ХБЖ өлшем бірлігі
Қысқа мерзімді жоспар (Физика, 7-сынып)
Сабақ тақырыбы: Тығыздықты есептеу
Оқу мақсаттары
Тығыздықтың формуласын есептер шығаруда қолдану.
- Ойлау дағдыларының деңгейлері
- Білу, түсіну, қолдану
Бағалау критерийлері
- Өлшем бірліктерін ХБЖ-ға келтіріп, заттың тығыздығына берілген есептерді шығара алады.
- Тығыздық формуласын қолданып, дененің массасы мен көлемін анықтау үшін есептеулер жүргізе алады.
- Эксперименттік тапсырма арқылы заттың тығыздығын анықтап, нәтижесін дәлелдей алады.
Тілдік мақсаттар
Диалог пен жазбаша жұмыстарда келесі терминдерді қолдану: тығыздық, масса, көлем, дене, өлшеу.
Құндылықтарды дарыту
- Зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылықтарын түсіну.
- Шығармашылық және сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
- Өзгелердің мәдениеті мен көзқарасына құрметпен қарау.
Пәнаралық байланыс
Математика
Сабақтың басы
Ұйымдастыру кезеңі сабаққа бағыт беріп, бірлескен жұмысқа жағдай жасайды.
Ұйымдастыру
- Сәлемдесу және түгендеу.
- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру: сабаққа жақсы тілектер айту.
- Әртүрлі түстер арқылы сыныпты 5 топқа бөлу.
- Әр топ топ басшысын анықтайды.
- Топ ережелерін қайталау.
- Бағалау парақтарын тарату.
Үй жұмысын тексеру
«Сиқырлы ұяшықтар» әдісі: әр топ презентациядағы ұяшықтарды ашып, сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап үшін ұпай беріледі.
Ескерту
Жауап беру барысында ХБЖ өлшем бірліктерін дұрыс қолдануға және формулаларды сауатты жазуға назар аударылады.
«Сиқырлы ұяшықтар» сұрақтары
Төмендегі сұрақтар өткен тақырыпты еске түсіруге және жаңа сабаққа дайындық жасауға бағытталған.
-
1. Масса дегеніміз не? ХБЖ-дағы өлшем бірлігі қандай?
-
2. Заттың тығыздығы деп нені айтамыз?
-
3. Тығыздықты қалай анықтаймыз? Формуласы қандай?
-
4. Тығыздықтың қандай өлшем бірліктерін білесіңдер?
-
5. «Тығыздық» термині орысша және ағылшынша қалай айтылады?
-
6. Пішіні дұрыс денелердің көлемін қалай анықтаймыз?
-
7. Пішіні бұрыс денелердің көлемін қалай анықтаймыз?
-
8. Тығыздық пен масса белгілі болса, көлемді қалай есептейміз?
-
9. Денелердің өзара әрекеттесуі дегеніміз не?
-
10. Көлем мен тығыздық белгілі болса, массаны қалай табамыз?
Мәліметтер
- Мектеп
- № 11 ЖОББМ КММ
- Мұғалім
- Балтиева Ш. Д.
- Материал
- «Тығыздықты есептеу» (жүктеу)