Жусан қандай өсімдік

Сабақтың мазмұны

Бұл сабақ «Жусанда туған жердің иісі бар» тақырыбы аясында құрылып, жуан және жіңішке жұп дауыстыларды тереңдетіп меңгертуге, мәтінді түсініп оқуға және жазу дағдысын жетілдіруге бағытталған.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік: жуан және жіңішке жұп дауыстылар туралы білімді кеңейту; мәтінді түсініп оқуға, жазуға дағдыландыру.
  • Дамытушылық: ойындар, ребустер арқылы ізденімпаздық пен шығармашылық қабілетті дамыту.
  • Тәрбиелік: туған жерге сүйіспеншілікті арттыру, рухани-адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу.

Ұйымдастыру

Көрнекіліктер
Суреттер, ребус суреттері, сызбалар, слайд.
Әдістер
Көрнекілік, сұрақ-жауап, өз бетімен және топтық жұмыс.
Пәнаралық байланыс
Тарих, бейнелеу өнері, өзін-өзі тану.

Үй жұмысын тексеру

Қастек Баянбайдың «Елің» өлеңін оқып, туған ел туралы өлең жолдарын жазып келу тапсырылған еді. Оқушылардың жазбалары туған жерге деген ықылас пен сағынышты айқын жеткізді.

Аңсардың жазбасы

Менің туған жерім өте әдемі. Ауыл Жайық өзенінің жағасында орналасқан. Жайықтың арғы бетінде тоғай бар. Туған жерім өзіме ыстық көрінеді.

Көктоғайым — туып-өскен мекенім,
Сен деп соғар кеудемдегі жүрегім.
Өтіп жатыр осында балғын шақтарым,
Жүрегімнен ақтарып жыр арнадым.

Жаннұрдың өлеңі

Құрты да, қаймағы да, шұбаты да,
Қымызы да, тарысы да — бәрі ауылда.
Ұзап кетсем, сапар шегіп алысқа мен,
Бәрі еске түседі сағынғанда.

Бағдарлау және мотивация

Сабақтың келесі кезеңі жаңа тақырыпқа қызығушылық оятуға және оқушыларды белсенді жұмысқа бағыттауға арналды. Негізгі тірек ой: туған жердің иісі — жусанның жұпарымен сезілетін сағыныш.

Топтық жұмыс: мәтінді бөліп оқу

Жаңа тақырып үш бөлікке бөлініп, әр топқа жеке тапсырма ретінде берілді. Әр топ өз бөлігін оқып, мазмұнын түсіндіріп, ортақ ойды жинақтады.

І топ

Баяғы заманда қазақтың Бейбарыс деген ұлын соғысқан елдің адамдары ұстап алып, құлдыққа сатып жіберіпті. Бейбарыс бүкіл өмірін араб елінде өткізіпті. Қайдан келгенін есіне түсіре алмапты.

ІІ топ

Бейбарыс өзінің мықтылығының арқасында әскербасы дәрежесіне жетіп, кейін патша болып, Бейбарыс сұлтан атанады.

ІІІ топ

Бір күні Бейбарыс сұлтан серуендеп жүріп өсіп тұрған жусанға көзі түседі. Жұлып алып иіскейді. Жусанның жұпар иісі туған жерін есіне түсіріп, оған деген сағыныш жүрегін толқытады. Қазақтағы «Жусанда туған жердің иісі бар» деген сөз осыдан қалған екен.

Ой қорыту және эвристикалық талдау

Топ — ұжымның негізі. Сондықтан бүгін ұжым болып батыр бабамыз туралы не үйренгенімізді ортаға салып, пікірлерді тыңдау арқылы мазмұнды тереңдеттік. Оқушылар өз ойларын дәлелдеп, негізгі түйінді анықтады: туған жерді ұмытпау, тамырды тану, сағынышты қадірлеу.

Сергіту сәті

Туған жердің иісін,
Сездік жусан шөбінен.
Бұл өсімдік киесін,
Көрдік жердің төрінен.

Таза ауамен тыныстап,
Бақытты жас баламыз.
Бұл жусанның өмірі,
Біздер үшін жыр-аңыз.

Сұрақ

Балалар, біз не сездік?

Жусанның иісін.

Оқулықпен жұмыс

Оқулықтағы 68-жаттығудың мазмұны бүгінгі тақырыппен үндес: жусан қандай өсімдік, ол біздің елде өседі ме, қандай ерекшелігі бар?

Тапсырмалар

1) Топтастыру

«Жусан» сөзін топтастыру әдісі арқылы өсімдікке сипаттама беріңдер: түсі, иісі, өсу ортасы, пайдасы, символдық мәні.

2) Жұмбақ

... жасап буғаным не?

Өреге кептіріп жайғаным не?

Құлағын бұрап тартқаным не?

Сәукелеге таққаным не?

Келіге түйіп ақтадым не?

Қолыма иіріп атқаным не?

3) Ребус

Суреттегі ат атауларының алғашқы әріптерінен сөз құрап жаз.

Шешуі: Туған жер

Қосымша: сөз ішіндегі жұп дауыстылардың астын сыз.

Рефлексия және бағалау

Сабақ қорытындысы тест тапсырмасы арқылы бекітілді: тиістісін қой (ұ – ү, ы – і, а – ә). Оқушылар жуан және жіңішке дауыстыларды ажыратып, сөздерді дұрыс толықтырды.

Тест үлгісі

Жуан Жіңішке
с...р с...р
с...н с...н
қ...р қ...р

Көңілді мәтінмен сырласу барысында (жай әуен аясында) Бейбарыстың ерлігі мен елге деген сағынышы туралы бейнематериал көрсетіліп, сезімдік байланыс күшейтілді.

Қорытынды

Қазақ «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» дейді. Бүгінгі мәтін мен тарихи дерек арқылы біртуар бабамыз Бейбарыстың туған жерге деген сағынышы жусан иісімен оянатынын ұқтық. Бабаларға лайық адал перзент болып, Отанды қадірлеу — бәрімізге ортақ парыз.

Үй тапсырмасы

«Туған жер», «Отан» туралы мақал-мәтелдер айтып келу.

Бағалау

Оқушылардың топтық жұмысқа қатысуы, жауаптарының нақтылығы және тест нәтижелері бойынша бағаланды.