Перспектива заңдылықтарын көрсет
Сабақтың бағыты
Тақырып
Перспектива туралы түсінік.
Сабақтың мақсаты
Үйлестіру заңдылықтары туралы мәлімет бере отырып, перспектива заңдылықтарын меңгерту.
Күтілетін нәтиже
Көлемдік-кеңістік композицияларын құрастырады, сәулет-дизайн нысандарын (графикада және көлемде) үлгілейді.
Сілтеме
«Бейнелеу өнері» оқулығы, 6-сынып. Қосымша: интернет материалдары.
Көрнекіліктер
Суреттер, интербелсенді тақта.
Пәнаралық байланыс
Тарих, әдебиет, сурет.
Ұйымдастыру кезеңі
- 1 Ұйымдастыру.
- 2 Бағалау кезеңі.
- 3 Үй тапсырмасын беру.
Теория: БІЛУ
(Кім? Не? Нені? Қашан? Қандай? Қалай? Не істеді?) — Төмендегі тест тапсырмаларын орындаңыз.
Тест
-
1) Көркем шығарма бөліктерінің орналасуы мен олардың бірлігін атаңыз.
- A. Пропорция
- B. Перспектива
- C. Композиция
-
2) Пропорция дегеніміз — …
- A. Картинадағы айырмашылық
- B. Картинадағы тепе-теңдік
- C. Түстердің теңдігі
-
3) Композициялық орталық картинада қай жерде орналасады?
- A. Ортасында
- B. Кез келген жерінде
- C. Оң жақ төменгі бұрышында
-
4) Композиция деген нені білдіреді?
- A. Толықтыру
- B. Көрінбейтін сызық
- C. Картина
-
5) Ғимараттың ішкі көрінісі қалай аталады?
- A. Экстерьер
- B. Интерьер
- C. Композиция
Жаңа тақырыпқа кіріспе сұрақтар
Ұғымдарды анықтап, сабақтың тақырыбын ашайық.
- 1 Табиғат көрінісі бейнеленген көркем шығарма.
- 2 Кемпірқосақтың жеті түсін пайдаланып, түрлі тәсілмен салынатын өнер түрі.
- 3 Теңіз табиғатын бейнелеу.
- 4 Басты әсерлегіш құралдары көлем мен пішін болып табылатын бейнелеу өнерінің түрі.
- 5 Бояуларды араластыратын тақтайша.
- 6 Адам келбеті бейнеленген көркем шығарма.
- 7 Арнайы негізгі түске (фонға) жапсыру арқылы бейнелеу туындысын жасаудың тәсілі.
- 8 Француз тілінен шыққан, өлі табиғаттан құралатын композиция.
- 9 Орындалу техникасында сызық, штрих, таңба негізгі әсерлегіш құрал болатын бейнелеу өнерінің түрі.
- 10 Суретшінің өзін-өзі бейнелеуі.
- 11 Суға жақсы еритін мөлдір бояу.
Теория: ТҮСІНУ
(Неге? Неліктен? Себебі? Не үшін?) — Бақылау арқылы түсіндіріңіз.
Ой қозғау сұрақтары
- Алыста тұрған үй мен жақында тұрған үйдің қайсысы үлкен болып көрінеді?
- Тоқ сымдары қашықта қалай «жақындасып» көрінеді?
- Рельстің бойымен қарасаң, олар қалай орналасып көрінеді?
Негізгі қорытындылар
-
1) Зат бізден неғұрлым алыс тұрса, соғұрлым кішірейіп көрінеді.
-
2) Параллель сызықтар алыстаған сайын арасы жақындап, көкжиекте бір нүктеге тоғысқандай болады.
Теория: ТАЛДАУ
Перспектива ұғымы
Перспектива — кеңістікті бейнелеу тәсілдерінің заңдылықтары. Латын тілінен аударғанда «арғы-бергі жақты айқын көру» деген мағынаны білдіреді.
Перспектива заңдылықтарын зерттеуге неміс суретшісі Альбрехт Дюрер үлкен үлес қосқан.
Дақ, фактура және нүктелік жазу
Суретшілер дақ арқылы әртүрлі материалдардың беткі фактурасын (бет құрылымын) көрсете алады. Дақ көмегімен көңіл күй де беріледі: ол екпінді әрі кең, алымды, қысқа да нәзік, өткір де қуатты болуы мүмкін.
Әрбір суретшіге, тіпті жаңадан бастаған талапкерге де түстерді араластыру мен қолданудың негізгі заңдылықтарын білу маңызды.
Нүктелік жазуға негізделген тәсілді суретшілер пуантилизм (нүктемен сурет салу) деп атайды. Француз тіліндегі point сөзі «нүкте» дегенді білдіреді. Қысқа дақ шынында да нүктеге ұқсайды.
Теория: ЖИНАҚТАУ
Салу барысында сақталуы тиіс талаптар
- 1 Қаламды дұрыс ұштау.
- 2 Дәптерді дұрыс ұстау.
- 3 Тепе-теңдікті сақтау.
- 4 Композицияны (компоновканы) дұрыс құру.
- 5 Түстерді дұрыс таңдау.
- 6 Жарық пен көлеңкені айқындау.
Практика: ҚОЛДАНУ
Қысқа сұрақтар
-
1) Перспектива дегеніміз не?
-
2) «Перспектива» сөзі қай тілден шыққан?
-
3) Перспектива заңдылықтарын зерттеуге үлкен үлес қосқан кім?
-
4) Перспективаның неше түрі бар?
Сәйкестендіру тапсырмасы
Сол жақтағы ұғымдарды оң жақтағы анықтамалармен сәйкестендіріңіз.
1) Тұтас көру
Ә. Бейнелейтін дененің бір қырынан қарай отырып, көрінбейтін жағын толық көз алдыңа елестету.
2) Перспектива
Б. «Тасадан көру».
3) Перспектива заңдылықтарын көрсет
А. Зат бізден алыс тұрса, ол кішкентай болып көрінеді.
4) Параллель сызықтар алыстаған сайын
Г. Олар бір-біріне жақындап, кішірейіп көрінеді.
5) Көкжиек сызығы
В. Суретшінің көз деңгейін білдіретін өлшем.
Практика: БАҒА БЕРУ
Рефлексия
-
1) Сабақта маған мына білімдер қажет болды: …
-
2) Маған қиындық туғызған тұстар: …
-
3) Мен сабақтан түсінгенім: …
Үй тапсырмасы
Жеміс-жидектен құралған натюрмортты пуантилизм әдісімен орындау.
Қажет болса, толық нұсқасын жүктеңіз.
Толық нұсқасын жүктеу