Төрт санына қатысты пішіндерді білу
Ашық сабақ: 4 санымен таныстыру (Естиярлар тобы)
Білім беру саласы
Таным
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті
Математика
Тақырыбы
4 санымен таныстыру
Мақсаты
Балаларды 4 санымен таныстыру. Ойлау қабілетін дамыта отырып, 4 көлеміндегі сандарды ретімен атауға және санауға үйрету. Тапсырмалар арқылы балалардың шығармашылығын дамыту.
Көрнекіліктер
- Дидактикалық материалдар
- Суреттер
- Кеспе сандар
Әдіс-тәсілдер
- Түсіндіру
- Жаттықтыру
- Әңгімелесу
- Ой-қозғау
- Шығармашылықпен өз бетімен жұмыс
1) Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері
Тәрбиешінің сөзі
Балалар, сендермен кездескеніме өте қуаныштымын. Бір-бірімізге қарап, көздеріңнен қуаныш пен шаттықты көріп тұрмын. Барлығымызды Шаттық шеңберіне шақырамын.
Күн, сәуле шашқаның үшін рахмет!
Бұлт, жаңбыр сепкенің үшін рахмет!
Аспан, таза ауаң үшін рахмет!
Ағаш, көлеңкең үшін рахмет!
Балалардың әрекеті
Балалар оқу іс-әрекетінің басталғанын түсінеді. Күнмен, аспанмен және ағашпен амандасады, шеңберге тұрып, көңіл күйін көтереді.
2) Ізденіс-ұйымдастыру: Тақырыпқа шығу
Балалардың назары тақтадағы суретке аударылады. Суретте жылдың төрт мезгілі бейнеленген. Балалар мезгілдерді атап шығады: қыс, көктем, жаз, күз.
Түйінді ой
Демек, бүгінгі оқу іс-әрекетінде біз 4 санымен танысамыз.
Сұрақ-жауап
Тәрбиеші: Балалар, тәуліктің төрт мезгілін білесіңдер ме?
Балалар: Иә, білеміз: таңертең, күндіз, кеш, түн.
3) Дидактикалық ойын: «Топтап жина»
Мақсаты
Балаларды заттарды топтастыруға және оларды дұрыс санай білуге үйрету.
4) Сергіту сәті
Төрт дөңгелек арбада,
Төрт аяқ бар малда да.
Тауыса алмай бидайды,
Төрт тышқан жүр қамбада.
5) Дидактикалық ойын: «Көршісін тап»
Мақсаты
4-ке дейінгі сандарды тура және кері санау дағдысын қалыптастыру.
Шарты
Тәрбиеші бір сан айтады. Балалар сол санның көрші сандарын табады. Мысалы, 3 саны айтылса, оның көршілері 2 және 4.
Диалог үлгісі
Тәрбиеші: Балалар, 2 санының көршісін кім атап береді?
Досат: 2 санының көршілері — 1 және 3.
Тәрбиеші: Үш санының көршісін ата.
Ақбота: 3 санының көршілері — 2 және 4.
Тәрбиеші: Жарайсың, Ақбота!
Ойын осы тәртіппен бірнеше рет қайталанып ойнатылады.
6) Рефлексия және қорытынды
Сабақты қорытындылау үшін Жұлдызай «Төрт қадам» атты тақпағын айтады.
«Төрт қадам»
Ең бірінші қадамың — тәй-тәй басу,
Тәй-тәй басып, адымдап алға басу.
Екінші қадамың — қалам алу.
Төртінші қадамың — үйлі болу.
Төрт қадамың сай келсе, болмас солу.
Күтілетін нәтиже
Жаңғыртуы
4 санына қатысты пішіндер мен мысалдарды таниды.
Қолданылуы
Топтастыру және сандарды бір-бірінен ажырату тәсілдерін қолданады.
Білуі
- 1, 2, 3 сандарын және жаңа 4 санын ажыратады.
- 3 пен 4 сандарын салыстыра алады.
- 4 саны төрт бірліктен құралатынын біледі.
Сабақ аяқталды.