Мақал - мәтел сайысы

Байқау туралы

«Ана тілің – арың бұл!» атты мәнерлеп оқу сайысы оқушыларды мемлекеттік тілдің қадір-қасиетін түсінуге, оны құрметтеп сүюге, тіл мәртебесін биік ұстауға үндейді. Сонымен қатар әр ұлттың өзіндік ерекшелігі, салт-дәстүрі, діні және тілдік болмысы бар екенін ұғындыруды көздейді.

Негізгі мақсат

Мемлекеттік тілдің өркендеуіне үлес қосу, тілге жанашырлық пен жауапкершілікті қалыптастыру.

Дамытушылық бағыт

Ой-өрісті кеңейту, дүниетанымды тереңдету, сөздік қорды молайту, сөйлеу мәдениетін шыңдау.

Сайыстың ашылуы

І жүргізуші

Қайырлы күн! Ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары!

ІІ жүргізуші

Армысыздар, өрлі де асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары! Қазақстан Республикасы халықтарының Тілдер күніне арналған мәнерлеп оқу сайысын ашық деп жариялаймыз!

Әнұран орындалады.

І жүргізуші

Қайта туды қазағымның ай-күні,
Күннен-күнге асар ма екен айбыны?
Жетпіс жылда өтті талай кешуден,
Қатар көріп шаттық, табыс, қайғыны.

ІІ жүргізуші

Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,
Қажеті не басқаның өлшемінің.
Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,
Енді міне, жетеді көпке үнім.

Осы өлең жолдарымен мәнерлеп оқу сайысына қатысушыларды таныстырамыз. Байқау 8-сынып оқушылары арасында өтеді.

Қатысушылар

.....................

Әділқазылар алқасы

Сайыс басталмас бұрын әділқазылар алқасымен таныстырамыз.

Аты-жөні: ..................................

Аты-жөні: ..................................

Аты-жөні: ..................................

Сайыс кезеңдері

Сайыс 3 кезеңнен тұрады. Әр кезеңде оқушылардың тіл мәдениеті, көркем оқу шеберлігі және ұлттық құндылықтарды тануы бағаланады.

І кезең

Өлеңді мәнерлеп оқу

Қазақ тіліне қатысты өлеңдерді нақышына келтіріп, көркем әрі мәнерлі оқиды. Қай топ өлеңді әсерлі жеткізіп, өлең саны көбірек оқыса, сол топ жеңімпаз атанады.

Жүргізуші сөзі

Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ — ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың.
Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,
Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың.

Әр топ шығып, өлеңдерін оқиды.

ІІ кезең

Мақал-мәтел сайысы

Туған жер, Отан, ел тақырыбындағы мақал-мәтелдерді айтып жарысады. Берілген уақыт ішінде көбірек мақал-мәтел айтқан топ жеңіске жетеді.

Жүргізуші сөзі (Мұқағали Мақатаев)

Десек те, жаңа өмір, жаңа заман,
Жақсы ғой бірін-бірі бағалаған.
Түйсіксіз тайлақтардан сақта, Құдай,
Тайраңдап алды-артына қарамаған.

Қарағым, ата-бабаң момын халық,
Өтіпті бір-бірінің жолын бағып.
Өсиетін бабаңның орындай сал,
Одан ешкім кетпейді тоныңды алып.

ІІІ кезең

Жатқа мәнерлеп айту

Кез келген бір ақынның өлеңінен үзіндіні жатқа айтып, көркем оқу шеберлігін көрсетеді.

Жүргізуші сөзі (Абай)

Өзгеге көңілім, тоярсың,
Өлеңді қайтып қоясың.
Сені айтқанда толғанып,
Іштегі дертті жоясың.

Қорытынды

Осымен мәнерлеп оқу сайысымыз аяқталды. Назар қойып тыңдағандарыңызға көп-көп рақмет!