Сабақтың қорытындысы
Сабақтың мақсаты
Білімділік
10 санының құрылымымен таныстыру; біртаңбалы және екітаңбалы сандар ұғымын қалыптастыру.
Дамытушылық
Зейін мен ойлау үрдістерін, пәнге қызығушылықты, жүйелі ойлауды дамыту; шапшаңдық, жылдамдық, көрегендік қасиеттерін жетілдіру.
Тәрбиелік
Есептеу дағдыларын күнделікті өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
Сабақтың түрі
Саяхат сабақ
Сабақтың әдістері
- Түсіндіру
- Әңгімелеу
- Ойын
- АКТ
- Сұрақ-жауап
- Көрнекілік
- Пікір білдіру (комментарий)
Пәнаралық байланыс
Дүниетану, әдебиеттік оқу
Көрнекіліктер
Сандар, сюжетті суреттер
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сыныптың дайындығын тексеру, сабаққа назар аударту.
II. Психологиялық дайындық
Әрбір адам — туысым, досым, жұрағат,
Әрбір сабақ — үйрену, ұғу, ұлағат.
Әрбір ісім — тіршілік, тірек, адамдық,
Әрбір сөзім — шындық, бірлік, адалдық.
III. Тірек білімдерін жетілдіру
Сабақтың тақырыбы мен мақсаты таныстырылады.
Сұрақ: Балалар, біздің еліміз қалай аталады?
Жауап: Қазақстан Республикасы.
Сұрақ: Ұлтымыз қалай аталады?
Жауап: Қазақ.
Саяхатқа кіріспе: Мейрамда біз де саяхатқа шығайық. Нағашы ауылына қонаққа барайық. Алдымен жолға дайындығымызды тексерейік.
IV. Жаңа материалды меңгерту
A) 10 саны қандай цифрлардан тұрады? 1 және 0.
10 — екітаңбалы сан. Барлық сандар 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 цифрларынан құралады.
Ә) Суреттермен жұмыс: үйректерді санап, 10 санының құрамын анықтау.
Қорытынды: 10 дегеніміз — 9 және 1 (немесе 1 және 9).
Б) Өлшем бірліктері: 1 дм = 10 см.
1 см жолақшаны 10 рет тізбектеп жалғап, құрал арқылы 10 см = 1 дм теңдігін түсіндіру.
В) Біртаңбалы және екітаңбалы сандарды ажырату.
Біртаңбалы сандар
6, 1, 8, 9, 0
Екітаңбалы сандар
10, 13, 21, 63
V. Оқулықпен жұмыс
10 санын көркем етіп жазу.
№3 (22-бет): салыстыру
Ескерту: «□» орнына салыстыру таңбалары қойылады: >, < немесе =.
VI. Өткен материалды қайталау
№2 (84-бет).
VII. Сергіту сәті
Тамшы болып тамайық,
Арықпен бірге ағайық.
Көлшік болып жиналып,
Күнге қолды бұлғайық.
Күн көзімен құрғайық.
Бу боп аспан төрінде
Бұлттар санын құрайық.
Бұлттан жаңбыр сөгілер,
Жер әлемге төгілер.
VIII. Ауызша және жазбаша жұмыс
Ауызша жұмыс: №3 (84-бет)
- Сол жақта сиырлар мен бұзаулардың суреті берілген. Оларды санап, қандай өрнек құрастыруға болатынын айтыңдар.
- Оң жақта жылқылар мен құлындардың суреті берілген. Қандай өрнек құрастыруға болады?
- Екі жақтағы суреттер санын салыстырайық: екі өрнек жазып, >, < немесе = таңбасын қойыңдар. Қай таңбаны неге таңдағандарыңды түсіндіріңдер.
Теңсіздікті оқыту және түсіндіру.
Дәптермен жұмыс: №4
Оқулықтағы тапсырманы дәптерге орындау.
IX. Сабақты қорытындылау
- Бүгін қандай тақырыппен таныстық?
- Сабақта қандай жұмыстар орындадық?
- Қай тапсырма қиын болды? Неліктен?
X. Үй тапсырмасы
№5.
№5 тапсырма кеңістікті елестету, заттардың белгілерін бөліп алу, салыстыру дағдыларын дамытуға арналған.
XI. Бағалау
Оқушылардың қатысуына қарай жетістіктері мен кемшіліктерін ескере отырып, бағалау және мадақтау.
Мұғалім туралы мәлімет
Өңір
Ақтөбе облысы, Мәртөк ауданы, Қазан ауылы
Мектеп
Қазан негізгі мектебі
Пәні және мұғалімі
Бастауыш сынып мұғалімі — Қайролла Мұратқабыл Мейрамбекұлы