Шебер тобы
Отбасы – өмір аясы
Бұл шара отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттауға, ата-аналардың мектеппен тұрақты байланысын нығайтуға және оқушылардың өз үйі мен отбасына деген сүйіспеншілігін дамытуға бағытталған.
Мақсаты
- Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.
- Ата-аналардың мектеппен тұрақты қарым-қатынасын қалыптастыру.
- Өз туған үйі мен отбасына деген сүйіспеншілікті дамыту.
Көрнекілігі
- Жақсылық пен мейірімділік туралы нақыл сөздер.
- Суреттер.
- Шарлар мен гүлдер.
Кіріспе сөз (жүргізуші мәтіні)
Қайырлы күн, ұстаздарым, ардақты! Жас бүлдіршін білім қуған жан-жақты. Кәрі де жас, үлкен-кіші қаумалап, жанұялар сайысына кеп қалды.
Құтты болсын жанұялар мерекесі! Ата-ана — шаңырақтың берекесі. Бала — адамның бауыр еті, баламенен шаңырақ берекелі.
Құрметті ата-аналар, қымбатты оқушылар, аяулы ұстаздар! «Отбасы – өмір аясы» атты отбасылық сайысқа қош келдіңіздер.
«Әке — асқар тау, ана — бауырындағы бұлақ, бала — жағасындағы құрақ», — дей келе бүгінгі сайыскерлерімізді таныстырайық.
Қатысушы топтар
- 1 Шебер тобы
- 2 Дарын тобы
- 3 Достық тобы
- 4 Инабат тобы
Әділқазылар алқасы
Сайысымыздың негізгі арқауы — қатысушылар. Оларға әділ баға беру үшін әділқазылар алқасымен таныстырамыз.
Осы жерге әділқазылардың аты-жөні мен қызметі енгізіледі.
Сайыс кезеңдері
I кезең
Жылдамдық«Кім шапшаң» — берілген тақырыпқа жылдам мақал құрастыру.
II кезең
Шығармашылық«Жақсылық – жан жадыратады» — сурет салу арқылы жақсы адамның бейнесін бейнелеу.
III кезең
ОйлауПсихологиялық-педагогикалық жағдаяттарды шешу.
IV кезең
Тапқырлық«Кім тапқыр» — берілген суретті сөзбен немесе мимика арқылы түсіндіру.
Шақыру
Ал, балалар, назар аударайық: ата жолын жалғайық, ел дәстүрін қорғайық!
Кімдер зерек, кім жылдам — талаптарын байқап көрейік.
I кезең: «Кім шапшаң» тақырыптары
Төмендегі тақырыптардың біреуі беріледі. Қатысушылар сол тақырыпқа байланысты мақал-мәтелді тез құрастырып немесе сәйкес мақал айтуы керек.
Тақырыптар
- 1.Ел
- 2.Ана, әке
- 3.Еңбек
- 4.Сөз, тіл
- 5.Білім
Жалғасы
- 6.Өнер
- 7.Дос
- 8.Жақсы-жаман қасиет
- 9.Орамал
- 10.Су
Ойын кезеңі: «Менің балам қайда екен?»
Бұл ойында ананың көзі байланады. Ол өз баласын қолы арқылы (қолының сипаты, алақаны, саусақтары арқылы) тауып алуы керек.
Ескерту
Қауіпсіздік үшін қатысушылардың арақашықтығын сақтап, ойын барысында жетекші бағыттап отырады.