Ұлттық ойын - ұлт қазынасы Сабақтың мақсаты
Дене шынықтыру
Сабақ жоспары: ұлттық ойындар арқылы қозғалыс мәдениетін дамыту
Сабақтың тақырыбы
Ұлттық ойын – ұлт қазынасы
Сабақтың мақсаты
- Ұлттық ойындар арқылы балалардың дене бітімінің дұрыс қалыптасуын жетілдіру.
- Ұлттық ойындарға қызығушылықты арттыра отырып, ептілікке, мергендікке, шапшаңдыққа және тапқырлыққа баулу.
- Ойын арқылы салт-дәстүрдің мәнін түсіндіріп, ұлттық құндылықтарды қадірлеуге үйрету.
Әдіс-тәсілдер
- Ойын
- Көрсету
- Әңгімелеу
Қажетті құралдар
- Бала санына қарай қамшы
- Теңге
- Арқан
- Тақия
Сабақтың барысы
Шаттық шеңбері
Балалар шаттық шеңберін құрады.
Үлкенге де сіз!
Кішіге де сіз!
Барша жұртты құрметтеп,
Бас иеміз біз!
Дайындық бөлімі
- Қатармен сап түзеп жүру.
- Аяқтың ұшымен жүру, жай жүру, өкшемен жүру.
- Атпен шауып жүру қимылын жасау.
- Бір қатарға тұру.
- 1–2 деп санау арқылы екі қатар сапқа тұру.
Негізгі бөлім: жалпы дамыту жаттығулары (қамшымен)
- Бастапқы қалып: қамшы төменде. (Алдына, жоғарыға көтеру — 6 рет.)
- Бастапқы қалып: аяқ сәл алшақ, қамшы жоғарыда. (Оңға және солға иілу — 6 рет.)
- Бастапқы қалып: «домбыра тартып» отырып-тұру. (6 рет.)
- Бастапқы қалып: қамшыны алдына қойып, бір орында секіру. (10 рет.)
- Бастапқы қалып: қамшы жоғарыда, бір қол алдында. (Желіп тұру — 6 рет.)
- Бастапқы қалып: қамшы алдында. (Атпен алға және артқа желу қимылын жасау — 6 рет.)
Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай балалар
Үп-үлкен боп өседі.
Ұлттық ойындар арқылы жаттығу
Жаттықтырушы балалардан қазақтың ұлттық ойындарын сұрайды. Ұлттық ойындар — ата-бабамыздан жеткен, өткен мен бүгінді жалғаған баға жетпес мұра, асыл қазына. Ендеше, бірнеше ұлттық ойын ойнап, жаттығайық.
Тақия тастамақ
Балалар дөңгелек болып отырады. Бір бала жүргізуші болып, тақияны білдірмей тастайды. Тақия түскен бала байқап, ойынды жалғастырады.
Теңге алу
Екі бала жарыса отырып, теңгені жылдам алып шығуға тырысады.
Арқан тарту
Балалар екі топқа тең бөлініп, арқан тартысып күш сынасады.
Қорытындылау
Балалар бір қатарға тұрады. Жаттықтырушы бүгінгі спорттық іс-әрекетке бәрі өте белсенді қатысқанын атап өтеді. Одан кейін үстел үстіндегі жасырылған суреттерді кезекпен алып, қай ұлттық ойын екенін тауып, атауын айтады.
Ұлттық ойындардың атауларын дәл тауып, ойындарды өте тамаша орындадыңыздар. Сабақ аяқталды, сау болайық!