Бүгінгі сабақтың тақырыбын ашу

Сабақтың тақырыбы

Adobe Photoshop бағдарламасында қабатпен (Layer) жұмыс.

Сабақтың түрі

Теориялық

Сабақтың типі

Жаңа сабақ

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға компьютерлік графика негіздерін меңгертіп, қажетті бағдарламаларда тиімді жұмыс істеуді үйрету.

Дамытушылық

Ақпараттық қоғам жағдайында озық компьютерлік технологияларда қолданылатын сапалы, кәсіби деңгейдегі графикалық бағдарламаларды ұтымды пайдалануға дағдыландыру.

Тәрбиелік

Әдептілікке, мақсатшылдыққа, эстетикалық талғамға тәрбиелеу; мұқияттылыққа және өзіне деген сенімділікті нығайту.

Кәсіби мақсат

  • Оқушыларды компьютерлік жауапкершілікке және кәсіби сауаттылыққа тәрбиелеу.
  • Кәсіби білімін тұрақты көтеруге бағыттау.
  • Болашақ мамандыққа байланысты тиімді әдістерді меңгерту арқылы әдістемелік бағыт беру.

Сабақтың міндеттері

  1. 1 Күрделі элементтері бар тапсырмаларды талдап, қабылдау арқылы жұмысты орындауға машықтану.
  2. 2 Өз бетінше еңбек ету сезімін қалыптастырып, іскерлік дағдыларын дамыту.
  3. 3 Шыншылдық пен адал өмір сүрудің маңызын түсіндіру; сауатсыздықтың жас ұрпақ өміріне зиян екенін ұғындыру.

Әдістер, құралдар және ұйымдастыру

Қолданылатын технология және әдіс-тәсілдер

  • Проблемалап оқыту технологиясы
  • Продуктивті және репродуктивті әдістер
  • Интерактивті әдістер
  • Жоба беру әдісі

Көрнекілік және құрал-жабдықтар

Көрнекілік

Интерактивті тақта, слайдтар

Құрал-жабдықтар

Компьютер, интерактивті тақта, фотоаппарат

Пәнаралық байланыс

Тарих, бейнелеу өнері, геометрия, шетел тілі

Оқыту принциптері

Ғылымилық Көрнекілік Қарапайымнан күрделіге

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. 1. А. Левин. «Самоучитель компьютерной графики и звука». «Питер», Москва, 2003.
  2. 2. Н. Т. Ермеков. «Компьютерлік графика». «Фолиант», Астана, 2007.
  3. 3. Л. А. Залогова. «Компьютерная графика». БИНОМ, Москва, 2006.
  4. 4. Э. М. Кравченя, Т. И. Абрагимович. «Компьютерная графика». Москва, 2009.
  5. 5. М. Гейлер, Ф. Эндрюс. «Photoshop». NT Press, Москва, 2009.
  6. 6. «Секреты Photoshop CS». «Питер», Москва, 2005.

Сабақ жоспары (дидактикалық кезеңдер)

I кезең — Кіріспе

Тақырыппен таныстыру, мақсат пен міндеттерді нақтылау.

II кезең — Білімді актуализациялау

Өткен материалды қайталау және бекіту.

III кезең — Жаңа сабақ

Бүгінгі сабақтың мазмұнын ашу, негізгі ұғымдарды түсіндіру.

IV кезең — Рефлексия

Оқушылардың тақырыпты қаншалықты меңгергенін бақылау.

V кезең — Үй тапсырмасының инструктажы

Сабақта өткен материалды пысықтауға арналған тапсырма беру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды педагогикалық және психологиялық тұрғыдан сабаққа дайындау.

II. Үй тапсырмасын сұрау

Негізгі сұрақтар арқылы өткен тақырыпты қайталау және жаңа сабаққа кіріспе жасау (миға шабуыл).

1) Photoshop интерфейсі

Мәзір қатары, палитралар, параметрлер панелі, құралдар панелі.

2) Қасиеттер (Properties) панелі

Белгіленген құралдардың параметрлерін өзгертуге арналған.

3) Кескін өлшемін орнату/өзгерту

Алғашқы файлды құру кезінде немесе Image Size арқылы.

4) Түстік модельдер

RGB, CMYK, Grayscale.

5) Navigator палитрасы

Үлкейту және кішірейту.

6) Мөлдірлік (Opacity/Transparency)

Қабаттың көрінгіштігін басқару, фонды мөлдір ету мүмкіндігі.

7) Белгілеу және қию құралдары

Lasso, Magic Wand және т.б.

8) Түс таңдау палитралары

Color, Swatches, Styles.

9) History палитрасы

Орындалған әрекеттер тізімін сақтап, қадамдарды кері қайтаруға мүмкіндік береді.

III. Жаңа сабақ

1) Ақпаратты беру (иллюстративті-баяндау)

Қабат (Layer) — кескіннің әртүрлі бөліктері орналасатын мөлдір параққа ұқсас компьютерлік метафора. Бір қабатта бірнеше объект орналасуы мүмкін. Қабаттармен жұмыс нәтижесін толық сақтау үшін көбіне PSD форматында сақтау ұсынылады.

  • Қабатты редакциялау, мөлдір ету, жою, көшіру, өшіру
  • Қабаттардың ретін өзгерту: алдыңғы/соңғы қатарға шығару
  • Негізгі басқару: Layer мәзірі және Layers палитрасы

Оқушылар білуі керек (негізгі дағдылар)

Компьютерлік графиканың түрлері мен негізгі ұғымдары; объект аймақтарын ерекшелеу құралдары.

History палитрасы: артқа қадам жасау, жою; өшіргіш және негізгі редактор құралдары.

Сурет өлшемі және кенеп (Canvas) өлшемі, кенепті бұру.

Файл форматтары: .psd, .pdd, .gif, .jpg.

Қабатпен жұмыс: қосу/өшіру, белсенді ету, көшірме алу, редакциялау, орын ауыстыру, атау беру.

Маска режимдері (жылдам және кәдімгі), түстік режимдер: Grayscale, RGB, CMYK.

Суретті өңдеу және безендіру тәсілдері.

2) Ақпаратты табу

Жаңа терминдерді анықтап, мағынасын нақтылау және оқушылардың дауыстап қайталауы арқылы бекіту.

3) Ақпаратты сәйкестендіру (практикалық тапсырмалар)

  • Қажетті файлдарды ашу
  • Әртүрлі әдіспен сурет бөлігін ерекшелеу
  • Жаңа қабат жасау
  • Қабаттағы суретті редакциялау
  • Нәтижені әр форматта сақтау: .psd, .pdd, .gif, .jpg

4) Ақпаратты қабылдау (өзара бағалау)

Оқушылар бір-бірінің жұмысын критерий бойынша бағалап, орындалу дәлдігін талқылайды.

5) Ақпарат алмасу (пресс-конференция)

Жақсы жұмыс көрсеткен 5 оқушыға басқа оқушылар сұрақ қойып, орындалған тәсілдер мен шешімдерді талдайды.

IV. Үй тапсырмасы

Layers палитрасын және Layer мәзірі командаларын пайдаланып, Жеңіс мерекесіне орай «Ер есімі – ел есінде» тақырыбында шығармашылық жұмыс дайындау.

V. Бағалау

Тапсырмалардың орындалу сапасы, дәлдігі және жұмыс процесіндегі белсенділік бойынша қорытынды баға қою.

VI. Қорытындылау

Сабақтың негізгі ұғымдарын қайталау, қиындықтарды анықтау және келесі тақырыпқа қысқаша бағдар беру.