Ата - ана

Мақсаты

Бұл мерекенің басты мақсаты — баланың ойлауын, тілін дамыту, дүниетанымын қалыптастыру және ана тілінде мәнерлі сөйлеу шеберлігін үйрету. Оқушының ой-қиялын шарықтатып, өлең жолдарын жаттату, би билеуге баулу арқылы бойындағы ерекше қабілетін ашып, тәрбиелеу көзделеді.

Барысы

Мұғалімнің құттықтауы

Бақытты балдырғандар, ардақты ата-аналар, құрметті қонақтар! Тілашар тойы құтты болсын!

Қуаныш бүгін — мереке,
Шуағын шашып тұр әлем.
Тілашар тойы мектепте —
Шәкірт. Ұстаз. Ата-ана.
Қуаныңдар бүгін бәрің де.

Ән

«Сәлем, мектеп!»

Оқушылардың өлеңдері

1-оқушы — Ақмарал

Мектеп — қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз.
Өнерпаз болып өсетін,
Біз оқушы боламыз.

2-оқушы — Нұрдана

Нұр шашып тұр көкте күн,
Өмірімнің көктемін
Гүлдендірем деп келдім,
Алтын ұя мектебім.

3-оқушы — Жадыра

Мектеп — анам бүгінде,
Мектеп — алтын босағам.
Мектеп берген біліммен
Марқаяды жас ұлан.

4-оқушы — Қыдырәлі

Күлім қағып көкте күн,
Тал шыбықтай көктедім.
Әлдилейді анамдай
Алтын ұя мектебім.

Ән

«Сүйікті мектебім!»

5-оқушы — Аякөз

Мектеп, мектеп, төңіректеп
Жүруші едім мен кеше.
Сұраушы едім, жылаушы едім,
Әпкем кітап бермесе.

6-оқушы — Зарема

Оқуды көп оқимыз,
Қызығына тоймаймыз.
Өлең айтып, би билеп,
Өнерден де қалмаймыз.

7-оқушы — Нұрсәуле

Мектеп деген жақсы екен,
Қызығы мол, думанды.
Жақсы көрем бәрінен
Әдемілеп жазғанды.

Жеті жасқа жеткенім —
Еркеліктен кеткенім.
Кітабымды қолтықтап,
Мектебіме жеткенім.

8-оқушы — Бауыржан

Үлкендерді сыйлайтын,
Кіші қамын ойлайтын,
Сүймейміз жат әдетті —
Баламыз біз әдепті.

Ән

«Біз бақытты балдырған!»