Бұйымның ұзындығы

Сарамандық жұмыстың тақырыбы: Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
Сарамандық жұмыстық мақсаты: Оқушыларға таңдаған киімдеріне өлшем алу, оны үлгі бойынша матаға қию, көктеу тігістерін жүргізу жұмыстарын орындау технологиясын көрсету.
Қажетті құрал- жабдықтар: Сантиметрлік таспа, бурда журналы, ине, жіптер, булавкалар, кленка, қайшы, мата, киім суреттері, бор, қаламсап, нұсқау карта, сызғыш.
Жоспары:
1. Сән- өлшем, тәсіл, іс-қимыл бейнесі.
2. Өлшем алу, сызба сызу.
3. Нұсқау картамен жұмыс.
4. Бөлшектерді әзірлеу, құрастыру.
5. Жарнама.
Жұмыстың орындалу тәртібі:
Сән- белгілі бір тплғамның уақытша үстем болуы. Киім – бірінші қажетті зат. Адам қоғамының дамуына және жаңа тарихи қоғамдастықтар пайда болуына байланысты адам киімі де түбірімен өзгеріп отырады.
2. Бұйымның негізгі бөлшектерінің үлгілерін ( алдыңғы бой, артқы бой, жеңдер, жағалар, манжеталар, әдіптер) алу үшін олардың сызбаларын қағазбен түсіреді.
Өлшем алу әдістері.
1. Мо- мойын орамы, мойынды айналдыра өлшеу.
2. Ко- кеуде орамы, кеудені айналдыра өлшеу.
3. Бо- бел орамы, белді айналдыра өлшеу.
4. Жбо- жамбас орамы, жамбасты айналдыра өлшеу.
5. Бұйымның ұзындығы.
6. Кұ- кеуде ұзындығы, мойыннан кеудеге дейінгі ұзындық.
7. Бұ- бел ұзындығы, мойыннан белге дейінгі ұзындық.
8. Жбұ- жамбас ұзындығы, белден жамбасқа дейінгі ұзындық
9. Жө- жеңнің ұзындығы, иықтан білезікке дейінгі ұзындық.
10. Иө- иық өлшемі, мойыннан иыққа дейінгі ұзындық.
Барлық тұлғалар өлшемдерін екі топқа ажыратуға болады
- орамдары
- ұзындықтары
- Әдетте өлшемді көйлек-көншек немесе жеңіл көйлек сыртынаналады. Өлшем алу кезінде адам еркін әрі қимыл-тұрысын өзгертпей тұруы керек.
- Бел сызығына қатты етіп, көлденеңінен жіп (резеңке) байлауы керек.
- Өлшемді алдымен алдыңғы жағынан, одан кейін артқы жағынан өлшейді.

Жұмыстың орындалу жүйеліктері
Керекті құралдар

Бөлшектерді үлгі бойынша матаға қойып пішу әдісі.
- Матаға сипаттама.
- Теріс бүктеп, үлгілерді орналыстырып реттеу.
- Үлгімен матаны булавкалармен қыстырып, бекіту.
- Орнын белгілеу.
- Қайшымен қиып алу
- Қауіпсіздік ережесін еске түсіру.

Мата, үлгілер

Инелер, түйреуіштер
Бор, сабын алқындысы
Қайшы

Көйлекті өңдеу технологиясы
- Алдыңғы, артқы бойдың бүкпелерін орындау.
- Алдыңғы және артқы бойдың жан, иық тігістерін орындау.
- Алдыңғы артқы бойды қосып тігу
- Шақтап өңдеу
- Ақауларды жөндеу
- Тігін машинасымен өңдеу
- Ылғалды – жылумен өңдеу
- Әшекейлеу
- Киюге әзірлеу. ( жуу, кептіру, үтіктеу)
Ине, жіп, қайшы
См-лік таспа
Тігін машинасы
Электр үтік
Бау, моншақ, таспа

Шалбар өңдеу технологиясы.
- Бөліктерінің пішімін өңдеуге дайындау
- Шақтап өлшеуге даярлау
- Шақтап өлшеуден кейінгі кемшіліктерін түзету.
- Қыржымдарын өңдеу.
- Жан тігістерін өңдеу
- Ысырма- ілгекті қолданып, ілгегін өңдеу.
- Белбеуді өңдеу
- Түймеліктерін өңдеу
- Әшекейлеу жұмыстары
- Жіптердің үзінділерін алып тастау
- Ылғалды – жылумен өңдеу
- Шалбарды киюге дайындау
Ине, жіп, қайшы
См-лік таспа
Электр үтік
Ысырма ілгек
Теспе тігу
Түйме
Бау, таспа
Қайшы
Үтік
Сергіті сәті. Ситуациялық сұрақтар қою.
1. Матаға үлгіні дұрыс орналастырмадық, бір бөліктерді бірдей етіп пішіп алдық, қандай жағдайда боласың, бұл кедергіден қалай шығасың?
2. Пішкен киімің өзіңе болмай қалды, қысқа әрі тар, қандай күйде боласың, бұл жағдайдан қалай шығасың?
3. Киімін сабақ үстінде сөгіліп кетті немесе жыртылып қалды, қандай күйде боласың?
Жарнама жасау. Әрбір топ өзі өлшеп пішкен бұйымының сапасына жарнама жасау. Мысалы:Шалбар ұсынған себебім,
Әдемі киін дегенім.
Шалбарымыз да адамдарды таңдайды,
Толықтардың дені тұрқын сомдайды.
Шалбар деген бір керемет нәрсе ғой
Сондықтан да шалбар киген ыңғайлы,
Өйткені ол біліп тұр-ау ыңғайды,
Сөз жоқ сенің айтқаныңды тыңдайды,
Шалбар киген бәрімізге ыңғайлы.
Сұрақтарға жауап беру.
1. Бөлшектерді әзірлеуді қалай жүргізеді?
2. Бөлшектерді дайындау қандай жүйелілікпен жүргізіледі?
3. Бұйымдарды құрастыру қалай жүргізіледі?
4. Бұйыиды тігу кезіндегі жүйеліліктің бұлжымайтын тәртібі бар ма? Неліктен?
5. Бұйымдардың ұсынылған нобайларын қара, бұйымның бөлшектерін әзірлеу мен құрастыру қалай жүргізілетінін айтыңдар?
Үйге тапсырма: Киімді өлшеп, пішу жұмыстарын орындау.



Ұқсас жұмыстар

Тетікті өңдеудін технологиялық бірізділігін жобалау
Киімдер тігу технологиясы
Биыл сәнде баулы аяқ киімдер
Жағаны астарлы бұйыммен біріктіру
Пиджак жағаларын дайындау
Киімнің сапасы және экспертиза
Әйелдер жакетін дайындауға жобалық-конструкторлық құжаттаманы әзірлеу
Киім тігу технологиясы
Тігін тігу технологиялары
Иық нүктесінен түсірілген жең ұзындығыныңарақашықтығы
Аурудың қоздырғышы - ұзындығы 4 - 13 мм - дей жалпақ құрт описторхис
Сары жарық толқынының ұзындығын табыңдар
Толқын ұзындығы
Зайсан көлінің үзындығы қанша
Сыну көрсеткішінің толқын ұзындығына байланыстылығы
Комптондық толқын ұзындығының формуласы
Ұзындығы дифракциялық тордың тұрақтысы
Толқын ұзындығының сыну көрсеткіштігіне тәуелділігі
Комптон толқынының ұзындығын анықтайтын теңдеу
ДНҚ молекулаларын созса, ұзындығы