Ахмет Байтұрсынұлы Адамдық диқаншысы өлеңі

Сабақтың тақырыбы

Ахмет Байтұрсынұлының «Адамдық диқаншысы» өлеңі. Ұлтының ұлы ұстазы.

Мұғалім
Дуйсешова А.

Сабақтың мақсаты

Білу

Көркем шығармалардан шағын көлемді үзінділерді мәнерлеп оқу, жатқа айту.

Түсіну

Көркем шығармадағы кейіпкерлердің портреті мен іс-әрекеті арқылы олардың образын ашу және түсіндіру.

Қолдану

«Адамдық диқаншысы» өлеңіндегі сөздерді пайдаланып, проблемалық сұрақтар қою және өз жауабымен салыстыру.

Талдау

Тапсырма орындау барысында комментарий жазу, іріктеп оқу, зерттеп оқу дағдыларын дамыту.

Жинақтау

«Адамдық диқаншысы» тақырыбы бойынша түсінгенін жинақтап жазу.

Бағалау

Жеке, жұптық және топтық тапсырмаларды орындау деңгейін бағалау.

Сабақтың құрылымы

  1. I

    Ақпараттар блогы

    Өмірбаян, шығармашылық ерекшелік, өлеңнің идеялық өзегі мен өмірмен байланысын ашу.

  2. II

    Логикалық тапсырмалар блогы

    Мәтін бойынша ой қорыту, сұрақ-жауап және дәлел келтіру.

  3. III

    Жаттықтыру және білімді есепке алу блогы

    Оқу техникасын жетілдіру, тапсырмаларды орындау арқылы білімді бекіту.

  4. IV

    Интеллектуалды тренинг блогы

    Талдау, зерттеу, салыстыру, пікір жазу дағдыларын тереңдету.

  5. V

    Күтілетін нәтиже блогы

    Оқушы өлеңнің мазмұнын түсініп, идеясы мен образдар жүйесін талдай алады; өз ойын дәлелдеп, қорытынды жасайды.

Ақпарат блогы: жоспар

  1. 1

    А. Байтұрсынұлы шығармалары: шығарманың ерекшелігі мен идеялық негізі.

  2. 2

    «Адамдық диқаншысы» өлеңінің өмірмен байланысы: өлеңдегі ойдың өмірлік маңызы.

  3. 3

    Кейіпкерлер образын ашу және талдау: портреті мен іс-әрекеті арқылы тұжырым жасау.

Ахмет Байтұрсынұлы — ағартушы тұлға

  • Халықты оқуға шақырып, ағартушылық жұмыстар жүргізді.

  • Қазақ ауылдарында орысша-қазақша мектептер ашып, балаларға сабақ берді: ағартушы, қоғам қайраткері, ұстаз.

Оқулықтары мен еңбектері

  • Қазақ балаларына арналған «Оқу құралы» (1912) еңбегін жазды.

  • Тіл білімінің негізін қалаған еңбектерінің бірі — «Тіл құралы» (1914).

  • Әдебиеттану саласындағы маңызды оқулық — «Әдебиет танытқыш».

Өлеңді түсіндіру: негізгі сұрақтар

Өлең кімнің атынан баяндалады?

Өлең мазмұны диқан бейнесіне арналып баяндалады.

Өлеңдегі өмірлік қағида және идея

«Адамдық диқаншысы» тақырыбын оқи отырып, өмірге құштарлық, ерлік пен жігердің берілу сипаты байқалады. Өлең өмірмен тығыз байланысты: диқан — жерді қарайтын, баптайтын адам.

Негізгі ой

Жерге дән еккен диқан секілді, адам да қоғамға ізгілік пен білімнің “дәнін” сеуіп, оны еңбегімен күтіп-баптауы керек.