсырмасын байланыстыру

Үй тапсырмасындағы деректерді жаңа тақырыппен байланыстыра отырып, Батыс Түрік қағанатының қалыптасуы мен даму заңдылықтарын түсіндіру.

IV. Жаңа сабақ жоспары

Жоспар
  1. 1 Батыс Түрік қағанатының жер аумағы.
  2. 2 Қағанаттың саяси жағдайы.
  3. 3 Қағанаттың әлеуметтік жағдайы.
  4. 4 Шаруашылығы.

V. Жаңа тақырыпты меңгеру

Кестемен жұмыс: жаңа тақырып бойынша негізгі ұғымдар мен деректерді жүйелеу.

Назар аударатын тұстар

  • Аумақтың ерекшеліктері мен әкімшілік орталықтар.
  • Билік жүйесі және лауазымдар.
  • Әлеуметтік жіктеліс және қауым құрылымы.
  • Көшпелі және отырықшы шаруашылықтың байланысы.

VI. Пысықтау тапсырмалары

Тапсырма №1 — Мәліметтерді толықтырыңыз

  1. 1) Батыс Түрік қағанатының территориясына — енді.
  2. 2) Қағанаттың екі орталығы болды. Олар — .
  3. 3) Қағанат халқы мына тайпалардан тұрды — .
  4. 4) Билеушілері — .
  5. 5) Қағанаттың негізгі шаруашылығы — .

Тапсырма №2 — Сөздікпен жұмыс

Терминдердің мағынасын анықтап, дәптерге түсіндірме жазыңыз.

Селиф Буйрық Тархан Бектер Қара бұдун Ягбу Шад Елтебер

VII. Жаңа сабақты бекіту

Тақырыпты қорытындылау үшін төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз:

  1. 1) Қағанаттың байланыс жасаған мемлекеттерін атаңыз.
  2. 2) «Он оқ будун» жүйесі қалай жұмыс істеді? Ол оң нәтиже берді ме?
  3. 3) Қағанаттың әлсіреу себептері қандай?
  4. 4) Шаруашылығы мен халқының құрамы қандай болды?
  5. 5) Қағанаттың тарихи маңызына толық сипаттама беріңіз.

VIII. Үй тапсырмасы және бағалау

  • Түсінік айту: тақырып мазмұнын қысқаша, жүйелі түрде баяндау.
  • Жаңа ұғымдар: терминдерді толық мағынасымен жатқа білу.
  • Тест құрастыру: оқулық бойынша тест сұрақтарын әзірлеу.
  • Тарихи әңгіме: тақырып желісімен қысқа тарихи әңгіме құрастыру.