Күшейткіш үстеу мен мақсат үстеуін салыстыр
Қазақ тілі (6-сынып)
Сабақ тақырыбы: Мақсат үстеуі
Сабақтың типі
Жаңа сабақ
Сабақтың түрі
Оқыта үйрету
Көрнекілік
Слайд, кесте
Әдіс-тәсілдер
- Топпен жұмыс
- Проблемалық ізденіс
- Талдау
- Сұрақ-жауап
Пәнаралық байланыс
Өмірмен байланыс
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Үстеудің мағыналық түрлері туралы түсінікті тереңдету. Мақсат үстеуі туралы ғылыми негізде білім бере отырып, оны практикада қолдануға қажетті білім, білік, дағдыларды қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың дүниетанымын, қиялын, ойлауын және сөйлеу әрекетін дамыту.
Тәрбиелік
Бір-бірін сыйлауға, өзара пікірді мұқият тыңдауға үйрету.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
- Оқушылармен амандасу.
- Сыныпты түгендеу.
2) Үй тапсырмасын тексеру
310-жаттығу. Күшейткіш үстеулерді қатыстыра отырып, өлеңді әрі қарай талдаңдар.
3) Білімді жан-жақты тексеру
- Үстеу дегеніміз не?
- Үстеудің мағыналық түрлерін атаңдар.
- Туынды үстеудің жасалу жолын түсіндіріңдер.
- Күшейткіш үстеу дегеніміз не?
- Сын-қимыл үстеуі нені білдіреді?
- Мөлшер үстеуі дегеніміз не?
4) Сабақтың мақсатын қою
Күн ретін және сабақ тақырыбын хабарлау.
5) Жаңа сабақ: Мақсат үстеуі
Үстеудің мағыналық түрлерінің бірі мақсат үстеуі деп аталады. Қазақ тілінде мақсат үстеуіне жататын сөздер саны көп емес. Кестеге назар аударайық.
Оқушыларға ережені қайталату арқылы түсінгенін тексеру.
Оқулықпен жұмыс
311-жаттығу. Мақсат үстеуді табыңдар, жасалу жолын көрсетіңдер.
Мақсат үстеулері: қасақана, әдейі.
289-жаттығу. Қасқырша және т.б. сөздермен жұмыс.
312-жаттығу. Төмендегі сөздердің синонимін жазыңдар:
- Әдейі — жорта, қасақана
- Ілгері — алға
- Қыруар — көп, бірнеше, бірталай
Шығармашылық жұмыс
Сөздік диктант
Екіталай, екібастан, ендігәрі, ерсілі-қарсылы, емін-еркін, алагеуім, алмағайып, алма-кезек, апа-сапақ, ауызба-ауыз, аяқ астынан, әнеугүні, әртінде.
Сөйлем мүшесіне талдау
- Мағаш енді әдейі салмақты сабырмен сөйледі.
- Тосушылар енді бет-бетімен аттың басын қоя берді.
- Ұлжан да қазір баласының сөзін ойлана тыңдап қалыпты.
Жеке оқушымен жұмыс (карточка арқылы)
Таратпа №11
- Мақсат үстеуі нені білдіреді? Оған қандай сөздер жатады?
-
Сөйлемнен негізгі және туынды үстеулерді тауып, морфологиялық талдау жаса:
- Абай осыдан бірталай ұзақ ауырды.
- Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек.
- Үй сыртына бірнеше атты кісі дүбірлетіп кеп, шапшаң түсіп, аттарын тез байлап жатыр.
Таратпа №12
- Күшейткіш үстеу мен мақсат үстеуін салыстыр.
-
Берілген сөйлемдерден омонимдес үстеу мен етістікті ажырат:
- Бірақ бұл қызықты мезгіл өте шығады.
- Әңгіме беті бұлай бұрылғаны Абайға аса ұнады.
- Бұл сөзге Абай жеткенде, Тәкежан өте сескеніп қалды.
- Атам маған: «Сыбағаңды аса», — деді.
- Септік жалғауларының көнеленуі арқылы жасалған үстеулерді қатыстыра отырып, сөйлем құраңдар.
6) Білімді бекіту
Пысықтау сұрақтары:
- Мақсат үстеуі нені білдіреді?
- Мақсат үстеуінің қолданылу аясы қандай?
- Мақсат үстеуіне сатылай кешенді талдау жаса.
7) Үй тапсырмасы
- Үй тапсырмасын мұғалімнің нұсқауы бойынша орындау.
8) Бағалау
Оқушылардың сабаққа қатысуы мен тапсырмаларды орындауына қарай бағалау.