День защиты детей

Халықаралық балаларды қорғау күні

Мереке «Пусть всегда будет солнце» маршының әуенімен басталады. Балалар қолдарына шарлар, гүлдер, көгершіндер ұстап шығып, шеңбер бойымен жүріп өтеді де, үш қатарға сап түзеп тұрады.

Жүргізуші 1

Құрметті әрі сүйікті балалар, ата-аналар және қадірлі қонақтар! Бүгін — Халықаралық балаларды қорғау күні. Мерекелерің құтты болсын, балалар! Құтты болсын 1 маусым — балаларды қорғау күні!

Тілек:

Сәбилердің зәресін бұлт алмасын,
Гүл-бәйшешек еш уақытта солмасын.
Ақ көгершін аспанымда қалықтап,
Барлық халық бейбіт күнін қолдасын.

Ведущий 2

Дети! Сегодня — 1 июня, День защиты детей. В этот день люди во всем мире поднимают голоса за счастье и мирную жизнь своих детей.

И наше государство делает всё, чтобы все дети Казахстана росли здоровыми и счастливыми.

Балалардың өлеңдері

1-бала

Балалардың бақшасында бүгін той!
Балаларды қорғау күні — біліп қой.
Алақай-ау, алақай,
Той тойлайық, балақай!
Қол соғайық, балақай!

2-бала

Гүлмен келсін келер күн,
Бала — бағы бар елдің.
Балалардың күлкісі —
Көркі, сәні әлемнің.

3-бала

Отан — біздің анамыз,
Әлпештеген, өсірген.
Өмір нәрін аламыз
Оның нұрлы төсінен.

4-бала

Біз — балдырған, тең басқан,
Дос құшағын кең ашқан.
Тілегіміз — бейбіт күн,
Ашық болсын кең аспан.

1 — ребенок

Много на свете народов,
Много на свете ребят.
Мира и дружбы — все на планете хотят.

Все хором

Мира и дружбы!

Танец

«Расчесочка»

Ана туралы сөз және ән

Жүргізуші 1

Ананың әрбір сөзі — ой талабы,
Жүректің тереңінде сақталады.
Өсеміз елін сүйген ұландар боп,
Ардақты ана еңбегі ақталады.

Ән: «Ақ мамам»

Клоун Федяның келуі және ойындар

Ведущий 2

Едет на велосипеде к нам веселый клоун Федя.

(Клоун Федя выезжает на велосипеде. К рулю привязаны воздушные шары. Делает круг, останавливается и здоровается с детьми.)

Клоун Федя

Я приехал к вам на праздник и приготовил воздушные шары в подарок для веселой детворы.

Вы все проявили старание — а теперь начинаем соревнования!

Клоун Федя

Я знаю, вы отлично умеете рисовать — сейчас вы можете показать свои таланты!

Но карандаши не справятся с такой работой: мои цветные мелки уже здесь, со мной.

Негізгі ой

Бұл мереке балалардың күлкісін, достықты, бейбіт аспанды және әр баланың бақытты балалық шаққа құқығын дәріптейді.