Көш басында - КемеңгерМақсаты

Көш басында – кемеңгер

Әрбір егемен елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері болады: Әнұран, Ту, Елтаңба және ел бірлігін айқындайтын көшбасшы тұлға. Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ елімізде тұратын әрбір адам мемлекеттік Туды, Елтаңбаны, Әнұранды құрметтеуге міндетті.

Тұңғыш Президент күні — тарихи таңдау күні, барша қазақстандықтардың Ұлт көшбасшысы, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегіне топтасу күні.

Тарихи деректер

1991 жылғы 1 желтоқсанда бүкілхалықтық президент сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде мемлекет басшысы болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды (98,7%).

1995 жыл, 29 сәуір

Референдум

Республикалық референдумда Президент өкілеттік мерзімі 2000 жылғы 1 желтоқсанға дейін ұзартылды.

1999 жыл, 10 қаңтар

Қайта сайлау

Н. Ә. Назарбаев Қазақстан Президенті болып қайта сайланды (79,78%).

2005 жыл, 4 желтоқсан

Президент сайлауы

Қазақстан Республикасының президенті сайлауында Н. Ә. Назарбаев Президент болып сайланды (91,5%).

1991 жылғы сайлау барлық қазақстандықтар үшін тағдыршешті оқиға болды және әлемдік қоғамдастықтың назарын аударды. Президент алғаш рет жалпыға бірдей, тең және төте сайлау құқығы негізінде, жасырын дауыс беру арқылы сайланды. Бұл сайлаудың шын мәнінде бүкілхалықтық болғанын сайлаушылар белсенділігінің жоғары болуы дәлелдейді.

Кітапханашы таныстырылымы

Мектеп кітапханашысы Жидеханова Ж. Н. Елбасы туралы қысқаша мәлімет беріп, Н. Назарбаевтың ғылыми еңбектері мен қоғамдық-саяси тақырыптағы кітаптарын таныстырады.

Еңбектері (іріктеме)

  • Важнейшее условие интенсификации (А., 1983)
  • Стальной профиль Казахстана (А., 1984)
  • Экономика Казахстана: реальность и перспектива становления (А., 1988)
  • Без правых и левых (М., 1991)
  • Стратегия развития Казахстана как суверенного государства (А., 1992)
  • Стратегия ресурсосбережения и переход к рынку (М., 1992)
  • Идейная консолидация общества как условие прогресса Казахстана (А., 1993)
  • Нарық және әлеуметтік-экономикалық даму (А., 1994)
  • Ғасырлар тоғысында (А., 1996)
  • Евразийский союз: идеи, практика, перспективы (М., 1997)
  • Тарих толқынында (А., 1997)
  • О времени, о судьбах, о себе... (Лондон, 1997)
  • Стратегия трансформации общества и возрождение евразийской цивилизации (М., 2002)
  • Бейбітшілік кіндігі (А., 2002)
  • Сындарлы он жыл (А., 2002)
  • Еуразия жүрегінде (А., 2005)

Отан туралы жыр

Мұғалім оқушыларды Отанды сүюге үндеп, туған жерді дәріптейтін өлең жолдарын оқуға шақырады.

Зияғаділ Жігер
Отан! Сен болмасаң, не етер ем?
Мәңгілікке бақытсыз боп өтер ем,
Өмірден бұл өксуменен кетер ем.

Құс ұясыз, жыртқыш інсіз болмайды.
Отансыз жан өмірінде оңбайды.
Өзін-өзі қорлайды да, сорлайды.
Тірі адамға — сол қайғы!

Күн көреді әкесіз де, анасыз,
Өмір сүрер әйелсіз де, баласыз,
Ал Отансыз — нағыз сорлы панасыз?

Білесің бе, Отанның сен не екенін?
(Екі өмір жоқ, әрине, жоқ екі өлім.)
Екі Отан жоқ. Жалғыз Отан — мекенің!
(Мұқағали Мақатаев)
Мырзабергенов Ислам
Шаңырағың — шырағым,
Топырағың — тұмарым,
Ғаламда жоқ сыңарың,
Ғажайыбым, жұмағым,
Басы таза бұлағым,
Басылмайтын құмарым,
Қазақстан — қыраным!
(Ұлықбек Есдәулетов)
Зарипова Назгүл
Елу жаста елім бар деп айта алмай,
Кетпес естен күйінгенің, мұңлы Абай.
Елім бар деп айтатын бір туды күн,
Елім бар деп шырқатамын мен бүгін,
Еркелеймін кең даламда баладай.
Қазақстан дейтін менің бар елім.
(Қасым Аманжолов)
Балғабаева Ақмерей
Қазақстан! Пай, пай, пай! Ардағым-ай!
Сен менің Шолпанымсың, жанған ұдай,
Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт,
Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!
(Мұқағали Мақатаев)
Данағұлова Қанағат
Біздер үшін Отан — жалғыз, Ту — жалғыз,
Қорғамасақ, несін ұл боп туғанбыз?!
Кіндігіміз тар қапаста кесіліп,
Ит көйлекті қанды жаспен жуғанбыз.

Туған жұртқа тірек болу — ерге сын,
Құлдықты енді құдай басқа бермесін.
Атаң өлсе, өзің ата боларсың,
Ешқашанда Отан өле көрмесін!
(Несіпбек Айтұлы)
Жайбергенова Динара
Алтын күн шуағын,
Көк Байрақ шашатын,
Жатсынбай әлемге құшағын ашатын,
Қазақтың терінен нәр алған даласы —
Тәуелсіз, бейбіт ел! Мәңгіге жасасын!
(Сайын Назарбекұлы)

Талқылау: «Балалық шақтың аспаны»

«Балалық шақтың аспаны» фильмінен үзінді көрсетіліп, оқушыларға мына бағытта сұрақтар қойылады: фильмде кімдер ойнайды, кейіпкерлердің арманы қандай, олардың алға қойған мақсаты нені білдіреді?

Жаттығу: «Менің арманым»

Оқушылар өз армандарын қағазға жазып, «Менің арманым» қабырға газетіне жапсырады. Бұл тапсырма әр баланың ішкі мақсатын айқындап, болашаққа сенімін нығайтуға бағытталған.

Оқушы шығармашылығы

Оқушылардың патриоттық тақырыптағы әні мен жырлары тыңдалады. Сондай-ақ мектебіміздің мақтанышы — аудандық жас ақындар мүшәйрасында («Жыр жазамын жүрегіммен») 1-орын алған 8 «Г» сынып оқушысы Әбуов Асланның шығармашылығы үлгі ретінде аталады.

Қазымбетов Диас
Елбасы — тірегіміз,
Астана — жүрегіміз.
Тәуелсіз, азат елміз,
Болашаққа сенеміз.
Шамаран Дана
Елбасы — еліміздің кемеңгері,
Қазақтың арда тұтар асыл ері.
Жаһанға танытып қазақ елін,
Көшбасшы — Қазақстан жүрегі.
Алдасүгіров Ақмырза
Білім, ғылым іздеген жастарға
Болашақ бағдарламасын қосқан да.
«100 мектеп» бағдарламасы —
Үлгі болар бастама.
Сақтағанов Шерхан
Астанадай алып қала тұрғызған,
Елін ойлап, елге қамқор болғызған.
Азияда алауын желбіретіп,
ЕХРО–2017 көрмесін елге қондырған.

Қауіпсіздік ұйымына басшылық жасап,
Бірлікті ту еткен бар әлемге.
Нұрсұлтан Назарбаев жасасын!

Қорытынды ой

Оқушылардың жырларында нақты өмірмен байланысқан ой бар. Мысалы, «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасы аясында Шалқар қаласында №8 орта мектеп бой көтерді: 3 қабатты, 1200 орындық, жалпы аумағы 21 056 шаршы метр. Мектеп кітапханасында 10 мыңға жуық кітап қоры бар. Ауданда жаңа емхана мен аурухана да салынды.

Сұрақ

«Егер сендер Елбасы болсаңдар, ел үшін қандай іс атқарар едіңдер?» — оқушылар өз ойларын ортаға салады.

Тілек

«Менің арманым» қабырға газетіне жазылған армандар орындалып, әрқайсың да еліне адал қызмет етіп, биік мақсаттардан көріне беріңдер!

Қазақтың сен — Сұлтанысың,
Ұлтанды ел — Ұлы атаның ұрпағысың!
Шапағын абат күннің шашып елге,
Арайлап атқан арай — нұр таңысың!

Арқаның қақ төрінен қала орнаттың,
Бұл — мәңгі үлгі-өнеге ұрпақ үшін!
Талмайтын жарыс десе — тұлпарысың,
Самғайтын ғарыш десе — сұңқарысың!

Алатау — Алматының асқар шыңы,
Ал өзің — байтақ елдің бір тауысың!
Тіл-көз бен көлденеңнен аман-сау жүр,
Бұдан да биіктерге шырқау үшін!

Елбасымызға шын ниетпен тілек білдіре отырып, еліміз аман болып, Қазақстан әлемге танылып, биікке самғай берсін деген оймен тәрбие сағаты қорытындыланады.