Психологиялық дайындық орындау
Сабақтың тақырыбы
Зат есім
Сабақтың мақсаты
Жаттығулар мен тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың зат есім туралы алған білімдерін еске түсіру және кеңейту.
Сабақтың түрі
Пысықтау сабағы
Міндеттері
- Зат есім туралы алған білімдерін тиянақтау, пысықтау.
- Сөздік қорын, тіл байлығын жетілдіру, ойлау қабілеттерін арттыру.
- Сауатты, көркем жазуға, өзара ынтымақтастыққа және шапшаң ойлай білуге баулу.
Көрнекі құралдар
- Интерактивті тақта
- Компьютер
- Microsoft PowerPoint презентациясы
- Бағалауға арналған көрнекіліктер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
Жарқырап күн де ашылды, Айналаға нұр шашылды. Қайырлы күн! Біз көңілді баламыз, Қайырлы күн! Сәлемдесіп аламыз. Мақсатымыз — білім алу, Міндетіміз — еңбектену. Еңбектену арқылы «5»-ке қол жеткізу!
Жұмбақ
Білесіңдер «Кім? Не?» сұрағын, Сөйлемде ой иесі боламын. «Не істеді?» сұрағымен, Көркейемін, толамын.
Жауабы: Зат есім
Қайталау сұрақтары
- Зат есім дегеніміз не?
- Зат есімнің сұрақтары қандай?
- Мысал келтір.
Саяхат идеясы: кемемен сабақ
Бүгінгі сабақта кемемен саяхатқа шығамыз. Кемеміздің орнынан қозғалуы үшін сөзжұмбақты шешеміз және табылған сөздерге міндетті түрде сұрақ қойып отырамыз.
Дәптермен жұмыс
Бүгінгі күннің жадын жазу. Көркем жазу: Зз әрпі. Сөз: заман.
1-тапсырма (Құстардың тапсырмасы)
Өлеңді оқып, зат есімдерді тауып, тиісті сұрақ қойыңдар.
Бағында бұл балалар, Іні, әпке, аға бар. Ойыншықтар мол онда: Машина, арба, шана бар.
Назар аударатын сөздер
2-тапсырма (Балықтардың тапсырмасы)
Сөздерді оқы. «Кім?» және «Не?» сұрақтарына жауап беретін сөздерді екі бөлек жаз.
Ата, кірпіш, шыны, апа, сағат, ағатай, қант, інішек, тауық, кептер.
Кім?
- ата
- апа
- ағатай
- інішек
Не?
- кірпіш
- шыны
- сағат
- қант
- тауық
- кептер
Қателерді тап (Дәуренге көмектесу)
Дәурен сөздерді төмендегідей топтастырған. Қай жерде қате бар екенін анықтап, дұрыстаңдар.
Ағаштар
емен, қайың, шырша, апельсин
Ескерту: «апельсин» — жеміс.
Жемістер
алмұрт, шабдалы, жүзім, шие, қарағай
Ескерту: «қарағай» — ағаш.
Құстар
бұлбұл, көгершін, қарға, лақ, сауысқан
Ескерту: «лақ» — төл.
Төлдер
қозы, бұзау, бота, құлын, үкі
Ескерту: «үкі» — құс.
Сергіту сәті
Аппақ болып таң атты, Түтін тік боп шығады. Гүлге қонған көбелек, Самғап биік ұшады. Қоюланып қара бұлт, Төкті жаңбыр себелеп. Жапырақты жамылып, Бұға қалды көбелек.
Су перісінің тапсырмасы
Сөйлемдерді оқып, дыбысқа еліктеу сөздері бар етістіктерді байқаңдар.
- Ит үреді.
- Қасқыр ұлиды.
- Қарға қарқылдайды.
- Әтеш шақырады.
Есте сақтау диктанты
Есте сақтау қабілетімізді тексеру үшін сөздерді мұқият тыңдап, жазамыз.
Шаш, бас, құлақ, мұрын, қол, аяқ, тырнақ, ерін, саусақ, тіл.
Қорытындылау
- Зат есім дегеніміз не?
- Зат есімдерге қандай сұрақтар қойылады?
- Зат есімге мысал келтір.
Үйге тапсырма
Күнделікті енді ашайық, Үй тапсырмасын жазайық. Бүгінгі алған білімді Ұмытпай, есте сақтап алайық.
145-бет, 5-жаттығу: Мақалды көшіріп жаз. Зат есімдерді тауып, сұрақ қой.
Бағалау
Оқушылардың тапсырмаларды орындауына, белсенділігіне және жазба жұмыстарының сауаттылығына қарай бағалау жүргізіледі.