Ережелер сұрау

Қазақ тілі (4-сынып): Буын үндестігі

Бұл сабақта оқушылар қосымшалардың түбір сөзге соңғы буынның жуан не жіңішке болуына қарай сәйкес түрде жалғанатынын түсінеді және сол ережені тәжірибеде қолдануды үйренеді.

Жалпы мақсат

Қосымшалардың түбір сөзге соңғы буынның жуан немесе жіңішкелігіне қарай жуан не жіңішке болып жалғанатынын ұғындыру. Оқушылардың берілген сөздерге сәйкес қосымшаны дұрыс жалғай алу дағдысын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже

  • Оқушылар сөзді буынға бөліп, соңғы буын жуан болса — жуан қосымша, жіңішке болса — жіңішке қосымша жалғанатынын біледі.

  • Ереже бойынша талдау жасап, берілген сөздерге қосымшаларды дұрыс жалғай алады.

Түйінді идея

Оқушыларды сыни ойлауға жетелеу: ережені жаттап қана қоймай, оны мысал арқылы дәлелдеп, өз ойымен түсіндіру.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

5–7 минут

Мұғалімнің іс-әрекеті

  • Оқушыларды ортаға шақырады.
  • Сыныпты топтарға бөледі: гүлдер, үйлер, себеттер суреттерін таратады.

Оқушылардың іс-әрекеті

  • Шеңбер болып тұрып, бір-біріне күлімсіреп, жылы лебіз білдіреді.
  • Суреттер бойынша үш топқа бөлінеді: I топ — «Гүлдер», II топ — «Үйлер», III топ — «Себеттер».

II. Үй тапсырмасын сұрау

7–10 минут

Қайталау сұрақтары

  • Түбір туралы ереже
  • Жұрнақ туралы ереже
  • Жалғау туралы ереже

«Сөйлесу жібі» / «Бір сабақ жіп» стратегиясы

Мұғалім оқушыларға кезекпен жіп ұсынады. Жіпті алған оқушы оны саусағына орап тұрып, ережені айтады және мысал келтіреді.