Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын

Буын. Буынның түрлері (5-сынып)

Сабақтың мақсаты

  • Оқушыларға буын түрлері туралы білім қалыптастыру.
  • Сөзді буынға бөліп оқуға және жазуға үйрету.
  • Буын түрлерінің жасалу жолдарын нақты ажырата білуге дағдыландыру.
  • Жаттығулар мен мысалдар арқылы буын түрлерін анықтау дағдысын дамыту.

Сабақ туралы

Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері
Түсіндіру, баяндау, СТО элементтері, сұрақ-жауап, әңгімелеу, тест жұмысы, сөздікпен жұмыс
Көрнекіліктер
Сызба кестелер, тест парақтары, әріптері бар шарлар, ноутбук, үлестірмелі қағаздар
Күтілетін нәтиже
Оқушылар буын түрлерін ажырата алады және сөзді буынға дұрыс бөледі.

I. Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру

  • Амандасу.
  • «Тәуелсіздікке 25 жыл» тақырыбы бойынша шағын әрекет: оқушылар өз фотоларын жабыстырады.
  • Үй тапсырмасын тексеру, сұрақтар қою.

Қайталау: қандай сөздер тасымалданбайды?

  1. Бір буынды сөздер: от, кел, қарт.
  2. Сөздің бір әрпі келесі жолға тасымалданбайды: ата, аю, сия.
  3. Қысқартылып жазылған кісі атын фамилиясынан бөліп тасымалдауға болмайды (мысалы: А. Құнанбаев).
  4. Қысқартылып жазылған өлшем атауларын саннан бөліп тасымалдауға болмайды.
  5. АҚШ, ҚР сияқты қысқарған сөздер тасымалданбайды.

II. Мағынаны тану

Негізгі ұғым: буын

Буын — сөз құрамындағы бір немесе бірнеше дыбыстың тобынан жасалған фонетикалық бөлшек. Дауысты дыбыс жеке өзі буын бола алады, ал дауыссыз дыбыстар жеке тұрып буын құрай алмайды.

Сөз құрамында қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.

Ашық буын

Жалғыз дауыстыдан құралған немесе дауыссыздан басталып, дауыстыға аяқталған буын.

Мысалдар: а-ға, қа-ла, ба-ла

Тұйық буын

Дауыстыдан басталып, дауыссызға аяқталған буын.

Мысалдар: ант, ет, от, аң, ай

Бітеу буын

Дауыссыздан басталып, дауыссызға аяқталатын буын.

Мысалдар: нар, бал, нан, тас, бас, қарт, өрт

Тәжірибелік жұмыс: «Шардағы әріптер»

  • Оқушылар әріп жазылған шарларды алады.
  • Мұғалім буындарды атағанда, оқушылар тізбектеліп тұрады.
  • Тапсырма: дауысты және дауыссыз әріптерді таңдаған оқушылар 3 сөз құрастырады.
  • Оқушылар бір-бірінің сөздерін буын түріне талдайды.

Жаттығу 296

«Ереуіл атқа ер салмай…» (М. Өтемісұлы) Тапсырма: мәтіннен сөздердің буын санын анықтау.

Дәптермен жұмыс: тарихи сөздер

  • са-дақ
  • қо-рам-сақ
  • қо-зы жа-уы-рын

Сөздікпен жұмыс

Қозы жауырын
Көлемі қозының жауырынындай садақ оғы.
Қорамсақ
Садақ оғы салынатын қаптың бір түрі.
Беркініп-бекініп
Мақсат қойып, нық шешімге келу мағынасында.

Ескерту: сөздік анықтамаларын папкаға салып қою. Келесі сабақта міндетті түрде сұралады.

Жаттығу 297

I. Оқу тапсырмасы

Мәтінді буынға бөліп оқыту.

II. Аңшылық туралы мақал-мәтелдер

  1. Аң атпаған атынан көреді, ата алмаған мылтығынан көреді.
  2. Аңды ерінбеген атады, я көрінбеген атады.
  3. Шын аңшының алдына аңның өзі келеді.
  4. Аң мен құс — елдің сәні.
  5. Құс жаңылып торға түсер, ер жаңылып қолға түсер.
  6. Құсты алғанынан салғаны қызық.

Жазылым тапсырмасы: Қазақстанда тіршілік ететін құстар

Құстардың атауларын жазып, олардың ішінен 2 құс атауын буын түріне қарай талдаңыз.

тоқылдақ бұлбұл қаз үйрек қырғауыл тырна жапалақ үкі бөдене бозторғай шымшық сауысқан лашын ителгі ұлар дуадақ қарлығаш

Сергіту сәті

  • «Кірпі» бейнесі арқылы қысқа ойын ұйымдастыру.
  • «Қара жорға» би қимылдарын орындау.
  • Кірпінің «алмаларына» жауап беру: жеміс-жидектерді буын түріне талдау.

1)

АЛ-МҰРТ, ШИЕ

2)

ЖҮ-ЗІМ, Ө-РІК

3)

ҚҰЛ-ПЫ-НАЙ

4)

АЛ-ХО-РЫ, А-НАР

5)

МАН-ДА-РИН

6)

ШАБ-ДА-ЛЫ

Ойын: «Екінші буыным қайда?»

Берілген сөздердің буынға бөлінуін анықтап, буын түрлерін атаңыз:

ҚАЛА ЖАҢА АҚҚУ ТАРА КИНО ҰСТАЗ МЫСЫҚ ЖЫЛҚЫ ҚАЙЫҚ БАЛА АСПАН ҚАСҚЫР БҰЛАҚ

Жаттығу 303: «Топтастыру» әдісі

Әл-Фараби Отырар қаласында дүниеге келген. 150-ге тарта ғылыми еңбек жазған. «Екінші ұстаз» атанған.

Ол — ойшыл, математик, физик, музыкант, лингвист. Тапсырма: мәтіндегі сөздерді буынға бөліп, буын түрлерін анықтау.

III. Талдау және бекіту

Тест сұрақтары

  1. 1) «Құмырсқа» сөзінде неше буын бар?

    A) 1    Ә) 2    Б) 3

  2. 2) «Бас» қандай буын?

    A) Ашық    Ә) Бітеу    Б) Тұйық

  3. 3) «Қа-ла» сөзіндегі буындар қай түрге жатады?

    A) Ашық    Ә) Бітеу    Б) Тұйық

  4. 4) «Ант, от, ер» сөздері қай буынға жатады?

    A) Ашық    Ә) Бітеу    Б) Тұйық

  5. 5) «А-на» сөзіндегі «А» буыны қай түрге жатады?

    A) Ашық    Ә) Бітеу    Б) Тұйық

Оқушылар жұмыстарын өзара тексереді.

Кері байланыс

«Қарлығаш» бейнесіне сабақ туралы пікірін жазады: не ұнады, не ұнамады, қандай ой түйді, нені білді. Жазбаларды тақтаға іледі.

Бағалау және үй тапсырмасы

  • Оқушыларды бағалау.
  • Үйге тапсырма: 306-жаттығу.

Автор туралы

Мұғалім

Меруерт Ешниязова Жеткербаевна

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Мекеме

Батыс Қазақстан облысы, Зеленов ауданы, Егіндібұлақ ауылы

Егіндібұлақ жалпы орта білім беретін мектебі