Дара анықтауыш
Қазақ тілі • 8-сынып
Сабақ тақырыбы: Пысықтауыш
Сабақтың мақсаты
- Білімділік: пысықтауыш және оның мағыналық түрлері туралы нақты мәлімет беру.
- Дамытушылық: ой-өрісті, ойлау белсенділігін, сөйлеу шеберлігін, тіл мәдениетін дамыту.
- Тәрбиелік: елін, жерін, Отанын сүюге баулу, патриоттыққа тәрбиелеу.
Сабақ форматы
- Типі
- Жаңа білімді меңгерту
- Түрі
- Қалыпты сабақ
- Әдісі
- Түсіндіру, сұрақ-жауап
Ресурстар мен байланыс
- Көрнекілігі: кесте, тірек сызба, Ж. Аймауытовтың «Ақбілек» шығармасы, интерактивті тақта.
- Пәнаралық байланыс: әдебиет.
Сабақтың барысы
Жоспарланған уақыт: 25 минут
I. Ұйымдастыру
2 минут
- Сәлемдесу.
- Кезекшінің мәлімдемесі.
- Жаңа сабаққа дайындық.
II. Үй тапсырмасын сұрау
8 минут
«Адамның жақсы, жаман болмағы – өзінен» тақырыбында берілген ойтолғауды тексеру. Өткен сабақтарды еске түсіру мақсатында оқушыларға сұрақтар қою.
Сұрақ:
Анықтауыш дегеніміз не? Мысал келтір.
Жауап: Сөйлемде зат есімнен немесе заттық ұғымда жұмсалған басқа да сөз таптарынан болған мүшелерді сындық, сапалық, сандық, иелік жағынан сипаттайтын тұрлаусыз мүшені анықтауыш дейміз.
Сұрақ:
Анықтауыш құрылысына қарай нешеге бөлінеді?
Жауап: Анықтауыш құрылысына қарай үшке бөлінеді: дара, күрделі, үйірлі.
Сұрақ:
Дара және күрделі анықтауышқа мысал келтір.
Дара анықтауыш: Құстар шыршалы орманды жақсы көреді.
Күрделі анықтауыш: Қылқан жапырақты ағаштың ең үлкені — алып қарағай.
Тапсырма:
Анықтауышты қатыстырып сөйлем құрастыру.
Оқушы жауабы үшін орын.
III. Жаңа сабақты түсіндіру
15 минут
Дәптерлеріңізді ашып, күн ретін және жаңа сабақтың тақырыбын жазыңыздар.
Пысықтауыш дегеніміз не?
Пысықтауыш — етістіктен болған баяндауышты мекен, мезгіл, сын-қимыл, себеп, мақсат жағынан айқындайтын сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі.
Мысал: «Ол үйге жүгіріп кірді» сөйлемінде жүгіріп сөзі «Қайтіп?» сұрағына жауап беріп, қимылдың сынын білдіреді.
Пысықтауыштың негізгі белгілері
1) Мағынасы
Іс-қимылды мезгіл, мекен, мақсат, сын-қимыл, себеп, мөлшер жағынан пысықтайды.
2) Сұрақтары
3) Байланысу түрлері
- Меңгеру
- Жанасу
- Қабысу
Ескерту: негізгі анықтамалар мен белгілерді интерактивті тақтада тірек сызба түрінде көрсету ұсынылады.