Алтынсарин кім
Игілік ауылы • Т. Аубакиров мектебі
Пәні: Әдебиеттік оқу (3-сынып)
Сабақ тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин — «Өзен»
Дайындаған: Мырзаева Р.
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: «Өзен» өлеңі арқылы табиғатты сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
- Өлең жолдарын мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастыру.
- Өлеңнің негізгі ойы мен идеясын ұғындыру.
- Өзеннің пайдасы мен адам өміріндегі маңызы туралы әңгімелеу.
Сабақ форматы
- Сабақтың түрі
- Аралас
- Әдіс-тәсілдер
- Жаңа білімді меңгерту, диалогтік оқыту, сыни тұрғыдан ойлау, бағалау
- Көрнекіліктер
- Стикерлер, сызбалар, слайдтар
- Негізгі идея
- Туған өлкесін сүю, елге құрмет, әрекетті жоспарлау
Күтілетін нәтиже
Ынтымақтастық
Оқушылар бір-біріне және өзіне жылу сыйлап, жағымды орта қалыптастырады.
Қызығушылық
Бұрынғы білімін еске түсіріп, оқу үдерісіне ынтасы артады.
Өзіндік бағалау
Топта пікір білдіріп, өзіне сенімді болады және өзара бағалауға дағдыланады.
Топқа бөлу
- 1-топ Абай ауылы
- 2-топ Ыбырай ауылы
- 3-топ Ахмет ауылы
Психологиялық дайындық
Қазақ тілім — өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
Өткенді пысықтау: «Миға шабуыл»
- 1) Абайдың үйін әдемі етіп ұстаған кім?
- 2) «Ер еңбекте сыналады» деген сөз қай шығармада айтылған?
- 3) «Тұңғыш ғарышкер» кімнің шығармасы?
- 4) «Асау өзен арқырап, асқар таудан дүркіреп. Айдын жатыр жарқырап, алды дала бір түлеп…» — бұл шумақ кімнің өлеңінен алынған?
Жаңа сабақ
1) Қызығушылықты ояту
Әрбір оқушы білімді бар ынта-жігерімен және жүрегімен қабылдауы керек. Осы мақсатта білімді қалай меңгеріп жүргенімізді «Білімге деген махаббат» ойыны арқылы тексереміз.
Сөзжұмбақ
- 1) Гималай — …
- 2) Жеміс атауы — …
- 3) Суда тіршілік етеді — …
- 4) Жәндік — …
- 5) Аспан әлемі — …
- 6) Киелі құс — …
- 7) Жердің беткі қабаты — …
2) Тұлғамен танысу: Ыбырай Алтынсарин
Өмір сүрген жылдары
1841–1889
Қызметі
Ақын, ағартушы, ғалым, жазушы
Еңбегі
«Қазақ хрестоматиясы»
Тарихи үлесі
Тұңғыш мектеп ашқан педагог
Ыбырай Алтынсарин Қостанай облысында дүниеге келген. Ол 5 жасында ата-анасынан айырылып, атасы Балғожа бидің тәрбиесінде өседі. Кейін атасы оны Орынборға оқуға жібереді. Сол кезде кішкентай Ыбырай сағынышын хат арқылы білдірген екен.
Үміт еткен көзімнің нұры, балам,
Жаныңа жәрдем берсін хақ тағалам.
Атаң мен анаң мұнда аман-есен,
Сүйіп сәлем жазады бүгін саған.
«Ата-анамды сағындым» деп аһ ұрарсың,
Білімге көңіл бөлсең, басыларсың.
Білімді қатарыңнан болсаң егер,
Ата-анаңды сонда ғана асырарсың.
3) Сұрақтарға жауап бер
- 1) Абай кімнің немересі?
- 2) Абайдың әжесі кім?
- 3) Абайдың қандай поэмаларын білесің?
- 4) Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?
Қосымша ақпарат: Қазақстан өзендері
Қазақстанда 85 мыңнан астам ірілі-уақты өзен бар. Солардың ішінде ұзындығы 1000 км-ден асатын 7 ірі өзен ерекшеленеді:
| Өзен | Ұзындығы |
|---|---|
| Ертіс | 4242 км |
| Тобыл | 1600 км |
| Жайық | 2428 км |
| Есіл | 2450 км |
| Сырдария | 2212 км |
| Іле | 1400 км |
| Шу | 1186 км |
Өзеннің пайдасы
- Кеме қатынасына және жүк тасымалдауға қолайлы.
- Суы мен балығы тұрмысқа және шаруашылыққа пайдаланылады.
- Электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.
Мысалдар
Ертіс
Ертіс өзенінің суы электр энергиясын өндіруге пайдаланылады. Өзен бойымен Қытай шекарасына дейін жетуге болады.
Сырдария
Сырдария Тянь-Шаньнан бастау алады. Қазақстандағы ең лайлы өзендердің бірі. 1974 жылдан бері Арал теңізіне құймайды.
Сергіту сәті
Отырайық жүрелеп,
Өзенге қармақ салайық.
Орнымыздан түрегеп,
Балық аулап алайық.
Сабақты бекіту
- 1) Ы. Алтынсарин кім?
- 2) Ы. Алтынсарин кімнің тәрбиесінде болған?
- 3) Атасы оны қайда оқуға жіберді?
- 4) Ақынның қай өлеңімен таныстық?
- 5) Адам өміріндегі өзеннің пайдасы қандай?
- 6) Қазақстандағы өзендерді ата.
Сабақ барысында слайд материалдары қолданылады (слайдты жүктеу).