Жаңа сабаққа дайындық Кім жылдам
Сабақ барысы
Күндей жадырап, айдай арайлап, жұлдыздай жарқырап, судай таза көңілмен бүгінгі сабағымызды бастаймыз. Балалар бір-біріне жылы тілек айтады.
Өткен сабақты пысықтау
Балалар, тыңдап көрейікші: біреу есік қаққан сияқты. Осы сәтте Дымбілмес кіріп келеді.
Мұғалім: Балалар, бұл кім?
Балалар: Бұл — Дымбілмес!
Дымбілмеске өткенді еске түсіру үшін сұрақтар қойылады.
Сұрақ
Дыбыс пен әріптің айырмашылығы қандай?
Талқылау
Дымбілмес дұрыс жауап бермейді. Балалар өз жауаптарын айтып, түзетеді.
Қайталау үшін әріптер
А, Т, Ш, М, Р, С, Д, Ж, Н, Ң және т.б.
Дымбілмес әріптерді шатастырады. Балалар қателігін тауып, дұрыс жауабын айтады.
Мұғалім Дымбілмеске: «Жақсы, сабаққа қатыса бер» деп қолдау көрсетеді.
Жаңа сабаққа дайындық: «Кім жылдам?»
Ойын арқылы жұмбақтардың шешуін табамыз. Әр шешім жаңа тақырыпқа жетелейді.
1-жұмбақ
Тұмсығына жібін байлап,
Сүңгіп, батып, бір мықты,
Бүтіндейді жыртықты.
Жауабы: ине
2-жұмбақ
Алты аяқты, төрт қанатты,
Елестетер тікұшақты.
Жауабы: инелік
3-жұмбақ
Адамға серік,
Күзетке берік.
Жауабы: ит
Жаңа сабақ: «И» дыбысы мен әрпі
Тақтадағы суреттер: ит, ине, инелік, итмұрын, ителгі, итбалық. Осы сөздер арқылы «И» дыбысының сөздің басында да, ортасында да кездесетінін байқаймыз.
Тапсырма
- «И» дыбысы бар сөздерді ойлап айту
- Сөздерді буынға бөлу
Салыстыру
Балалар бұрын таныс болған «Й» әрпімен ұқсастығын айтады. Мұғалім «И» және «Й» әріптерінің айырмашылықтарын түсіндіреді.
Сергіту сәті
Сағаттың тіліндей иіліп оңға бір,
Сағаттың тіліндей иіліп солға бір.
Оң аяқ, сол аяқ,
Жаттығу оңай-ақ.
Таяқшамен жұмыс
Балалар таяқшалар арқылы «И» әрпін құрастырады.
Дәптермен жұмыс
- 1 «И» әрпін ауада жазу.
- 2 «И» дыбысының әріп таңбасын жазу. Жазу кезінде түзу отыру, дәптерді қиғаш қою ережелері еске салынып, әдемі жазуға дағдыландырылады.
- 3 «Инелік», «шие» сөздерін жазу, осы сөздермен сөйлем құрастыру.
Сөйлем үлгісі 1
Әжеде ине бар.
Сөйлем үлгісі 2
Инемен киім тікті.
Сабақты қорытындылау
Мұғалім: Бүгін қандай дыбыспен таныстық?
Балалар: «И» дыбысымен.
Мұғалім: «И» дыбысы қандай дыбыс?
Дымбілмес ортаға шақырылады. Бұрын қойылған сұрақтар қайтадан қойылып, ол бұл жолы мүдірмей жауап береді. Балалар оның ілгерілеуін байқап, бірге қуанады.
Мұғалім Дымбілмеске: «Енді осылай сабаққа қатысып тұр. Сен де біздің балалар сияқты бәрін үйренесің» дейді.
Дымбілмеспен қоштасып, оны шығарып салады.
Бағалау
Сабаққа белсенді қатысқан балалар жұлдызшалармен бағаланады. Соңында әр оқушы өз жұлдызшаларын санайды.
Сабақ аяқталды. Қонақтар, сау болыңыздар.