Сабақтың тақырыбы. Сабақтың мақсаты

Сабақтың тақырыбы

Ө. Ақыпбекұлы. «Мен таңдайтын мамандық…»

Сабақтың мақсаты

Білімдік

Оқушыларды мамандық түрлерімен таныстыру; мамандық иелерінің қызметі мен еңбегі арқылы олардың қоғамдағы маңызын түсіндіру. Кәсіпті саналы таңдау және игеру үшін оқу мен білім алудың қажеттілігін ұғындыру.

Дамытушылық

Әңгіме құрастыру барысында өз ойын және арманын нақты, түсінікті жеткізу дағдыларын қалыптастыру. Шығармашылық белсенділікті дамыту.

Тәрбиелік

Әртүрлі мамандықтарға қызығушылық ояту, еңбек адамдарына құрметпен қарауға тәрбиелеу.

Ресурстар мен ұйымдастыру

Көрнекілігі

  • Суреттер, слайдтар (СКТ), ребус

Техникалық құрал

  • Интербелсенді тақта

Әдіс-тәсілдер

  • Әңгімелеу, түсіндіру, жандандыру, сұрақ-жауап
  • Топтық жұмыс

Пәнаралық байланыс

  • Бейнелеу өнері, музыка

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Бүгін біз үшін ерекше сабақ. Сабақта әрқайсыңа сәттілік тілеймін.

Психологиялық сәт

Бақыт менде, бақыт сенде, бейбітшілік, бейбітшілік.

Бейбітшілік менде, бейбітшілік сенде, бейбітшілік барлық жерде.

II. Өткенді пысықтау

Сұрақтар:

  • Үй тапсырмасына не берілді?
  • Топтық жұмыс: Төлеген Айбергенов туралы сұрақтар және өлеңді тізбектей жатқа айту.

1-топ

Еңбек туралы мақал-мәтелдер айту.

2-топ

Ребус шешу.

3-топ

«Адал тер» ұғымын түсіндіру.

Топ атаулары (мамандық бойынша):

  • 1-топ: Мұғалім
  • 2-топ: Дәрігер
  • 3-топ: Биші

III. Жаңа сабаққа көшу

1-топ

Мамандық иесі болу үшін не істеу керек?

2-топ

Еңбек деген не?

3-топ

Мамандық деген не?

IV. Жаңа сабақ

Бүгін біз ақын Өтепберген Ақыпбекұлының «Мен таңдайтын мамандық…» атты өлеңімен танысамыз. Ақын туралы қысқаша мәлімет беріледі. (Дәптерге күн ретін және тақырыпты жаздыру.)

Оқу түрлері

  • Өлеңді мәнерлеп оқу
  • Іштей оқу
  • Әр шумақты оқушыларға оқыту

Назар аудару

Өлең мамандық таңдау туралы. Мүмкін, сендердің ойларыңдағы мамандықтар да осы шумақтардан табылар. Бірге оқып, талдайық.

Өлеңнен үзінді

Ай-һой, ғажап қандай бұл! Ал, қане, кәсіп таңдай біл: Аламын қандай мамандық, Алдымда толған таңдау тұр.

Әлемге ән боп жалғанар, Әйгілі небір тарландар. Әуелей ұшқан аққудың Әсерлі үнін салған дәл Әміре менен Күләштай, Әнші болсам не арман бар?

Кәсіпкер болсам егер де, Бар әлемді кезем де: Бар пайданы ойламай, Барымды берем мен елге.

Велосипед мініп, одан да Вело-спортшы болам ба? Вело жарыс жолында Великпен желден озам да.

Геолог болып тегі мен, Гүл жайнаған өңірден: Гуілдеп күн-түн тынбайтын, Газдың ашам кенін мен.

Ғалымның жолы ғажайып! Ғибрат сабақ алайық, Ғұмыр бойы ізденіп, Ғанибет ашу — жаңалық.

Ғылымға құмар қалпыммен, Ғарышкер болам, бәлкім, мен: Ғұмырлы қазақ елінің, Ғарышқа жаяр сатың кең...

Ес көретін өз елі, Ер мінезді, беделді: Ел мен елді дос етер, Елші болғым келеді...

Әр шумаққа тоқталып, слайд бойынша түсіндірме беріледі.

Сатылай кешенді талдау

Авторы

Ө. Ақыпбекұлы

Тақырыбы

Мамандық таңдау

Жанр түрі

Өлең

Идеясы

Еңбек пен білім арқылы өз жолыңды табу

Шумақ / тармақ

Оқулық бойынша анықтау

Буын саны / ұйқас түрі

Талдау арқылы анықтау

Түсіндірме сөздік

Өлеңдегі жаңа сөздер мен тіркестердің мағынасын бірге ашып, дәптерге түсіру.

Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады.

V. Бекіту

1-топ

Өлеңде қандай мамандықтар аталды?

2-топ

Осы мамандықтарға тағы қандай мамандықтарды қосар едіңдер?

3-топ

Өлеңде өзің таңдаған мамандық бар ма? Сол мамандық туралы білетін тақпақтарды айтып көр.

Ой қозғау

1-топ

Бірінші болып көмекке келетін мамандықты жұмбақтап, бір-біріңе сұрақ қойыңдар.

2-топ: Құралдар арқылы мамандықты тап

  • Тарағы бар қолында, кімді айттым ойымда? (Шаштараз)

  • Қалағы бар қолында, кімді айттым ойымда? (Құрылысшы)

  • Ожауы бар қолында, кімді айттым ойымда? (Аспаз)

  • Күрегі бар қолында, кімді айттым ойымда? (Диқан)

3-топ

Мамандықтар туралы өз жұмбақтарыңды құрастырып, айтып беріңдер.

VI. Сабақты қорытындылау

«Топтастыру» стратегиясы

Оқушылар өздері таңдаған мамандықтарын жазып, ортақ ой картасын құрады.

VII. Үй тапсырмасы

1-тапсырма

Өлеңді мәнерлеп оқу.

2-тапсырма

Таңдаған мамандық туралы шығарма жазу.

VIII. Бағалау

Топтық жұмысқа қатысу белсенділігі, жауаптың нақтылығы, шығармашылық тапсырмаларды орындауы бойынша бағаланады.