Ақпараттық диктант
Тақырыбы
PAINT графикалық редакторын қорытындылау
Сабақтың мақсаты
Білімділік мақсаты
Білім алушылардың PAINT графикалық редакторында жұмыс істеу дағдыларын анықтау және редактордың мүмкіндіктері туралы алған білімдерін жинақтау.
Тәрбиелік мақсаты
Өткен сабақтардағы білімді бекіте отырып, әсемдікке, ұқыптылыққа, адамгершілікке, тапқырлыққа және компьютерлік сауаттылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты
Редакторды толық меңгеруге көмектесу; сабақ барысында жылдам әрі тиянақты жұмыс істеу дағдыларын, логикалық ойлауды және танымдық қабілеттерді дамыту.
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Сабақтың түрі
- Қорытынды сабақ
- Сабақтың әдісі
- Сұрақ-жауап, практикалық жұмыс
- Көрнекілігі
- Дербес компьютер, проектор, слайд, карточка, тест
Сабақтың барысы
- 1 Ұйымдастыру
- 2 Блиц сұрақтар
- 3 Сәйкестендір
- 4 Қалыспай қайтала
- 5 Ақпараттық диктант
- 6 Жұмбақталған сурет
- 7 Тест
- 8 Үйге тапсырма: эссе — «Қиялдағы бояулар»
- 9 Қорытындылау
- 10 Бағалау
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа дайындығын тексеру.
2) Блиц сұрақтар
Өткен материалдар бойынша слайд арқылы сұрақтар қойылады. Оқушылардың жауаптары тыңдалып, дұрыс жауап слайдтан көрсетіледі.
Қойылатын сұрақтар
- PAINT графикалық редакторы дегеніміз не?
- PAINT графикалық редакторын іске қосу әрекеттерінің тізбегін ата.
- PAINT терезесінің негізгі элементтерін көрсет.
- Палитраның міндеті қандай?
- Үнсіз келісім (әдепкі) бойынша қандай түстер орнатылады?
- Кескін түсін қалай таңдауға болады?
- Фон түсін қалай таңдауға болады?
- Сурет салу кезеңдерін ата.
- PAINT графикалық редакторында қанша құрал бар?
Жағдаяттық сұрақ (Мысық сұрақ қояды)
Мысық бірнеше күн бойы PAINT графикалық редакторында сурет салып, оны Күшіктің туған күніне сыйламақшы болды. Сурет дайын болуға жақындағанда, бояуы төгіліп, бүкіл суретті жауып кетті. Жаңа сурет салуға уақыты жоқ. Оған қалай көмектесеміз?
- Соңғы әрекетті қалай қайтарамыз?
- Мысық кеңестерге қуанып, бір рет орындаудың орнына үш рет орындап, суреттің ең маңызды бөліктерін жоғалтып алды. Ол тағы да жылап отыр. Енді қалай көмектесеміз?
3) Сәйкестендір
Құралдар тақтасындағы құралдардың суреті мен атауы араластырылып беріледі. Оқушы көрсеткіш (тілше) арқылы дұрыс сәйкестікті белгілейді.
4) Қалыспай қайтала
Практикалық тапсырма
Экранда слайд арқылы екі сурет салынады. Оқушылар қадамдарды қалдырмай, дәл қайталап отырады.
5) Ақпараттық диктант
- Термин Компьютерлік өшіргіш (ластик)
- Іс-әрекет Экранды бірден тазарту Рисунок → Очистить
- Іс-әрекет Экранда жоқ саймандар тақтасын орнату Вид → Панель инструментов
- Түс ұғымы Түстер гаммасы (палитра)
- Сұрақ Windows операциялық жүйесін ойлап тапқан фирманың атауы Microsoft
6) Жұмбақталған сурет
Оқушылар жұмбақтың жауабын тауып, сол жауапқа сәйкес суретті салады.
1-жұмбақ
Ұйықтайды ұлы түнде, күндіз қызы,
Жүргенде білінбейді басқан ізі.
Жауабы: Күн мен ай
2-жұмбақ
Қанаты бар, ұшпайды,
Жұрт айламен ұстайды.
Жауабы: Балық
3-жұмбақ
Қанаты жоқ, жаны бар,
Гүл іздеп сабылар.
Жауабы: Көбелек
7) Тест
Тақырып бойынша білімді бекітуге арналған тест тапсырмалары орындалады.
8) Үйге тапсырма
Эссе
Тақырыбы: «Қиялдағы бояулар»
9) Қорытындылау
Сабақта өткен негізгі ұғымдар мен дағдылар қорытындыланып, жиі кездесетін қателер талданады.
10) Бағалау
Оқушылардың жауаптары мен практикалық жұмыстары бойынша бағалау жүргізіледі.