Ислам дінінің қасиетті, негізгі бас кітабы
М. Мақатаев атындағы №13 орта мектеп (МКМ)
Тарих пәні мұғалімі: Казербаева Гульнар Кулжабаевна
Құран және ислам негіздері
Мақсаты
Құран және ислам негіздерін жан-жақты талдап, түсіндіру және меңгерту.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылардың танымдық белсенділігі артады.
- Ой қорытындысын жасап, дәлелді пікір айта алады.
- Ізденіспен және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыланады.
- Өз ойын қысылмай, еркін жеткізеді.
- Командада бірлесе жұмыс істеуге үйренеді.
Сабақтың құрылымы
-
1
Ұйымдастыру кезеңі
Зейінді тұрақтандыру, тренинг, топқа бөлу.
-
2
Білу
«Миға шабуыл» арқылы бастапқы ұғымдарды жинақтау.
-
3
Түсіну
Жиксо, «Кім жылдам?», «Ыстық орындық» сұрақтары.
-
4
Қолдану
«Аквариумдағы алтын балық» ойыны, дерекпен жұмыс.
-
5
Жинақтау және қорытынды
Бекіту, рефлексия, сөзжұмбақ және тапсырмалар.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Тренинг: «Аяулы алақан»
Оқушылар шеңберге тұрады. Әрқайсысы сол жағындағы оқушыға «аяулы алақан» арқылы жылы лебізін білдіреді: «Мен саған ... тілеймін!»
Топқа бөлу
Үш түсті смайликтер қолданылады. Оқушылар таңдаған түсіне қарай топ құрайды.
Зейінді тұрақтандыру
Сыныптың жұмысқа дайындығы тексеріліп, сабақтың мақсаты айқындалады.
Сабақтың басы: «Білу» кезеңі
«Миға шабуыл» — ой қозғау
«Құран» және «ислам» сөздерін естігенде ойға қандай ұғымдар келеді?
«Түсіну» кезеңі: сұрақтар мен талқылау
«Кім жылдам?» — Жиксо әдісі
Топтар берілген сұрақтарға тез әрі дәл жауап беріп, ойларын негіздейді.
- Исламды ұстанушылар санының көп болуына қандай факторлар әсер етті?
- Дін адамға рухани «азық» бола ала ма?
- Қасиетті кітап деп нені атаймыз?
- «Ислам» сөзі нені білдіреді?
- Ислам дінінің басты қасиеті мен басты мақсаты қандай?
- Араб елдерінде Құран мемлекеттік заң ретінде қолданыла ма?
- «Шаһид» сөзі нені білдіреді?
- Этносаралық және конфессиялық келісім ұғымдарын қалай түсінесің?
«Ыстық орындық» — нақтылау сұрақтары
Оқушылар қысқа әрі нақты жауап беріп, дерекке сүйеніп сөйлейді.
- ШҚО-да қанша діни бірлестік бар?
- Рухани келісім күні қай күні атап өтіледі?
- Қазақстанның Бас мүфтиі кім?
- Құранда неше сүре бар?
- Құранда неше аят бар?
- Елімізде халықтар достығы қалай жүзеге асады?
- Нақтылау: Қазақстан халқы Ассамблеясы, өңірлік (кіші) ассамблеялар, Достық үйлері, ұлттық-мәдени орталықтар арқылы.
- Тәуелсіздік жылдары қанша мешіт салынды?
- Мұсылман үшін «үлкен сабыр мектебі» дегенді қалай түсінесің?
Сөздікпен жұмыс: негізгі ұғымдар
Алла
Исламдағы ұғым бойынша күллі ғаламның жаратушысы. Барлық іс Алланың құдіретімен жүзеге асады.
Уаһи
Хабар, аян. Құранның түсуі Жәбірейіл періште арқылы Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) жеткізілген.
Сахаба
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) жанында болып, уағыздарына және жорықтарына қатысып, исламның таралуына үлес қосқан серіктері.
Хафиз
Құранды толық жаттап, оны үнемі есінде сақтайтын адам.
Қари
Құранды жатқа оқып, қырағат (оқу мақамы) талаптарын сақтай отырып мәнерлеп жеткізетін адам.
Ғайып
Көзбен көрілмесе де, иман арқылы мойындалатын беймәлім әлем.
Сапиолла
Адам атаның шын аты ретінде берілген атау.
Уасуаса
Азғыру, күмән тудыру.
Дұға мен бата — ұлттық тәжірибе
«Батамен ер көгерер, жаңбырмен жер көгерер» деген халық даналығы дұға мен батаның тәрбиелік мәнін айқындайды. Қазақ дәстүрінде бата беру — ізгі тілек пен бірліктің көрінісі. Дұға тірілерге де, марқұмдарға да арналып оқылады.
Күнделікті өмірде дұға оқылатын жағдайлар:
- Бейіт басына барғанда — аруақтарға бағыштап.
- Қасиетті жұма күні — шелпек, садақа рәсімдерінде.
- Адам қайтыс болғанда — жаназа кезінде.
Сабақтың соңы: «Жинақтау»
Ой түю
Оқушылар сабақта үйренген ұғымдарын бекітіп, білімін жүйелейді және қорытынды жасайды.
Ш. Құдайбердіұлы:
«Адам атаулыны бір бауырдай қылып, бұл дүние мен о дүниеде жақсылықпен өмір сүргізетін жалғыз жол — осы мұсылман жолы».
Негізгі идея
Ислам — бейбітшілікке үндейтін дін: соғысты қаламайды, күш қолдануға қарсы, лаңкестікті айыптайды. Адалдыққа, адамгершілікке, қайырымдылыққа және еңбексүйгіштікке шақырады.
Әлемдік діндерді тану және сыйлау — халықтар арасындағы бірлікті нығайтып, қоғамдағы келісімді бекемдейді.
Түйін сөздер
Құран
Ислам дінінің негізгі кітабы; араб әдебиетінің классикалық үлгісі.
Мағына
Құранның құндылығы — тек сыртқы сәнінде емес, ішіндегі қасиетті сөзінде.
Дінтану
Дінді тану, түсіндіру және насихаттау арқылы сенімді сауатты негізде қалыптастыру.
«Дүние кілті — Құранда. Ішінде қазына жатыр: кілтті ал да, ашып қара. Құр сәнге қойғаннан пайда жоқ; пайдасы — ішіндегі қасиетті сөзінде».
«Қолдану» кезеңі: дерекпен жұмыс
«Аквариумдағы алтын балық» ойыны
Оқушылар оқулық және БАҚ материалдары негізінде ислам дінінің тәрбиелік мәні туралы ой бөліседі. Талқылауда ұлы тұлғалардың пікірлері мен әдеби мұралардан мысал келтіреді.
Әлем әдебиеті
Лев Толстой Құранмен терең танысып, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) пайғамбар екенін түсінгені жөнінде ой айтқан.
Аударма және ықпал
Құранды Гете неміс тілінде, Пушкин орыс тілінде, Абай мен Шәкәрім қазақ тілінде жырға қосқан.
Сұрақ
Шәкәрім Құдайбердіұлының иман жайлы жазған қандай туындысы бар? («Иманым»)
Мұқағали Мақатаев (Фатиха сүресі)
«Бізді тура жолға баста! Ізгілік бергендеріңнің жолына! Ашуға ұшырағандар мен адасқандардың жолына емес!»
Қорытынды: рефлексия және бекіту
Талқылау сұрақтары
- Сабақтың маңыздылығы неде?
- Оқушылар қандай білім мен дағды алады?
- Алдыңғы білімін қалай қолдана алады?
- Өмірлік тәжірибеге сабақтың ықпалы қандай?
- Болашақта бұл тақырып оқушыға қандай пайда береді?
Сөзжұмбақ (бекіту)
- Ислам дінінің қасиетті, негізгі кітабы.
- Меккеде мешіт салдырған, Абайдың әкесі.
- Әлемдік діндердің бірі.
- Меккеде сыйынатын қасиетті тас.
- Құран кітабының сүрелерінің бірі.
«Адасқан әріптер» тапсырмасы
Берілген әріптерді реттеп, тақырыпқа қатысты сөздер мен ұғымдарды құрастырыңдар.
Н Қ А Р Ұ М А С И Л М А М И У Н Д Т І А Н Т Ш Е І М
З М А Н А З Р П Ы А Е С Б
Ескерту: Слайд материалдары сабақта қосымша ресурс ретінде қолданылады.