Мен көшедемін (Слайд)

Мен көшедемін (слайд)

Көшеде жүргенде қауіпсіздік ережелерін сақтау өте маңызды. Жүріп келе жатқан көліктің алдынан жүгіріп өтпеңіз. Жолды тек жаяу жүргінші өткелінен ғана өтіңіз немесе жер асты өткелін пайдаланыңыз.

Бағдаршам ережелері

Бағдаршам — жолдағы көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысын реттейтін құрылғы. Жолды тек бағдаршамның жасыл белгісі жанғанда ғана өтіңіз.

Қызыл

Қызыл жанғанда — тоқтау керек.

Сары

Сары жанғанда — дайындалу керек.

Жасыл

Жасыл жанғанда — жүруге болады.

Есте сақтаңыз

  • Жолды жаяу жүргінші өткелінен өтіңіз.
  • Қажет болса, жер асты өткелін пайдаланыңыз.
  • Көліктің алдынан жүгіріп өтпеңіз.
  • Бағдаршамның жасыл белгісін күтіңіз.

Ғажайып су әлемі (слайд)

«Ғажайып су әлемі» тақырыбындағы слайд материалын жүктеу бөлімі.