Нақ осы шақ

Сабақ тақырыбы

Осы шақ. Нақ осы шақ.

Сабақтың жалпы мақсаты

Білімділік

Оқушыларға осы шақ етістік туралы түсінік беру.

Дамытушылық

Ойлау мен есте сақтауды дамыту; өз ойын еркін жеткізу дағдысын қалыптастыру; шығармашылық қабілетін жетілдіру. Байланыстырып сөйлеу тілін, көркем жазу дағдыларын дамыту.

Тәрбиелік

Ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Ресурстар мен сілтемелер

Сілтемелер

  • Мұғалімдерге арналған нұсқаулық
  • «Қазақ тілі мен әдебиеті» оқыту әдістемесі
  • 7-сыныпқа арналған қазақ тілі оқулығы
  • Үлестірме материалдар

Сабақта қолданылатын материалдар

  • Интерактивті тақта
  • Үнтаспа

Оқыту әдістері

  • Оқыту мен оқудағы жаңа әдіс-тәсілдер
  • АКТ-ны тиімді пайдалану
  • Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
  • Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау

Күтілетін оқу нәтижесі

Әр оқушының өзіндік ой-қиялына ерік бере отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуіне жағдай жасау.

Сабақ барысы

1) Психологиялық ахуал қалыптастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, қызығушылығын ояту, қолайлы психологиялық орта қалыптастыру. Деңгейлік тапсырмалар арқылы белсенділігін арттыру.

2) Қызығушылықты ояту: «Кім жылдам?»

Оқушылар ұяшықтардың бірін таңдайды. Өткен тақырыптарды еске түсіретін, жаңа сабақты меңгеруге негіз болатын қайталау сұрақтары қойылады.

3) Жаңа тақырыпты түсіндіру

Осы шақ пен нақ осы шақ етістіктері сөйлемдер және сызба арқылы түсіндіріледі. Мысалдар арқылы ереже шығарылады.

Нақ осы шақ (қимыл дәл қазір жүріп жатыр)

  • Сабақ өтіп жатыр.
  • Жаңбыр жауып тұр.

Ауыспалы осы шақ (әдет, дағды, жалпы әрекет)

  • Сабақ өтеді.
  • Жаңбыр жауады.

Мағыналық белгісі

Сөйлеп тұрған сәттегі іс-әрекетті білдіреді.

Түрлері

  • Ауыспалы осы шақ
  • Нақ осы шақ

Құрамы

  • Дара
  • Күрделі

Жасалу жолдары

Қалып етістіктер

отыр, тұр, жатыр, жүр

Көсемше тұлғалары

-ып, -іп, -п, -а, -е, -й

4) Жазба жұмыс: деңгейлік тапсырмалар (сайыс түрінде)

Мәтіннен осы шақ етістіктерін табу.

I топ

Лейтенант Теміров басқарған пулеметшілер тобын Калинин майданына жіберіп отыр. Бұлар Невель қаласын жаудан азат етуге келіп тұр.

II топ

Олардың ішінде Мәншүк те бар. Оны соғыстың ең қауіпті жеріне баруға міндеттеп тұр. Жау әскері Невель қаласынан шабуылға шығып жатыр.

III топ

Бірақ өжет қыз жау аяғын ілгері бастырмай, оларды шөпше жапырып жатыр. Батыр қыздың жараланғанын байқаған жау әскерлері ілгерілеп жүрді.

5) Сергіту сәті

Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш боп тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.

Боран соғар оң жақтан,
Боран соғар сол жақтан.
Қар лақтырып ойнасақ,
Суық өтер қолғаптан.

6) Ой толғаныс: тест

  1. 1) Қимыл-қозғалысты, іс-әрекетті білдіретін сөз табы қайсы?

    А) зат есім    Ә) сын есім    Б) етістік

  2. 2) Етістіктің неше шағы бар?

    А) үш шағы    Ә) төрт шағы    Б) екі шағы

  3. 3) Етістік деген не?

    А) заттың атын білдіретін сөздер    Ә) заттың қимылын, іс-әрекетін білдіретін сөздер

  4. 4) Етістікті тап.

    А) қоян, бес, әдемі    Ә) жүрді, тұрды, күлді

  5. 5) Етістіктің жіктелуі деген не?

    А) жекеше, көпше түрде жіктеу    Ә) етістікке жіктік жалғау жалғанып өзгеруі

7) Үй тапсырмасы

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау.

8) Бағалау

Формативті бағалау.

9) Рефлексия

Сабақтан алған әсерлері мен ұсыныстары туралы қысқаша жазу.