Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастарды және оның түрлерін түсіндіру арқылы оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру
Сабақтың тақырыбы
Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастар. Анықтауыштық қатынас.
Сабақтың мақсаты
Сөз тіркесін білдіретін синтаксистік қатынастарды және олардың түрлерін түсіндіру арқылы оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру.
Ана тілін және рухани байлықты құрметтеуге тәрбиелеу, тапқырлыққа баулу, адамгершілік пен эстетикалық тәрбие беру.
Сабақ барысында оқушыларды сауатты әрі көркем жазуға дағдыландыру.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқу құралдарын тексеру, сыныптың тазалығына назар аудару.
- Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
2) Үй тапсырмасын пысықтау
Үйге берілген жаттығу тексеріледі. Кеспе қағаздар таратылып, оқушылардан жауап алынады.
Қайталау сұрақтары
- 1 Жалғаулар арқылы сөздердің байланысы қалай жүзеге асады?
- 2 Матасудың байланысу тәсілі қандай?
- 3 Жанасу қай сөз табымен тіркесіп келеді?
3) Жаңа сабақты түсіндіру
Сөз тіркесінің бағыныңқы сыңары мен басыңқы сыңары өзара белгілі бір грамматикалық мағынаны білдіреді және соған сәйкес белгілі бір синтаксистік қатынаста жұмсалады.
Сөз тіркестерінің сыңарлары арасындағы грамматикалық мағынаға қарай синтаксистік қатынас үш түрге бөлінеді.
Негізгі тұжырым
Матаса және қабыса байланысқан есімді сөз тіркестерінің сыңарлары бір-бірімен анықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Сұрақтар
Мысал
баланың кітабы
Мысал
бойшаң жігіт
4) Жаттығумен жұмыс
279-жаттығу
Талдау және сұрақ қою
Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін тауып, сұрақ қою арқылы олардың түрлерін және байланысу тәсілдерін анықтап, талдаңдар.
5) Білімді бекіту
Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беріледі. Тақырып бойынша қосымша сұрақтар қойылып, меңгеру деңгейі анықталады.
6) Білімді бағалау
Оқушылардың белсенділігі мен ынтасына қарай білімдері бағаланады.
7) Үй тапсырмасы
Анықтауыштық қатынасқа қатысты бірнеше сөйлем құрап, жазып келіңдер.