Әсерлі және қызықтырушы сөздерді пайдалану
Оқу мақсаты
А6: әсерлі және қызықтырушы сөздерді пайдалану.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар орындай алады
- Өлеңді оқиды және түсінеді.
- Көркемдегіш сөздерді тауып, мәнерлеп оқиды.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады
- Өлеңдегі әсерлі сөздерді қолданып, суреттер мен өлең жолдарын сәйкестендіреді.
- Мазмұнын әңгімелейді.
Кейбір оқушылар орындай алады
- Жаңа сөздер мен көркемдегіш сөздерді пайдаланып, өлеңді талдайды.
- Өлең мазмұнын жүйелі түрде жеткізеді.
Тілдік мақсат
Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқып, көркемдегіш әрі әсерлі сөздерді анықтайды, мазмұнын баяндайды. Тапсырмалар ТКО әдісі арқылы орындалады.
Пәнге қатысты сөздік қор
Суреттерді сәйкестендіруге арналған тірек сөздер
- көкорай шалғын
- бәйшешек
- күркіреп жатқан өзен
- жылқылар
- үйрек-қаз
- қыз-келіншек
- сабадағы қымыз
- салтанатты байлар
- төселген кілем
- бәйге аттары
Пәнаралық байланыс
Әдебиет пәнімен байланыс орнатылады.
Алдыңғы оқу: қызығушылықты ояту
Топтастыру (3 минут)
Оқушылар туған күндеріне сәйкес жыл мезгілдері бойынша топтарға бөлінеді.
Таныстырылым (3 слайд)
Күз, қыс, жаз суреттері көрсетіледі. Оқушылардан: «Бұл қандай жыл мезгілдері?» деп сұралады.
Негізгі мәтін: Абай Құнанбаевтың «Жаз» өлеңі
Төмендегі шумақты оқып, қай жыл мезгілі бейнеленгенін анықтаңыз. Авторын атаңыз. Осы арқылы сабақтың тақырыбы мен мақсаты нақтыланады, бағалау дескрипторлары ұсынылады.
Жаздыгүн шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бәйшешек,
Ұзарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатқан өзенге
Көшіп ауыл қонғанда...Абай Құнанбаев
Талқылауға арналған сұрақтар
- Өлең қай жыл мезгіліне сәйкес келеді?
- Бұл өлеңнің авторы кім?
- Қандай көркемдегіш, әсерлі сөздер ерекше байқалады?
Мұғалім туралы
Мұғалім: Базарова Газиза Советовна